Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

21-мәтін

Конспект

Сәуленің кірпіші

Қаланың күнгей жақ шетi қашаннан құлазып, жатушы өзi. Ол тұста жазды күнi мал жайылатын, балалар асыр салып, доп ойнайтын. Ал қыс меезгілінде аппақ қар басып, алай-дүлей боран түтеп тұратын. Бiрлi-жарым бейсауат өткен ат-шаналы жүргiншiлер мен шаңғы тепкен балалардың айқыш-ұйқыш iздерi ғана жататын.

Өткен жазда осы араға дүбiрлетiп көп құрылысшы келдi. Аспанмен тұтасқан тырна мойын жүк көтергiш крандар пайда болды. Көп ұзамай зәулiм биiк үйлер бой түзей бастады. Бұл ара Сәулелер тұратын ескi ағаш үйден онша қашық емес-тi. Бiрде Сәуле терезеден осылай қарап тұрды да:

– Әке, анау үлкен-үлкен үйлер кiмдiкi? – деп сұрады.

– Ол үйлердi бiзге салып жатыр. Бiткен соң, осында, кiшкентай үйлерде тұратындар сонда көшедi, – дедi әкесi.

– Ой, әке! Шын айтасың ба?

– Шын айтам.

– Роза мен Марат та үй ішімен көше ме?

– Көшедi, әрине.

Сәуле содан соң күн сайын әлгi биiк үйлердiң қасына келiп, қашан бiтер екен деп, ынтығып бақылап тұратын болды.

Бiр күнi Сәуле есiк алдында ойнап жүр едi, қасынан үлкен бiр жүк машинасы өтiп бара жатты. Үстiнде үйме етiп тиеген кiрпiшi бар. Бiр кезде машина арықтан өте берiп едi, сақыр-сұқыр етiп теңселдi де, бiр кiрпiш жерге түсiп қалды. Мұны көрген Сәуле қол бұлғап, айқай салды. Бiрақ шофер естiмедi. Аялдамастан кете барды.

Сәуле жүгiрiп келiп, түсiп қалған кiрпiштi көтерiп алды да, машина соңынан жүгiрдi. Ол ентiгiп, алқынып, құрылыс басына келдi. Арада бiр сағаттай уақыт өткенде әлгi кiрпiш қабаты еңсесiн көтерiп, жылдам биiктеп бара жатқан үлкен үйдiң қабырғасынан өзiне құтты орын тауып, игiлiкке асты.



Сұрақтар
  1. Жаз кезінде мал жайылатын, балалар асыр салып, доп ойнайтын, кейін көпқабатты үйлер салына бастаған қаланың шеті

  2. Сәуленің үйінің жанындағы арықтан өтіп бара жатқан көліктен түскен зат

  3. Сәуле түсiп қалған кiрпiштi көтерiп алды да, не істеді?

Қате туралы хабарландыру