iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Бердібек Соқпақбаев, Қабдеш Жұмаділов, Мұхтар Мағауин, Дулат Исабеков шығармалары
Шығармашылық жолын балаларға арнап өлең жазудан бастаған Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы облысының Нарынқол ауылында туған. 1950 жылы «Бұлақ» атты алғашқы жыр жинағын шығарған қаламгердің балалар мен жасөспірімдерге арнаған жиырмадан астам әңгіме, повесть, романдары бар. «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді», «Қайдасың, Гауһар», «Бозтөбеде бір қыз бар» атты туындылары алыс-жақын шетелдер тіліне аударылған.
Жазушының балалар өміріне арналған тартымды да тамаша туындысы – «Менің атым Қожа» повесінің желісімен түсірілген фильм 1967 жылы Канн қаласында өткен Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің халықаралық фестивалінде арнаулы жүлдеге ие болған. Повестің кейіпкерлері:
Қожа (Қожаберген) Қадыров – негізгі кейіпкер. Жасы он үште. Әкесі Қадыр Ұлы Отан соғысында қайтыс болған.
Миллат – Қожаның шешесі. Фермада сауыншы.
Жантас, Жанар – Қожаның сыныптастары.
Майқанова – Қожаның сынып жетекшісі, қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
Анфиса Михайловна – орыс тілі пәнінің мұғалімі.
Оспанов – биология пәнінің мұғалімі.
Ахметов – мектеп директоры.
Сәйбек қарт – мектеп күзетшісі.
Жазушының 1967 жылы өз өмірін арқау етіп жазған «Өлгендер қайтып келмейді» романы 1974 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған.
Бердібек Соқпақбаев 1991 жылы қайтыс болған.
Алпысыншы жылдардың басында әдебиетке келген жаңа буын өкілдерінің кеуде тұсында тұрған Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы ҚХР-ның Тарбағатай аймағында дүниеге келген. Жазушылық қадамын «Қаздар қайтып барады» атты туған жерге деген сағыныштан тұратын әңгімеден бастаған Қ. Жұмаділовтің алғашқы туындысы «Шұғыла» журналында жарық көрген. Жазушының «Сәйгүліктер», «Саржайлау», «Бір тораңғы», «Қарауыл хикаяттары», «Көкейкесті», «Бір қаланың тұрғындары», «Шарайна» деген прозалық туындылары, тарихи оқиғалар негізінде жазған «Көкейкесті», «Атамекен», «Тағдыр» атты романдары, өз көзімен көрген, өзі басынан өткерген тарихты арқау еткен «Соңғы көш» деген роман-дилогиясы, қазақ халқының даңқты батыры, әйгілі қолбасшы Қаракерей Қабанбай өмірі мен ерлігін, сол кезеңдегі аласапыран оқиғаны суреттеген «Дарабоз» роман-дилогиясы жазушының қазақ әдебиетіне қосқан құнды дүниесі. Қ. Жұмаділов 1996 жылы оқырман қауымға «Таңғажайып дүние» атты ғұмырнамалық роман ұсынған. Жазушының «Сәйгүліктер» повесінен алынған үзінді «Қозыкүрең» әңгімесі қазақ-қырғыз халқының арасындағы ұлы достықты жалғастырушы қазақ Ағыбай мен қырғыз Төреқұлдың сыйластық қарым-қатынасын көрсеткен. Қ. Жұмаділовтің тырнақалды туындысы «Қаздар қайтып барады» әңгімесінде тау асып, тас басып, көп қиыншылықпен шекарадан өтіп келіп, өзінің атамекеніне жетіп жығылған Байтас қарияның тағдыры, өмір бойы өзегін өртеген туған жерге деген сағыныш сезімі суреттелген.
Қ. Жұмаділовтің қаламгерлік шеберлігі туралы Ә. Тарази: «Қабдеш – тілге аса бай және әр сөздің сиқырлы бояуын жан-тәнімен нәзік сезінетін жазушы», – деп аса жоғары бағалаған.
Қазақ әдебиетіндегі алпысыншы жылдардағы қайратты буын өкілдерінің бірі Мұхтар Мағауин 1940 жылы Шығыс Қазаақстан облысының Шұбартау ауданында дүниеге келген. М. Мағауиннің 1969 жылы жазған «Тазының өлімі» хикаяты – қаламгердің жазушылық қадамын танытқан алғашқы туындысының бірі. М. Мағауиннің қаламынан туған «Қара қыз», «Көкбалақ», «Өмір жыры», «Бір атаның балалары», «Қыпшақ аруы», «Өмір жыры», «Жыланды жаз», «Көк мұнар», «Шахан шері», «Сары қазақ», «Аласапыран» прозалық шығармалары – қазақ әдебиетінің дамуына қосылған құнды дүниелер.
М. Мағауин ХV-ХVІІІ ғасырдағы жыраулардың әдеби мұрасы бойынша «Алдаспан» антологиясын құрастырып, «Қобыз сарыны» атты монографиялық еңбек жазып, қазақ әдебиетінің тарихына да өзіндік үлес қосқан. М. Мағауиннің «Бір атаның балалары» шығармасы Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ ауылындағы оқиғаны суреттеген. Шығарма кейіпкерлері:
Ахмет ақсақал – жетпіс жаста. Күндіз мал қарап, түнде күш-көлік бағады.
Дәуренбек – есепші. Соғыстан бір қолынан айырылып, мүгедек болып келген.
Тоқажан – колхоз бастығы.
Зигфрид Вагнер – Зекен Ахметұлы Бегімбетов – Ахмет ақсақал бауырына басқан неміс баласы.
Шығарманың негізгі кейіпкер Ахмет қария ешкімді алаламайтын кең жүректі адам, бауырына басқан баласы үшін өз ауылын тастап, көрші «Қызыл ту» колхозына көшіп кеткен.
Жазушы Мұхтар Мағауин халық тарихындағы сан алуан тарихи-қоғамдық, әлеуметтік қайшылықтар мен қиындықтарды арқау еткен «Аласапыран» атты роман-дилогиясы үшін 1984 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ие болған.
Жазушы, драматург Дулат Исабеков 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында туған. Алғашқы әңгімелері 1962 жылдан бастап респуликалық газет-журналдарда жариялана бастаған. Жазушының «Бекет» атты прозалық шығармалар жинағы 1966 жылы жарық көрген. «Ащы бал», «Мазасыз күндер», «Қара шаңырақ», «Сүйекші», «Біз соғысты көрген жоқпыз» деген повестері мен әңгімелері, «Қарғын» романы қалың оқырман қауымның сүйіп оқитын шығармаларына айналған. Көптеген шығармалары орыс, венгер, неміс, поляк, чех тілдеріне аударылған.
Жазушы қаламынан туған «Дермене» повесінің үзіндісі «Ата үміті» әңгімесінде дүниеқоңыздық пен қатыгездікті адамгершілік пен адалдықтың жеңгені туралы айтылған. Адамдық пен адалдықтың бейнесі ретінде Тоқсанбай қарт пен немересі Ергешбай алынса, қатыгездік, дүниеқоңыздық сияқты адамға жат қылықты Омаш бейнесінен көруге болады.
Д. Исабековтің драматургия саласына қосқан «Әпке», «Мұрагерлер», «Алыстан келген ананас», «Кішкентай ауыл», «Анасын аңсаған қыз», «Ескерткіш операциясы», «Ескі үйдегі кездесу» атты драмалық шығармалары республикалық, облыстық театр сахналарында жиі қойылады. Драматургтің таңдаулы пьесалар жинағы «Жеті желкен» деген атпен 1987 жылы жарық көрген. Жазушының «Гауһар тас», «Дермене», «Тауқымет» шығармалары бойынша көркем фильмдер түсірілген. Драматург-жазушы Д. Исабеков 1985 жылы «Мұрагерлер» пьесасы үшін Қазақстан Жазушылыр Одағының М. Әуезов атындағы сыйлығының лауреаты атанған.
-
Б. Соқпақбаевтың повесін көрсетіңіз.
-
Б. Соқпақбаевтың туған жерін көрсетіңіз.
-
Б. Соқпақбаевтың алғашқы шығармалар жинағын табыңыз.
-
Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасындағы Қожаның әкесінің есімін табыңыз.
-
Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасындағы орыс тілі пәні мұғалімін көрсетіңіз.
-
Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі Оспанов қай пәнінің мұғалімі екенін көрсетіңіз.
-
Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінің кейіпкері Қожаның жасы нешеде екенін белгілеңіз.
-
Қ. Жұмаділовтің шығармасын табыңыз.
-
Қ. Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесінің кейіпкерін көрсетіңіз.
-
«Қабдеш – тілге аса бай және әр сөздің сиқырлы бояуын жан-тәнімен сезінетін жазушы», – деген пікірді кім айтқанын көрсетіңіз.
-
Қ. Жұмаділовтің роман-дилогиясын көрсетіңіз.
-
Қ. Жұмаділовтің қазақ-қырғыз халқының арасындағы достықты дәріптеген әңгімесін табыңыз.
-
Қ. Жұмаділовтің қазақ халқының даңқты батыры Қаракерей Қабанбайдың өмірі мен ерлігін суреттеген романын белгілеңіз.
-
Қ. Жұмаділовтің алғашқы шығармасы жарияланған журналды көрсетіңіз.
-
Қ. Жұмаділовтің тарихи оқиғаларды арқау еткен романын көрсетіңіз.
-
Қ. Жұмаділовтің «Қозыкүрең» шығармасындағы Ағыбайдың қырғыз досын көрсетіңіз.
-
М. Мағауиннің антологиясын белгілеңіз.
-
М. Мағауиннің алғашқы хикаятын табыңыз.
-
Ахмет, Дәуренбек М. Мағауиннің қай шығармасының кейіпкері екенін көрсетіңіз.
-
М. Мағауиннің тарихи роман-дилогиясын табыңыз.
-
М. Мағауиннің «Бір атаның балалары» шығармасының кейіпкері Зигфрид Вагнердің қазақша атын көрсетіңіз.
-
М. Мағауиннің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық алған шығармасын табыңыз.
-
М. Мағауиннің «Бір атаның балалары» шығармасының соңында Ахмет ақсақалдың көшіп кеткен колхозын табыңыз.
-
Д. Исабековтің «Ата үміті» шығармасының кейіпкерлерін көрсетіңіз.
-
Д. Исабековтің драмалық шығармасын табыңыз.
-
М. Мағауиннің «Бір атаның балалары» атты шығармасындағы бір-біріне қайшы мінезді кейіпкерлерді табыңыз.
-
Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі «Түбінде адам болатын бала» деген жолдарды кім айтқанын табыңыз.
-
Мұхтар Мағауин шығармасы (-лары)
-
Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі басты кейіпкердің лақап аты (-тары)
-
Қабдеш Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі қарт сөзіне сәйкес қатар (-лар)
...Қарт қатар жарысқан қос өзенге қарап тұрып: «Қабырға – Базарым, қалың ел – Назарым», – деп күбірледі.
-
Дулат Исабековтың «Ата үміті» («Дермене» повесінен үзінді) шығармасының кейіпкері (-лері)
-
Дулат Исабековтің «Әпке» пьесасының басты кейіпкерлері
-
Қ. Жұмаділовтің шығармалары