Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

42-мәтін

Конспект

Көктем күнінің жылы, жарық сәулесі жерге түсіп, қар еріп жатыр. Күнгей жақ ала шұбар бола бастады. Қарға ұзақ қарқылдап жүр. Қамбар отағасы бірдеңе істеп жатыр. Қолында арасы бар. Қасында қаумалап балалар жүр.

– Ата, не істеп жатырсыз?

– Қонағыма үй істеп жатырмын.

– Қонағыңыз қандай?

– Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай... – деп қарт жымияды. 
Қарттың сөзіне түсіне алмай, балалар тұрып-тұрып тарасты.

Қар кетті. Күн шықты. Күн шайдай ашық еді. Бір топ қараторғай ауыл үстіне келіп, жалт бұрылады, олай-бұлай айналды да, саусылдап ұшады. 
Биік сырғауылдың басында Қамбар атаның істеген кішкене үйшігі қалқиып тұр. Қараторғайлар ұшып ауылға келді. Біреуі барып үйшіктің басына қонды. Жан-жағына жалтақтап қарады да, үйшіктің дөңгелек тесігінен ішіне кіріп кетті. Өзге торғайлар да ағаштың басынан орын алып, ұшып-қонып жүр. 
Бауда, көк шөптің арасында жыбырлап жүрген қоңыздар көп. Айнала ұшқан шыбын-шіркей қаншама. Манағы үйшікке кірген қараторғай сонда мекендеп алды. Күзге шейін кетпеді. Қамбар атай шөп шапса, қараторғайы шегіртке қырады.  
Қамбар атайдың «қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай» дегені сол қараторғай екен.



Сұрақтар
  1. Мәтінге сәйкес келетін тақырып

  2. Қамбар ата «Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай» деп нені айтты?

  3. Мәтіндегі негізгі ой

Қате туралы хабарландыру