Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

48-мәтін

Конспект

Мұраттың бастауы

   Ойын алаңының арғы жағында кішкене жартастың түбінде бір топ құрақ өсіп тұрған. Бірде соның жанына барып, демалып отырдық.

   – Бұрын осы жерде бастау болған дейді атам. Әне жер дымданып жатыр. Қазып көрсек қайтеді? Мүмкін су шығар, – деді Мұрат. Оның сөзін әркім өзінше күлкіге айналдырып жіберді.

    – Мейлі, күле беріңдер, – деп, Мұрат өкпелеп кетіп қалды. Біз қайтадан ойынға кіріскенбіз.

   – Мұрат келе жатыр, – деп, бір бала дауыстап жіберді.

  Жалт қарасақ, Мұрат келе жатыр екен. Қолында күрегі бар. Ол әлгі ойпаң жерді қазуға кірісті. Екі-үш күрек бойы қазғанда су шығып, бүлкілдеп аға бастады.

 Бізде үн жоқ. Мұрат бізге күле қарап:

– Бастаудың мөлдір суын ішіңдер, – деді.

Біз бастау суын қос уыстай іліп алып, ішіп жатырмыз. Салқын су қандай тамаша десеңші!



Сұрақтар
  1. Мараттың әңгімесіне арқау болған не?

  2. Мұраттың сөзін балалар қалай қабылдады?

  3. Мәтін мазмұнына сай мақал

Қате туралы хабарландыру