Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Қоғамның саяси саласы

Конспект

Қоғам – экономикалық және рухани біртұтастық пен өмір сүру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі. Саяси жүйе – елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы. Қоғамның саяси жүйесі – мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы. Саяси жүйенің ең күрделі, ең маңызды элементі – мемлекет. Саяси жүйенің қоғамды басқарудағы ең орталық буыны – мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде-мақсатын іске асыратын ең негізгі аппарат. Екіншіден, мемлекет саяси жүйенің барлық элементін біріктіріп, саяси функция арқылы қоғамның игілікті құндылықтарын әділетті бөлу процесін басқарып отырады. Бұл процесті басқару, бақылап отыру дегеніміз – қоғамдағы қарым-қатынастарды, олардың өзара байланысын реттеп отыру және олардың тұрақты, дұрыс дамуын қамтамасыз ету. Жоғарыда көрсетілген саяси жүйе элементтерінің даму процесінде қоғамда әртүрлі саяси жүйелер қалыптасады: әкімшілік, жарыстық, әділетті бірлік жүйелері.

1-сызба

Саясаттың басты ерекшелігіне оның әртүрлі мүдделерді үйлестіре алатын, әлеуметтік қатынастарды реттеп, қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ететін қасиеті жатады. Саясат субъектілеріне саясатқа, саяси істерге қатынасып, оларды жүргізетін жекелеген адамдар, әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар, саяси элита жатады. Саяси сананың әртүрлі деңгейдегі көріністеріне саяси психология мен саяси идеологияны жатқызуға болады. Біріншісі, саяси өмірге қатынастағы эмоциялардың, сезімдер мен көңіл күйлердің жиынтығын қамтыса, екіншісі, саясат субьектісі өз іс-әрекетінде саналы түрде қолданылатын рационалдық идеялар мен принциптер жүйесін білдіреді. Саяси мүдделердің іске асуы саяси институттар арқылы жүреді, бұларға мемлекет, оның органдары, партиялар, қоғамдық-саяси қозғалыстар, бұқаралық ақпарат құралдары т. б жатады. Осылардың бәрін бірге алғанда, саяси ұйым құрылады.

Саясаттың мазмұны саяси қатынастардан көрініс табады. Саяси қатынастар деп қоғамдағы әлеуметтік топтар және т.б. арасындағы мемлекеттік билік жайында қалыптасатын саяси қарым-қатынасты айтамыз. Бұлар саясат субьектілерінің арасында қалыптасатын байланыстарға орай келісімді, әріптестік негізінде не жанжал мен қақтығыс түрінде орнығуы мүмкін. Саясаттың тағы бір элементіне саяси мәдениетті жатқызуға болады. Саяси мәдениет дегеніміз – қоғам мүшелерінің саяси құбылыстарға деген қатынасы, соған байланысты мінез-құлқын білдіретін, реттейтін ортақ сенімдердің, құндылықтардың, мұраттардың және т.б. жиынтығы. Саясат қоғам өмірінің реттейтін салаларына сай экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, ғылыми-техникалық, мәдени, ұлттық, әскери т.б. түрлерге бөлінеді. Саясатты жүргізе біліп, саяси қызметпен кәсіби айналысу үшін арнайы білім мен дайындық қажет. Кез келген адам еш дайындықсыз бірден саяси қызметке араласып, саяси шешімдер қабылдауда айтарлықтай рөл атқара алмайды. Ол үшін арнайы біліммен бірге қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік топтардың мұқтаждықтары мен мүдделерін ескеру, соларды дұрыс іске асырудың жолдарын білу қажет. Соған орай тиісті құрал-жабдықтарды игеру қажеттілігі туындайды да, осыдан барып саясат субъектісі ретінде саяси элита туралы мәселе көтеріледі.

  Саяси элита ұғымын алғаш қолданысқа енгізген итальялық әлеуметтанушы және элита теориясын жүзеге асырған Вильфредо Парето (1848-1923 ж.ж.) болды. Элита сөзінің мағынасы франц. еlite – ең жақсысы, таңдаулысы дегенді білдіреді.

Саяси элита деп билік жүргізуге байланысты маңызды шешімдер қабылдауға тікелей қатысатын, билік құрылымында жетекші рөл атқаратын, соған орай өзіндік артықшылықтарға ие болатын әлеуметтік топты айтамыз. Қазіргі саяси ғылымда оның ерекше бір саласы ретінде осы элитанының пайда болуы, қалыптасуы, қоғамдағы рөлі туралы элитология ілімі дамыған.

ЭЛИТА ФУНКЦИОНАЛДЫҚ БЕЛГІСІНЕ ҚАРАЙ БӨЛІНЕДІ:

  1. Саяси

  2. Экономикалық

  3. Мәдени-ақпараттық

ЭЛИТА БИЛІККЕ ҚАТЫСУ ДӘРЕЖЕСІНЕ ҚАРАЙ БӨЛІНЕДІ:

1)  Жоғарғы

2) Ортаңғы

3) Маргиналды

4) Әкімшілік

Саяси элитаның сапасы мен нәтижелілігі оны қалыптастырудың тәсілдеріне және қоғамның барлық әлеуметтік қабатынан ең қабілетті де лайықты адамдарға жолдың ашылуына байланысты қалыптасады. Сондай-ақ саяси элитаның қатарына біліктілігі мен адамгершілігі төмен, кездейсоқ адамдардың ілігіп кетуінен сақтайтын, соған тосқауыл боларлық шарттар мен талаптардың жоғарылығы қажет.

Элитаның мемлекеттік билікке ие болып, ең маңызды саяси шешімдер қабылдайтын бөлігін билеуші элита деп, ал билікке қолы әлі жете қоймаған бөлігін контрэлита деп атайды.

ЭЛИТАДА СҰРЫПТАУ ЖҮЙЕСІ ЕКІГЕ БӨЛІНЕДІ:

  1. Антрепренерлік жүйе

  2. Гильдиялық жүйе



Сұрақтар
  1. Қазіргі уақытта конституциялық монархиялы мемлекет

  2. Диктатура дегеніміз

  3. Адам Смиттің тұжырымдауы бойынша мемлекеттің маңызды функциясы(-лары)

  4. Саяси партиялардың өзге қоғамдық бірлестіктерден айырмашылығы(-тары)

  5. Бірегей өкілеттілігі, атқарушы және сот органдары бар мемлекет

  6. Мемлекет үстемдігі, биліктің бір қолға шоғырлануы, азаматтық қоғам институттарының күйреу сипаты неге тән?

  7. Қоғамда қалыптасқан саяси түсініктердің, құнды бағдарлардың, саяси мінез-құлықтың, ділдің, діни көзқарастардың, наным-сенімдердің жиынтығын қамтитын жүйеше

  8. Жекелеген адамдардың қоғамдағы саяси құндылықтарды, білімдерді, наным-сенімдерді қабылдау үдерісі

  9. Қоғамдағы ресурстар мен құндылықтарды әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін ескере отырып бөлу саяси жүйенің қандай қызметі?

  10. Авторитарлық жүйеге тән белгі

  11. Саяси жүйелер ашық және жабық деп бөлінеді

  12. Неміс ағартушысы, философ И. Гердер алғаш енгізген ұғым

  13. Қоғам мүшелерінің саяси тәжірбиесін реттеп, саяси мінез-құлықты жөнге салып отыратын саяси өмірдің баршаға ортақ нормалары не деп аталады?

  14. Әртүрлі топтардың құндылықтарды сақтауға және олардың төңірегіне топтасуына бағытталған саяси мәдениет қызметі

  15. «Қоғамдық келісім» теориясының дамуына айтарлықтай үлес қосқан философтар

  16. «Саяси жүйе» ұғымын қолданысқа енгізген ғалымдар

  17. Саяси мәдениетті бірегейлендіру қызметінің мәні

  18. Саяси мәдениеттің типтері:

  19. Мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар және олардың қатынастары кіретін жүйеше

  20. Құқықтық, саяси, этикалық-моральдық нормалар мен құндылықтарды, салт-дәстүрлерді қамтитын жүйеше

  21. Барлық саяси форманың өзара әрекеттесуін қамтитын жүйеше

  22. Функционалдық жүйеше анықтамасына сәйкес қатарды табыңыз?

  23. Азаматтық қоғамның саяси-әлеуметтік саласына жататындар

  24. Азаматтық қоғамның саяси-мәдени саласына жататындар

  25. Қоғам алдындағы өзекті мәселелерді шешудің ұтымды жолдарын тауып, дер кезінде ұсынып, ұйымдасқан түрде қолға алатын билік субъектілерін дайындауға және іріктеуге байланысты саяси жүйе қызметі

  26. Әртүрлі нормалар мен ережелер енгізу, заң бұзушыларға қарсы әкімшілк шаралар қолдануға байланысты саяси жүйе қызметі

  27. Саяси жүйедегі реакция беру қызметіне тән белгі

  28. Саяси жүйенің экстративтік қызметіне тән белгі

  29. Жабық саяси жүйеге мысал болатын елдер

  30. Ашық саяси жүйелерге тән белгі

  31. «Саяси мәдениет» ұғымын алғаш ғылымға енгізген

  32. «Саяси мәдениет» ұғымын саяси ғылымға енгізген саясаттанушы

  33. Саяси құбылыстардың мән-мағынасын ұғындыратын саяси мәдениет қызметі

  34. Саяси мінез-құлыққа дағдыландыру арқылы іске асатын саяси мәдениет қызметі

  35. Саяси субъектілер мен институттардың белгілі бір стереотиптер, әпсаналар мен рәміздер негізінде өзара әрекеттесуін іске асыратын саяси мәдениет қызметі

  36. Патриархалдық саяси мәдениетке тән белгі

  37. Бодандық саяси мәдениетке тән белгі

  38. Қатынасу саяси мәдениетіне тән белгі

  39. Азаматтық қоғам негізін құраушы

  40. Азаматтық қоғамда еркін адамдардың қарым-қатынасы ненің негізінде реттеледі?

  41. «Адам – саяси жануар» деген нақыл сөзді кім айтқан?

  42. Саяси үдерісітң барысына оң ықпал ету мақсатына сай тұлғаның оқиғалар иіріміне саналы түрде кірігуі қалай аталады?

  43. Тұлғаның мемлекеттік ішкі және сыртқы саясаттың әлдебір параметрлерін өзгертуге мақсатты түрде бағытталған қызмет қалай аталады?

  44. Саясаттануға  Вильфредо Парето енгізген ұғым

  45. Жоғарғы саяси элитаға жататындар

  46. Ортаңғы саяси элитаға жататындар

  47. Әкімшілік саяси элитаға жататындар

  48. Саяси элитаны сұрыптаудың антрепренерлік жүйесін қолданатын елдер

  49. Саяси элитаны сұрыптаудың гильдиялар жүйесін қолданатын елдер

  50. Жетекші адамдар атқаратын интегративтік қызмет нені білдіреді?

  51. Жетекші адамдар атқаратын бағдарлық қызмет нені білдіреді?

  52. Жетекші адамдар атқаратын инстурменталдық қызмет нені білдіреді?

  53. Жетекші адамдар атқаратын жұмылдырушылық қызмет нені білдіреді?

  54. Жетекші адамдар атқаратын әлеуметтік арбитр және патрон қызметтері нені білдіреді?

  55. Саяси сұрыптаудың антрепренерлік жүйесіне тән белгілер

  56. Саяси сұрыптаудың гильдиялар жүйесіне тән белгілер

  57. Мемлекетті құдай ісі деп қарастыратын тұғырнама

  58. «Мемлекет – барлық әлеуметтік топтарды ортақ мақсаттарға топтастырып отыратын, сөйтіп саяси билік жүргізетін қоғам өмірінің басты ұйымдастырушы және басқарушы тетігі». Бұл қай теорияға сәйкес келеді?

  59. «Мемлекет қоғамның бір бөлігінің билікті күштеп басып алуымен қалыптасады». Бұл қай теорияға сәйкес келеді.

  60. Мемлекеттің шығу тегін қоғамның таптарға бөлінуімен байланыстыратын теория

  61. Қазіргі уақыттағы парламенттік республика

  62. Федеративті мемлекеттің унитарлы мемлекеттен айырмашылығы қандай?

  63. ҚР-да «Саяси партиялар туралы» заң қашан қабылданды?

  64. Аса маңызды мемлекеттік мәселе бойынша тұтас елдің пікірін анықтау үшін өткізілетін бүкілхалықтық дауыс беру дегеніміз не?

  65. Президенттік республикаға тән белгілер

  66. Парламенттік республикаға тән белгілер

  67. Демократиялық режімге тән белгілер

  68. Тоталитарлық режімге тән белгілер

Қате туралы хабарландыру