
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
31-мәтін
Әбу Насыр әл-Фараби
Фарабидің жастау кезі болса керек. Бір күні жолаушылап бара жатқан жолдасы:
– Менің мына кітаптарымды сақтап қой, қайтып келген соң алармын, – деп бір бума кітапты қолына ұстатады.
Әбу Насыр оны үйіне апарып, сақтап қояды. Қолы босаған сәтте ол әлгі кітаптардың біреуін алып, көз жүгірте бастайды. Кітап сөздері ұнап қалады да, аяғына дейін оқып шығады. Бірақ онша түсіне қоймайды. Қайта оқиды. Сонда да ұғымы жетіңкіремейді. Үшінші мәрте оқиды. Тағы да қанағаттанбайды. Төртінші мәрте оқиды. Көңілі көншімейді. Ақыры кітаптағы ойды толық ұғып алғанша, қайта-қайта оқи береді. Сонда ғана жазылған жайлардың мағынасын айқын ұғып, анық түсінеді.
Осы табандылығының арқасында Әбу Насыр ғылымға бой ұрып, асқан білікті философ болып жетілген екен деседі. «Табандылық кез келген кедергіні жеңеді» деген осы.
-
Жолдасының Фарбиге сақтауға берген заты
-
Мәтіндегі мақал
-
Әбу Насырдың бойына біткен қасиеті