Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

8-мәтін

Конспект

Нағыз адам

Қуаң даладағы жалғыз үйдің қасында құдық бар. Бұл үйде атасы мен немересі тұрады. Құдық басында ұзын арқанға бекітілген шелек бар. Әрі-бері өткен жолаушылар құдықтан су ішеді, атайға алғыс айтады. Бірде арқан үзіліп, шелек құдықтың түбіне түсіп кетті. Атайдың одан басқа шелегі жоқ еді. Су тартып ішуге ыдыс табылмады. Келесі күні таңертең атайдың үйіне арбалы шаруа келді. Арбадағы сабанның астында шелегі көрініп жатыр екен. Жолаушы құдыққа көз жіберіп, атай мен немересіне бір қарады да, атына қамшы басып, әрі қарай жүріп кетті.

– Бұл не қылған адам? – деп сұрады немересі атасынан.

– Бұл адам емес, – деді атасы. Түске таман атай үйінің тұсынан екінші жолаушы өтіп бара жатты. Ол арбадағы сабанның астынан шелегін алып, арқанға байлады да, құдықтан су тартты. Өзі қанғанша ішіп, атай мен немересінің де шөлін қандырды. Қалған суды құрғақ құмға төге салды да, шелегін қайтадан арбасына салып алып, жүріп кетті.

– Бұл не қылған адам? – деп сұрады немересі атасынан.

– Бұны да әлі адам деуге болмайды, – деді атасы. Кешке қарай атай үйінің маңына тағы бір кісі тоқтады. Ол арбасынан шелегін алып, арқанға байлады. Су тартып, сусынын қандырды. Сонан соң алғысын айтып, жүріп кетті. Ал шелегі құдық басында арқанға байланған қалпында қала берді.

– Бұл қандай адам? – деп сұрады немересі.

– Міне, бұл – нағыз адамның өзі, – деп жауап берді атасы.

В. Сухомлинский

 



Сұрақтар
  1. Қуаң даладағы құдығы бар жалғыз үйдің тұрғындары

  2. Өзі де суды қанғанынша ішіп, атай мен немересінің де шөлін қандырып, шелегін алып кеткен жолаушы

  3. Шелегі құдық басында арқанға байланған қалпында қалдырып кеткен жолаушы

Қате туралы хабарландыру