Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

44-мәтін

Конспект

Қызғаныш

Назерке ұйқысынан кештеу тұрды. Жуынып-шайынып, құрбысы Гүлжанның үйіне бет алды. Жолда бірге оқитын Маржанның ауласына көзі түсті. Сап-сары гүлдер көздің жауын алады. Көңілін қызғаныш биледі. Жақында екеуі ұрсысып қалған еді. Қақпадан ішке еніп, гүлдерді аяусыз үзе бастады.

Гүлжанның үйіне келді. Оған Маржанның ауласынан жинап алған бір шоқ гүлін ұсынды.

Арада екі-үш күн өтті. Бүгін Назеркенің туған күні. Достары жинала бастады. Маржан да келді. Қолында – бір шоқ гүл. Гүлдерімді бұзық балалар үзіп, таптап кетіпті, – деді ол.

Назеркенің іші удай ашыды. Қанша оқталса да, досына «мен кінәлімін» деп айта алмады. Бірақ іштей енді қайталамауға ант етті



Сұрақтар
  1. Маржанның есік алдында қандай гүлдер өсіп тұрды?

  2. Назерке жұлып алған гүлдерін кімге сыйлады?

  3. Мәтін мазмұнына сәйкес мәтел

Қате туралы хабарландыру