Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Сәкен Сейфулиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі адамға қажет қасиеттердің суреттелуі

Конспект

 

Алаш арысы, репрессия құрбаны сырлы сөздің иесі Сәкен Сейфуллиннің қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мол.Оның сырға толы ғажайып лирикасы адамды өзіне еріксіз баулайды.Сондай өлеңдерінің бірі – «Сыр сандық» өлеңі.

Өлең астарлы жұмбақ мағынада жазылған. Түсінбеген оқушы өлеңді тауық туралы деп қалуы мүмкін. Өлеңнің прологы жеті жолдан тұрады. «Мұнда жем іздеген жанама тауықтың» әрекеті жөнінде айтылады. Негізгі ой, негізгі түйін – адал достық жайында. Өз өмірінің қиын кезеңінде жанынан табылмаған айнымалы, айналғыш, уәдеде тұрмайтын, сырға саяз, сертке тұрақсыз адамдар жайында айтылған. Автор ол жайында ашып айтып жатпайды, жем бар кезде жолында топырлайтын тауық туралы айтып келеді де, «шындап берік сүйіскен» нағыз достар жайына тоқталады. Қаламгердің «Тар жол тайғақ кешу» мемуарлық романы арқылы біз ақынның өмір жолына қанықпыз, жан түршігерлік атаман Анненковтың азап вагоны, Дүйсенбі деген жалған атпен еліне жаяу оралуы, сталиндік репрессия зобалаңы – оның өмірінің ең азапты тұсы болғанын және сол Голощекин геноциді құрбаны болғанын білеміз.

Күй шертуге анда – санда

Сырласарлық жан керек, – деген ақын өзіне шын дос, шынайы жанашыр іздеді. Өлеңді өрлей берсек, одан ары ақын Сарыарқа тауының сымбаты мен қалың зергер құзды шаттарын жырлайды. Үңіле қарасақ, «қалың нудағы тіп-тік, сұңғақ сыр жиып тұрған шың суреті» ақынның өз бейнесі ме дейсің?! Ал, «шыңның нақ басындағы алтын жазулы қақпа тасы, текшелеген сымнан жасалған сандық» оның қойнауындағы тұңғиық сыр – ақынның жан дүниесі. Сандық іші толған қойма асыл сымдар пернесін тек сыршыл, жібек талдап түйін түйген түршіл адамдар ғана таба алады, – дейді сыр сандық иесі.

1936 жылы Москвада болған Қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігінде осы өлеңін ақын – биші Шара Жиенқұлова мен әнші Күләш Байсейтоваға берген екен. Жаны таза, жүрегі нұрлы өнер адамдарынан өзіне дос тапқысы келген болар...

 

Осы бір өлеңді оқығанда «маған перне әуені жыр шертіп, тербеу әні сыр айтып» тұрғандай болады.

«Сыр сандық» өлеңіндегі сөз етілген адамға ең қажетті қасиеттерді санамалап былай көрсетуге болады. Олар: адалдық, досқа беріктік, сабырлылық (толирантность ), сұлулықты сезіну, шынайылық, түсіністік, айналаға байыппен қарау, тереңге үңілу, асығыс шешім қабылдамау, жеңілтектік, жалт бергіш – жағымпаздықтан аулақ болу.

Сексен бес тармақтан тұратын осы бір шағын көлемді дастан оқыған адам жанын ерекше баурайды, «тап-таза жұмыр келіп» құйылып тұрған өлең жолдары ерекше тартымды, басынан аяғына дейін оқығанда дем алмай, ентікпей құзар шың басына шыққандай боласың. Өлең құрылымы да ерекше. Қазақ әдебиетінде жиі кездесе бермейтін соны стильмен жазылған. Өлең астарлы ой арқылы тұнып тұрған тәрбиеге толы. Адамдары ұсақталып бара жатқан қазіргі заманның ғөй-ғөйі іспетті.

Ерте кезде біреу Төле биден:

-Келер заман қалай болады ? – деп сұраған екен.

Сонда Төле би: «Заман осындай кең,шуақ болады, бірақ адамдарының пейілі тар, уақ боладыі» – дейді.

Қазіргі жаһандану заманында бізгі осындай досқа беріктік керек-ақ. Сонда ғана ұлт тағдыры баянды болмақ.

Жақсылықова Аружан

Алматы облысы Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің 4-курс студенті, Есік қаласы



Қате туралы хабарландыру