Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Қарлұқ қағанатының саяси жағдайы

Конспект

Жазба деректерде қарлұқтар біздің заманымыздың V ғасырындағы тирек тайпаларының құрамында кездеседі. Қытай деректерінде қарлұқтардың бұлақ руы Алтай тауының баурайын мекендейтіні хабарланады. Қарлұқ тайпаларының негізгі топтасқан жерлері Алтай тауынан Балқаш көліне дейінгі аралық болды. Ибн әл-Факих (Х ғасыр) «Олар (қарлұқтар) – көне түркілер» деп жазды.

VII ғасырдың соңынан бастап қарлұқтар Шығыс Түркі қағанатының ықпалында болды. Күлтегін жазуындағы қарлұқтарды қырып, басып алдық деген хабар қарлұқтардың Шығыс Түркі қағанатының құрамында да болғанын білдіреді. Шамасы осы жеңілістен кейін қарлұқтардың және бір толқыны Жетісуға қарай жылжиды.

Бірікен ұйғыр және қарлұқ күштері шығыс түркілердің билігін құлатты.

Орталық Азияда жаңа мемлекет – Ұйғыр қағанаты (744-840) құрылды. Ұйғыр тайпаларының билеушісі қаған, қарлұқтар көсемі жабғу лауазымын алды. Қарлұқтар ұйғырларға бағынды. Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы ұйғырлардың қарсылығына әкеліп, олар бұл күресте жеңілді. Жеңіліске ұшыраған қарлұқтар ұйғыр жазбаларында айтылғандай, «Ит жылы (746) батысқа қарай Он оқ еліне қашты».

ОсылайшаVIII ғасырдың екінші жартысында Оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстан жеріне қарлұқ тайпалары келді.

Жетісуда қарлұқтар оғыз тайпаларының қарсылығына кезікті. VIII ғасырдың ортасында қарлұқтар оғыздарды Жетісудан Сырдарияның төмені ағысына қарай ығыстырды.

Түргеш қағанатының әлсіреген жағдайын пайдаланып, 756 жылы билікті қолдарына алып, өздерінің мемлекетін құрды. Жетісу аумағында өздерінің саяси үстемдігін орнатты. Қағанаттың орталығы Суяб қаласы болды.

VIII-X ғасырларда қарлұқтар Алтай тауынан Сырдарияның орталық ағысына дейінгі аумағына қоныстанды. X ғасырда араб дерегінде «Қарлұқтар жерін батыстан шығысқа дейін жүріп өту үшін 30 күн қажет болған» деп келтіріледі.

Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның көптеген тайпалары қарлұқтарға бағынды. Қарлұқ қағанатында басқарудың әскери-әкімшілік жүйесі орнықты. Мемлекет басында жабғу болғанымен, олардың билігі әлсіз еді. Тайпа ақсүйектерінің мұрагерлік басымдықтары болды. Бұл орталық билікті нығайтпады, керісінше әлсіреттіү

Қарлұқ бірлестігі көптеген ру-тайпалық топтардан тұрды. Халықтың негізгі бөлігін қатардағы қауым мүшелері, ал ең төменгі құқығы жоқ топты құлдар құрады.

Көшпелі тайпаларды басқарушы ақсүйек қауымы тек жайылымға ғана емес, қалаларға да иелік етті. Деректерге сәйкес қарлұқтар еліндегі 25 қала мен қоныстың көпшілігі Ұлы Жібек жолы бойында орналасты.

840 жылы Енисей қырғыздары қарлұқтардың қолдауымен Ұйғыр қағанатын құлатты. Қарлұқ жабғуы Ұйғыр қағанатын бағындырып, қаған лауазымын иеленді.

Арабтар үшін Жетісудың стратегиялық, сауда-экономикалық мәні зор қалаларының маңызы ерекше болды. Сондықтан олар Жетісу өңіріне жиі-жиі жорық жасаумен болды. IX ғасыр соңында арабтар Таразды және оның маңындағы қалаларды басып алып, тұрғындарын исламға қаратты. Арабтарға қарсы күресте Орта Азияның Тоқарстан жеріндегі қарлұқтар мен Түркеш қағаны Сұлудың бірге соғысқаны белгілі.

Қытай тарапынан теперіш көріп келе жатқан түркештер мен қарлұқтар түпкі мақсаттары жағынан жақын одақтастар еді. Олар Шаш ханымен туыстық қатынасы бар қара түргештер арқылы арабтармен жақындасады. Бұғанға дейін түркештерге бірнеше жеңісті жорықтар жасап, Жетісу мен Мауренахрға ене бастаған Тан империясы араб халифаты  иелігіне тікелей қауіп төндірді.

Сонымен 751 жылы арабтар мен қарлұқтар бірігіп, Талас өзенінің бойында қытайларға қатты соққы берді. Жетісу мен Орталық Азия қытайлардан азат етілді. Қарлұқ қағанатына үлкен қауіп Қашғар жағынан төнді. 940 жылы Қашғар түркілері Баласағұн қаласын басып алды. Осылайша 200 жылдай өмір сүрген Қарлұқ қағанатының тарихы аяқталды.

 

Тезистер

  • Жазба деректерде қарлұқтар біздің заманымыздың V ғасырындағы тирек тайпаларының құрамында кездеседі.
  • Қытай деректерінде қарлұқтардың бұлақ руы Алтай тауының баурайын мекендейтіні хабарланады. Қарлұқ тайпаларының негізгі топтасқан жерлері Алтай тауынан Балқаш көліне дейінгі аралық болды.
  • Ибн әл-Факих (Х ғасыр) «Олар (қарлұқтар) – көне түркілер» деп жазды.
  • VII ғасырдың соңынан бастап қарлұқтар Шығыс Түрік қағанатының ықпалында болды.
  • Бірікен ұйғыр және қарлұқ күштері шығыс түркілердің билігін құлатты.
  • Орталық Азияда  жаңа мемлекет – Ұйғыр қағанаты (744-840 жж.) құрылды.
  • Ұйғыр тайпаларының билеушісі қаған, қарлұқтар көсемі жабғу лауазымын алды. Қарлұқтар ұйғырларға бағынды.
  • Ұйғырлардан жеңіліске ұшыраған қарлұқтар ұйғыр жазбаларында айтылғандай «Ит жылы (746 ж.) батысқа қарай Он оқ еліне қашты».
  • Осылайша VIII ғасырдың екінші жартысында Оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстан жеріне қарлұқ тайпалары келді.
  • VIII ғасырдың ортасында қарлұқтар оғыздарды Жетісудан Сырдарияның төменгі ағысына қарай ығыстырды.
  • Түркеш қағанатының әлсіреген жағдайын пайдаланып, қарлұқтар 756 жылы билікті қолдарына алып, өздерінің мемлекетін құрды.
  • Жетісу аумағында өздерінің саяси үстемдігін орнатты. Қағанаттың орталығы Суяб қаласы болды.
  • VIII-X ғасырларда қарлұқтар Алтай тауынан Сырдарияның орталық ағысына дейінгі аумағына қоныстанды.
  • X ғасырда араб деректерінде «Қарлұқтар жерін батыстан шығысқа дейін жүріп өту үшін 30 күн қажет болған» деп келтірілген.
  • Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның көптеген тайпалары қарлұқтарға бағынды.
  • Қарлұқ қағанатында басқарудың әскери-әкімшілік жүйесі орнықты. Мемлекет басында жабғу болғанымен, олардың билігі әлсіз еді. Тайпа ақсүйектерінің мұрагерлік басымдықтары болды. Бұл орталық билікті нығайтпады, керісінше әлсіретті.
  • Қарлұқ бірлестігі көптеген ру-тайпалық топтардан тұрды.
  • Халықтың негізгі бөлігін қатардағы қауым мүшелері, ең төменгі құқығы жоқ топты құлдар құрады.
  • Көшпелі тайпаларды басқарушы ақсүйек қауымы тек жайылымға ғана емес, қалаларға да иелік етті.
  • Деректерге сәйкес қарлұқтар еліндегі 25 қала мен қоныстың көпшілігі Ұлы Жібек жолы бойында орналасты.
  • 840 жылы Енисей қырғыздары қарлұқтардың қолдауымен Ұйғыр қағанатын құлатты.
  • Арабтар үшін Жетісудың стратегиялық, сауда-экономикалық мәні зор қалаларының маңызы ерекше болды. Сондықтан олар Жетісу өңіріне жиі-жиі жорық жасаумен болды.
  • IX ғасыр соңында арабтар Таразды және оның маңындағы қалаларды басып алып, тұрғындарын исламға қаратты.
  • Арабтарға қарсы күресте Орта Азияның Тоқарстан жеріндегі қарлұқтар мен Түркеш қағаны Сұлу бірікті.
  • Қытай тарапынан теперіш көріп келе жатқан түркештер мен қарлұқтар түпкі мақсаттары жағынан жақын одақтастар еді.
  • Жетісу мен Мауреннахрға ене бастаған Тан империясы араб халифаты иелігіне тікелей қауіп төндірді.
  • Сонымен 751 жылы арабтар мен қарлұқтар бірігіп, Талас өзенінің бойында қытайларға қатты соққы берді.
  • Жетісу мен Орталық Азия қытайлардан азат етілді.
  • 940 жылы Қашғар түркілері Баласағұн қаласын басып алды. Осылайша 200 жылдай өмір сүрген қарлұқ қағанатының тарихы аяқталды.


Қате туралы хабарландыру