iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Қазақстандағы экономикалық жаңарудың қорытындылары
Қазақстан Республикасында жүзеге асырылған экономикалық жаңаруларды төмендегідей caтыларға бөлуге болады:
- 1992-1994 жылдары ырықтандыру (либерализация) жүргізілді, нарықтық қатынастың заңды негізі жасалды.
- 1995-1999 жылдары өндірістік секторды жетілдіру (өнеркәcіптерді тәртіпке келтіру, банкроттық, жекешелендіру, демонополизация), экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету; бюджеттік жүйедегі заң, ұлттық банк, салық пен міндетті төлем, құнды қағаздар нарығы және т.б. туралы заңдар қабылданды; зейнетақы жүйесіндегі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен білім беру саласындағы реформалар, ел дамуының алғышарты болатын «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы қабылданды.
1998-1999 жылдардағы әлемдік қаржылық дағдарыс қазақстандық экономикаға да кері әсерін тигізді. Бірақ үкімет пен ұлттық банк ұстанған қатаң ақшалай-несиелі және салықтық бюджет саясаты отандық өндірушілерді көтеруге және Қазақстанның қаржылық жағдайын, сыртқы экономикалық қызметін жақсартуға қажетті жағдай жасап берді.
1999 жылы жалпы ішкі өнім 1998 жылға Қарағанда 2,7%-ға өсті.
3. 2000-2006 жылдары Қазақстан экономикасында сатылы даму байқалып, қаржылық сектор одан әрі нығая түсті. Осы уақытқа дейін елдің ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне қатысты стратегиялар қабылданып, Ұлттық қор мен Даму банкі құрылды. Одан басқа ипотекалық несиелеу туралы, сақтандыру қызметі, салық кодексі,шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің мемлекеттік бағдарламасы, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде заңдар қабылданды. Халықтың төлем қабілеті қайта қалпына келтірілді.
Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тiкелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл өте жоғары көрсеткiш болды. Бүгiнгi Қазақстанның тұрақты, тиiмдi әрi сенiмдi әрiптес екенi барша инвесторларға аян. Қазақстан ТМД елдерiнiң iшiнде бiрiншi болып, тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуды қамтамасыз ету және сыртқы қолайсыз факторларға тәуелдi болмау үшiн Ұлттық қор құрды.
Бүгінде Қазақстан ашық сыртқы сауда саясатын дәйектi жүргізіп келеді. Осылайша Қазақстан әлемдiк экономиканың бөлiнбес бөлiгiне айналып, жаhандық бәсекелестiк ортасына еркiн еніп отыр. Дүниежүзiлiк банк есебі бойынша қазiргi уақытта Қазақстан кірісі орта деңгейдегi елдердiң тобына кiредi. Соңғы жылдары республикада тұрақты экономикалық өрлеу, өндіріс ауқымының өсуі байқалып отыр. Сауатты макроэкономикалық саясат еліміздің халықаралық беделін едәуір көтеруге жағдай жасады. Қазақстан бұл жылдары ТМД елдерінің арасында жан басына шаққанда шетелдік инвестициялар тарту жөнінен көш бастады.
1994 жылдан 2007 жылдың аяғына дейін еліміздің экономикасына әлемнің 60 елінен 70 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тартылды. Бүгінде Орталық Азияға келген барлық инвестицияның 80 пайызы Қазақстан еншісінде болып отыр. Ал экономикаға қосылған ішкі инвестицияның көлемі қазіргі күні 80 миллиард доллардан асып түсіп отыр.
Сонымен қатар Қазақстан басқа елдерден келген инвестиция көздерін өз экономикасын көтеру ісінде тиімді пайдалана отырып, енді басқа елдерге де инвестиция сала алатын донор мемлекетке айналды. Қазір ел қаржысы Ресей мен өңірдегі елдерге, Түркия мен Кавказ елдеріне, Қытай және басқа да алыс-жақын шетел экономикасына салынып жатыр.
Әлемдік деңгейдегі менеджмент қызметі құлдырау жағдайында болған аса ірі кәсіпорындарды қысқа мерзімде қайта өркендетуге мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде республика экономикасының барлық дерлік салаларында, әсіресе, ауылшаруашылығында, сауда мен қызмет көрсету саласында жекеменшік сектор басым бола түсті. Әсіресе, шағын кәсіпкерліктің дамуы қарқынды сипат алды.
«Қазақстан-2030» бағдарламасын жүзеге асыру барысындағы тәуелсіз еліміздің басты жетістігі мемлекеттің қауіпсіздігін нығайту және экономикалық өрлеу болды. Бұл қазақстандықтардың өсіп-өркендеуіне, әл-ауқатының артуына кең өріс ашты. Қазір біздің республикада нарықтық экономиканың іргесі қаланып қана қойған жоқ, сонымен қатар барлық қазақстандықтың игілігі үшін ішкі ресурстары мол әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты нышандары қалыптасты.
Қазақстан байлығының 80 пайыздан астамы жекешелендірілген, қазірдің өзінде республикамызда 500 мыңға жуық кәсіпкерлік субъекті құрылған. Онда 2 миллионнан астам адам жұмыс істейді. Кәсіпкерлік күнкөріс көзіне айналды. Экономикалық, өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі өзгерту жөніндегі реформаның ең маңызды кезеңінің басты міндеттері шешілді. Елімізде ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарықтық экономика құрылды.
Тезистер
- 1992-1994 жылдары ырықтандыру (либерализация) жүргізілді, нарықтық катынастың заңдылық негізі жасалды.
- 1995-1999 жылдары өндірістік секторды жетілдіру (өнеркәcіптерді тәртіпке келтіру, банкроттық, жекешелендіру, демонополизация), экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету; бюджеттік жүйедегі заң, ұлттық банк, салық пен міндетті төлем, құнды қағаздар нарығы және т.б. туралы заңдар қабылданды; зейнетақы жүйесіндегі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен білім беру саласындағы реформалар, ел дамуының алғышарты болатын «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы қабылданды.
- 2000-2006 жылдары Қазақстан экономикасында сатылы даму байқалып, қаржылы сектор одан әрі нығая түсті.
- Осы уақытқа дейін елдің ұлттық және экономикалық қауіпсіздігіне қатысты стратегиялар қабылданып, Ұлттық қор мен Даму банкі құрылды.
- Ипотекалық несиелеу туралы, сақтандыру қызметі, салық кодексі, шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсетудің мемлекеттік бағдарламасы, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде заңдар қабылданды.
- Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тiкелей шетел инвестициясы тартылды.
- Қазақстан ТМД елдерiнiң iшiнде бiрiншi болып, тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуды қамтамасыз ету және сыртқы қолайсыз факторларға тәуелдi болмау үшiн Ұлттық қор құрды.
- Дүниежүзiлiк банктiң есебі бойынша қазiргi уақытта Қазақстан кірісі орта деңгейдегi елдердiң тобына кiредi.
- Қазақстан бұл жылдары ТМД елдерінің арасында жан басына шаққанда шетелдік инвестициялар тарту жөнінен көш бастады.
- 1994 жылдан 2007 жылдың аяғына дейін еліміздің экономикасына әлемнің 60 елінен 70 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тартылды.
- Бүгінде Орталық Азияға келген барлық инвестицияның 80 пайызы Қазақстан еншісінде болып тұр. Ал экономикаға қосылған ішкі инвестициясының көлемі қазіргі күні 80 миллиард доллардан асып түсіп отыр.
- Сонымен қатар Қазақстан басқа елдерден келген инвестиция көздерін ел экономикасын көтеру ісіне тиімді пайдалана отырып, енді басқа елдерге де инвестиция сала алатын донор мемлекетке айналды.
- «Қазақстан-2030» бағдарламасын жүзеге асыру барысында тәуелсіз еліміздің басты жетістігі мемлекеттің қауіпсіздігін нығайту және экономикалық өрлеу болды.
- Қазір біздің республикада нарықтық экономиканың іргесі қаланып қана қойған жоқ, сонымен қатар қазақстандықтардың игілігі үшін ішкі ресурстары мол әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты нышандары қалыптасты.
- Қазақстан байлығының 80 пайыздан астамы жекешелендірілген, қазірдің өзінде республикамызда 500 мыңға жуық кәсіпкерлік субъекті құрылған. Онда 2 миллионнан астам адам жұмыс істейді.
- Елімізде ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық экономикасы құрылды.