Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

Жаңалықтар

«Ұстазыңды құттықта» акциясының жеңімпаздары ҚР БҒМ-нен естелік сыйлықтар алды
«Ұстазыңды құттықта» акциясының жеңімпаздары ҚР Білім және ғылым министрлігінен естелік сыйлықтар алды. Бұған дейін Көкшетау қаласының №11 мектеп-гимназиясының 1 «Г» сынып оқушылары және Қызылорда қаласының тұрғыны Қарлығаш Әбдірахманова жеңімпаз атанғанын хабарлаған едік. Сынып жетекшісі Б.К.Хасенованы кәсіби мерекесімен құттықтаған көкшетаулық бүлдіршіндерге ертегілер жиынтығы табыс етілді. Ұстазы Азиза Исахаеваға жылы лебізін білдірген акция жеңімпазы Қарлығаш Әбдірахмановаға «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» сериясынан кітап және естелік кәдесый табысталды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында Білім және ғылым министрлігі «Ұстазыңды құттықта» байқауын жариялаған болатын. Акцияға еліміздің түкпір-түкпірінен жүзден астам қазақстандық қатысты.
Бастапқы дереккөзге сілтеме: сілтеме