iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Адамның дүниеге танымдық қатынасы
Таным деп біз адамның қоршаған ортаны зерттеудегі ерекше рухани іс-әрекетін айтамыз. Ол үнемі дамып отырады. Егер ежелгі адам найзағай жарқылдап, күн күркіреген кезде зәресі кетіп, оны аспан құдайының іс-әрекеті деп түсінген болса, қазіргі уақытта бұл құбылыстың сырын мектеп оқушылары да біледі. Адамзаттың мыңдаған жылға созылған тарихи танымының өте күрделі көп деңгейлі құбылыс екенін мойындау керек. Тарихи білім дүниеге келместен бұрын күнделікті өмір тәжірибесінен пайда болған қарапайым күнделікті білім дүниеге келді. Ол адамның кәсіби танымдық іс-әрекетінен емес, күнделікті өмірдің қажеттілігінен (аң аулау, балық аулау, еңбек құралдарын жасау, үй салу, бала тәрбиелеу, жеміс-жидек жинау т.с.с.) пайда болды. Уақыт өте келе ғылыми зерттеулерге байланысты ғылымның әртүрлі салалары пайда болды. Табиғатты зерттеудің барысында астрономия, механика, физика, химия, геология, биология т.б. ғылымдардың негіздері қаланды. Олардың басын біріктіріп жаратылыстану ғылымдары дейміз. Адам мен қоғамды зерттейтін білім салалары гуманитарлық, қоғамдық пәндерді тудырды: философия, психология, саясаттану, мәдениеттану. Гуманитарлық ілімдердің ерекшелігі олардың мазмұнында сол уақытта өмір сүріп жатқан адамдардың әлеуметтік мүдделері мен мақсат-мұраттарының бейнеленуі болды. Сондықтан белгілі бір қоғам өміріндегі құбылысқа әрбір әлеуметтік топ өзінше баға беруі мүмкін. Сонымен қатар бұл пәндердің бәрінің басын біріктіретін құндылықтар мыналар – адамды сүю, жақсылық, кемелдену, әсемдік, әділет, еркіндік, теңдік т.с.с. Олай болса, дүниетану негізінде жатқан негізгі құбылысты анықтамасқа болмайды, сонда ғана оның терең мәнін ашуға болады. Сана, рух болмысының өзегі білімде болғаннан кейін мыңдаған жыл бойы ойшылдар танымның негізін адамның санасынан көрді. «Таным – ақыл-ой жаттығуы», «шығармашылық ізденіс», «білімге деген құштарлық», «туа біткен табиғи дарын» т.с.с. пікірлер болды. Таным – өте күрделі үдеріс, оған адамның бүкіл жан дүниесі, түйсігі, ақыл-ойы, ырқы, сезімдері, ішкі көкей көзі (интуиция) – бәрі де өзара бір-бірімен байланысты түрде қатысады.
Таным – қоршаған дүниені тануға және өзін-өзі тануға бағытталған адам қызметінің арнайы түрі. Таным қызметі сезім органдары арқылы ақпарат алу (сезімдік таным), алынған ақпаратты ойлау арқылы қорыту (рационалды таным) және оның тануға болатын бөліктерін материалдық игеруді біріктіреді.
Сезімдік таным – адамды сыртқы дүниемен байланыстыратын бестүрлі сезім мүшесі арқылы ақпарат алумен жүзеге асырылады (1 -сызба).
Рационалды таным – тану құралдары арқылы заттардың ішкі мәні мен болмысына үңілу (2 -сызба).
1-сызба
Сезімдік танымның негізгі формалары |
Түйсік Заттың белгілі бір сапалық жағын алдыға қойып көрсетуден тұрады. Мысалы, көру түйсігі заттың формасы, оның түсі, ашықтығы туралы мағлұмат береді. Дәм сезу тамақтың құрамы туралы т.б. |
Қабылдау Зерттелінетін объектінің тұтас бейнесі, ол бірнеше сезім мүшелерінің бірлесіп жұмыс атқаруынан пайда болады. |
Түсінік Өткен уақытта сезім мүшелеріне әсер етіп, қазіргі сәтте қабылданбайтын заттың талданып, қорытылған сезімдік бейнесі. Мысалы, белгілі бір уақыттан кейін белгілі бір заттың бізге қалай әсер еткені. |
2-сызба
Рационалды танымның негізгі формалары |
Ұғым Құбылыстардың жалпы заңдылықты байланыстарын, мәнді белгілерін бейнелейтін ойлау формасы. |
Пікір Заттардың, құбылыстардың, үдерістердің қасиеттері туралы ойлау формасы. Қоршаған ортаны танып, біле келе заттар мен олардың белгілерін бөліп аламыз. |
Ой қорыту Логикалық ойлаудың жоғары формасы, бізге белгілі пікірден жаңа пікір алатын ойлау формасы. |
Таным үдерісінде жоғары бағаланатын нәрсе – ол адамның таланты.
-
Жалпыға ортақ дүниетаным мен адамның оған қатынасын зерттейтін ғылым
-
Дүниені тану туралы ғылым
-
Бізге белгілі пікірлерден жаңа пікір тудырып алатын ойлау формасы
-
Зерттеу нысанын жан-жақты зерттеу үшін оның әр бөлігін ойша немесе нақты бөлу арқылы оқу әдісі
-
Адамның рационалды таным формалары
-
Агностицизм дегеніміз
-
Скептицизм дегеніміз
-
Біртекті нәрселерді олардың жалпы белгілері негізінде ойша біріктіру
-
Нәрсенің белгілі бір аса мәнді жақтарын екінші қатардағы мәнсіз белгілерінен бөліп алып қарастыру
-
Эмпирикалық таным әдісінің ең күрделісі, зерттеу нысанына қолдан жасанды жағдай туғызу арқылы іске асыру
-
Зерттеу нысанын жан-жақты зерттеу үшін оның әр бөлігіне (ойша немесе нақты бөліп) жасалатын әдіс
-
Зерттелуші нысанның анализ арқылы бөлінген бөлшектерін өзара бірлікте қарастыратын әдіс
-
Жалқыдан жалпыға қозғалыс көрсететін жалпы ғылыми әдіс
-
«Барлық адам өледі. Юлий Цезарь – адам. Демек, Юлий Цезарь өледі». Бұл мәтінде қандай әдіс қолданылыған?
-
Сезім тәжірибесін білімнің бірден-бір көзі деп есептейтін, барлық таным тәжірибеге сүйенеді дейтін философиялық бағыт
-
Танымның негізгі көзі ақыл деп қана мойындайтын философиялық бағыт