Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

25-мәтін

Конспект

Шоқан

Көктем кезі. Шоқан ауылына жер картасын жасайтын Сотников деген кісі келді. Шоқан да сол кісімен бірге даланы жиі аралады. Сотников салған суреттерге еліктеп, тауды, көлді бейнеледі.

Бір күні оған Мысықтың балшықтан жасаған күймесін көрсетті.

– Мынаны кім жасаған? – деп сұрады Сотников.

– Менің жолдасым – Мысық.

– Ол қайда?

– Ауылда.

– Оқыған ба?

– Жоқ, оқымаған.

– Бұл өнерпаз бала екен. Оған білім керек. Білім беру үшін мектеп ашу қажет. Сенің қалаға барып оқығаның жөн. Оқып, білімді болған соң Мысық сияқтыларды үйретесің, – деді Сотников.

Шоқан алыс қырға қарап, ойланып тұрып қалды



Сұрақтар
  1. Шоқанның ауылына келген кісі немен айналысады?

  2. Шоқан Сотниковқа еліктеп не істеді?

  3. Шоқан Сотниковқа көрсеткен зат не?

Қате туралы хабарландыру