
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Жария құқықтың негіздері
Әкімшілік құқық – мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру және оның атқару, өкім ету қызметінің процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы. Оның белгілері:
- құқықтың дербес саласы;
- мемлекеттік басқару саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттеуші;
- негізгі мазмұны – Қазақстан Республикасы мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының, олардың лауазымды тұлғаларының басқару қызметі.
Әкімшілік құқықтың пәнін басқарушы қоғамдық қатынастар құрайды. Құқықтың қай саласы болмасын құқықтық реттеудің құралы ретінде мынандай үш мүмкіндікті пайдаланады: өкілеттіліктер беру, тыйым салу, міндеттеу. Өкілеттіктер беру – құқықтық нормада көрсетілген жағдайда осы немесе басқа іс-қимылды өз еркіне байланысты жасауға заңды түрде рұқсат беру. Тыйым салу – құқықтық нормада танылған осы немесе басқа іс-қимылды жасамауға тікелей заңды түрде міндет жүктеу. Міндеттеу – әрекеттің белгілі бір түрін жасауға міндет жүктеу.
Әкімшілік құқық қызметтері
Реттеушілік қызметі |
Атқару билігінің орталық және жергілікті органдарының әрекеті тәртіпке келтіріледі. |
Құқық қорғау қызметі |
Тағайындалған құқықтық режимдерді сақтау және субъектілердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау қамтамасыз етіледі. |
Әкімшілік құқығы өз қызметтерін мынандай әдістердің көмегімен жүзеге асырады: бақылау, қадағалау, тексеру, әкімшілік мәжбүрлеу.
Әкімшілік құқықтың қайнар көзі ретінде Қазақстан Республикасының конституциясы, ҚР президенті мен үкіметі туралы, жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңдар қарастырылады. Онда әкімшілік құқықтық нормалар бекітіледі. Олармен реттелетін басқармашылық қоғамдық қатынастар әкімшілік-құқықтық қатынас деп аталады. Ол субъектілерден, объектіден және субъективті құқықтар мен заңды міндеттерден құралады. Әкімшілік құқықтық қатынас субъектілері – мемлекет, жеке тұлға, мемлекеттік орган, мекеме, кәсіпорындар. Олар өзара әрекеттестік дәрежесіне байланысты екіге бөлінеді: вертикалды, горизонталды.
Атқару билігі – біртұтас мемлекеттік биліктің заңға бағынышты тармағы. Оның құрамына үкімет, министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік комитеттер, әкімдіктер, мемлекеттік мекеме мен кәсіпорынның әкімшілігі жатады. Оның белгілері:
- жан-жақты, әмбебап сипатта болады;
- заң негізінде және соған сүйене отырып жүргізіледі;
- мемлекеттік қызметкерлер көмегімен іске асырылады;
Қылмыстық құқық – адамның құқықтары мен бостандығын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауға бағытталған, қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтың жеке саласы. Қылмыстық құқық жазамен қорқытып, тыйым салынуға тиіс әрекеттердің істелуінен туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Қылмыстық құқық қылмыс істеуіне байланысты адамдар арасында немесе адам мен қоғам арасында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қылмыстық құқық жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. Жалпы бөлімде қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері, қылмыстық жауапкершіліктің негізі, қылмыстық құрам туралы түсінік, қылмыстық заңның кеңістіктегі және мерзімдегі күші, әрекеттің қоғамға қаупін жоятын жайлар, сондай-ақ қылмыс істеу, қылмысқа қатысу, жазаның мақсаты, жүйелері, жаза тағайындау, қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босату жағдайлары қарастырылады.
Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары мен олар үшін белгіленетін жаза түрлері көрсетіледі.
Қылмыстық құқық функцияларына қорғау, сақтандыру, тәрбиелеу жатады.
Қылмыстық құқықтың негізгі функцияларына адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау; қоғамдық тәртіпті сақтау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету; қоршған ортаны бүлінуден қорғау; мемлекеттің аумақтық тұтастығын сақтау; бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау; қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау; сондай-ақ алдын алу шаралары жатады. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық жауапкершілік негіздері белгіленеді; жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті әрекеттердің қылмыстық мәні айқындалады; кінәлілерге жаза мен өзге де құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді.
Құқық жүйесіне енетін негізгі салаларға мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қаржылық, еңбек, отбасылық, қылмыстық, халықаралық және басқа салалар жатады.
Қылмыстық іс-жүргізу – қылмыстық іс жүргізу өндірісін, яғни қылмыстық істі қозғаудан бастап, оны алдын ала тергеу (тергеу мен анықтау), сотта қарап, талқылау және шешу, екінші саты сот деңгейлерінде қажет болғанда қайта қарап шешу тәртібін реттейтін арнайы құқық нормаларының жиынтығы. Екіншіден, қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылым саласы ретінде қылмыстық іс жүргізу құқығының негізгі институттары мен олардың проблемалық сұрақтарын зерттеуге бағытталған құқықтық идеялардың, тұжырымдардың ғылыми ой-пікірлердің жиынтығы. Ол заңнаманың өзін зерттейді, оны жетілдіруге де көмектеседі.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы – заңмен тиым салынған іс-әрекеттерді немесе қылмыстарды ашу, тергеу сотта жан-жақты қарап, әділ шешуге байланысты мемлекеттік арнаулы уәкілетті орган қызметін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.
-
Қылмыстық құқық негізіндегі теңдік қағидасының мәні
-
Қылмыстық құқық негізіндегі бұлтартпау қағидасы
-
Қылмыстық құқық негізіндегі әділет қағидасы
-
Қылмыстық құқық негізіндегі жеке кінәлі жауапкершілік қағидасы
-
Қылмыстық құқықтағы ізгілік қағидасы нені білдіреді?
-
Онша ауыр емес қылмыстарға қандай қылмыстар жатады?
-
Ауырлығы орташа қылмыстарға қандай қылмыстар жатады?
-
Ауыр қылмыс санатына не жатады?
-
Аса ауыр қылмыстар қатарына не жатады?
-
Қылмыстық заң бойынша негізгі жазалар
-
Қылмыстық заң бойынша қосымша жазалар
-
Қылмыстық заң бойынша аралас жазалар
-
Қылмыстық заң бойынша негізгі жазалар
-
Қылмыстық заң бойынша қосымша жазалар
-
Құқықтық құралдар күрделілік деңгейіне байланысты қалай жіктеледі?
-
Құқықтық құралдар атқаратын рөлі бойынша қалай жіктеледі?
-
Құқықтық реттеу пәні бойынша құқықтық құралдар қалай жіктеледі?
-
Құқықтық құралдар сипаты бойынша қалай жіктеледі?
-
Құқықтық құралдар салдардың маңыздылығы бойынша қалай жіктеледі?
-
Құқықтық құралдар әрекет ету мерзімі бойынша қалай жіктеледі?
-
ҚР ақпараттық кеңістігінің қорғалуы, сондай-ақ жеке тұлғалар мен азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің ақпарат саласындағы құқықтары және мүдделері
-
Конституциялық құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесі мен мемлекеттік басқару тәртібін нақты және ықтимал қауіп-қатерден қорғау жағдайы
-
Адам мен азаматтың, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерін әскери күш қолдану арқылы болатын сыртқы және ішкі қауіптерден қорғау жағдайы
-
ҚР экономикасын нақты немесе ықтимал қауіптерден қорғау жағдайы
-
Азаматтардың өмірін, денсаулығын, әл-ауқатын, қазақстандық қоғамның рухани және адами құндылықтарын нақты немесе ықтимал қауіптерден қорғау жағдайы
-
Адамның, қоғамның, мемлекеттің өмірлік мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерден келетін қауіп-қатерден қорғау жағдайы
-
Құқықтық құралдар құқықтық реттеу түрлері бойынша қалай бөлінеді?
-
Құқықтық құралдар ақпарат-психология бағыты бойынша қалай бөлінеді?
-
Заңдылық қағидаттарының бірі ретінде заңдылықтың бірлігі дегеніміз нені білдіреді?
-
Заңдылық қағидаттарының бірі ретінде заңдылықтың жалпыға ортақтығы дегеніміз нені білдіреді?
-
Заңдылық қағидаттарының бірі ретінде тұлғаның құқығы мен бостандығының кепілдігі дегеніміз нені білдіреді?
-
Заңдылық қағидаттарының бірі ретінде заң бұзғаны үшін жаза қолданылмай қоймайтыны нені білдіреді?
-
Заңдылық қағидаттарының бірі ретінде Конституцияның үстемдігі дегеніміз нені білдіреді?