Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Әскери полигондар және оның зардаптары

Конспект

КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өткізілді. Ол үшін арнайы 18 млн гектар жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқыда адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Кейін оларды жердің астында жүргізе бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.

Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы 29 тамызда таңғы сағат жетіде естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жерүсті және жерасты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды.

Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқанынан хабары жоқ ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің үлкен дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеді.

Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды.

Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы тірі ағзалар мен тұрғын халық зардап шекті.

1949 жылдан 1963 жылға дейінгі кезеңде қуаты әртүрлі 113 ашық жарылыс жасалып, ол сынақтардың зардабы зор болды.

Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын. 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан президенті Н. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады. Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1991 жылғы 29 тамыздағы Жарлығымен Семей сынақ алаңы жабылды.

Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына қарамастан, Семей ядролық полигоны аймағы күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған.

Кеңес үкіметі құлағаннан кейін Қазақстан аумағында басқа ядролық елдерге қарағанда әлеуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды. Елдегі әскери техника қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді.

Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды.

1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын жабу үшін күресті бастауды ұйғарған «Невада-Семей» қозғалысының алғашқы митингі өткізілді. Оны басқарған белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов болды.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының 3 млн гектар аумағын Капустин Яр сынақ алаңдары алып жатты. Бұл жерлерде 55 жыл бойы күрделі әскери сынақтар жүргізіліп келді, ал Азғыр атом сынақ алаңында 13 жыл бойы (1966-1979 жж.) ядролық жарылыстар жүргізілді. Азғыр сынақ алаңында 17 рет жерасты жарылысы болды. Азғыр атом сынақ алаңында 1979 жылы жарылыс тоқтатылды. Бірақ ондағы экологиялық жағдай қалыпқа келген жоқ.

Байқоңыр ғарыш айлағы планетамыздағы 19 айлақтың бірі болып есептеледі. Ол Қызылорда және бұрынғы Жезқазған облыстарының аумағында, Төретам теміржол стансасының маңыңда орналасқан.

1955 жылы 12 ақпанда КСРО үкіметінің Төретам стансаның маңынан сынақ алаңын құру туралы жабық шешімі шықты. Орын таңдауда бірнеше фактор ескерілді: 1. Жылдың көп мезгілі бұлтсыз, ашық. 2. Халықтың аз қоныстануы. 3. Жердің айналуының ең жоғары жылдамдығы осы жерге келеді.

1957 жылдан жұмыс істей бастаған космодром төңіректегі 180 мың гектар аймақты шаруашылық жағынан іске жарамсыз етті. Ауаға гептил тарай бастады.

С.П. Королевтің бірінші зымыран құрылғысы 1957 жылы мамырда іске қосылды. 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағынан орбитаға дүниежүзіндегі тұңғыш жасанды жер серігі шығарылды.

 

 Тезистер

  • КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті.
  • Арнайы 18 млн гектар жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды.
  • Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.
  • Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы 29 тамызда таңғы сағат 7-де естілді.
  • Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жерүсті және жерасты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға жәнелитосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды.
  • Халыққа сынақ туралы ескертілмеді.
  • Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды.
  • Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады.
  • 1949 жылдан 1963 жылға дейінгі кезеңде қуаты әртүрлі 113 ашық жарылыс жасалып, ол сынақтардың зардабы зор болды.
  • Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан президенті Н.Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады.
  • Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә. Назарбаетың 1991 жылғы 29 тамыздағы Жарлығымен Семей сынақ алаңы жабылды.
  • Біздің елдегі әскери техника қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді.
  • Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды.
  • 1989 жылдың ақпанында «Невада-Семей» қозғалысын басқарған – белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов.
  • Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының 3 млн гектар аумағын Капустин Яр сынақ алаңдары алып жатты. Бұл жерлерде 55 жыл бойы күрделі әскери сынақтар жүргізіліп келді, ал Азғыр атом сынақ алаңында 13 жыл бойы (1966-1979 жж.) ядролық жарылыстар жүргізілді.
  • Азғыр сынақ алаңында 17 рет жерасты жарылысы болды. Азғыр атом сынақ алаңында 1979 жылы жарылыс тоқтатылды. Бірақ ондағы экологиялық жағдай қалыпқа келген жоқ.
  • Байқоңыр ғарыш айлағы – жер бетіндегі 19 айлақтың бірі. Ол Қызылорда және бұрынғы Жезқазған облыстарының аумағында, Төретам темір жол стансасының маңыңда орналасқан.
  • 1955 жылы 12 ақпанда КСРО үкіметінің Төретам стансаның маңынан сынақ алаңын құру туралы жабық шешімі шықты. Орын таңдауда бірнеше фактор ескерілді. 1. Жылдың көп мезгілі бұлтсыз, ашық. 2. Халықтың аз қоныстануы 3.Жердің айналуының ең жоғары жылдамдығы осы жерге келеді.
  • 1957 жылдан жұмыс істей бастаған космодром төңіректегі 180 мың гектар аймақты шаруашылық жағынан іске жарамсыз етті. Ауаға гептил тарай бастады.
  • 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш айлағынан орбитаға дүниежүзіндегі тұңғыш жасанды жер серігі шығарылды.


Қате туралы хабарландыру