iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
5-нұсқа (1-мәтін)
Ұлыстардың құрылуы
«Шыңғыс хан көзінің тірісінде-ақ, ұлдарының әрқайсысына жер үлестерін бөліп берді. Үлестірілген жерлер ұлыстар деп аталды. Кіші ұлы Төле әкесінің жері – Моңғолияға иелік етті. Қазақстан аумағы үш үлкен ұлының ұлыстары құрамына енді. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының үлесі Ертістен батыста Еділге дейінгі, Әмудария мен Сырдарияның төменгі ағыстарындағы жерлерді алып жатты. Шағатай иеліктері Оңтүстік пен Оңтүстік-Шығыс Қазақстанды, бүкіл Орталық Азияны қамтыды. Үгедей ұлысына Қазақстан аумағынан Жетісудың солтүстік- шығыс бөлігі өтті. Жетісуда үш моңғол ұлыстарының шекаралары түйісті... Жошы қайтыс болғаннан кейін Бату әкесінің мұрагері деп танылды. Хан немересі Батуға «Әкеңнің билігін қабылдап ал, ол барғысы келген жерлерге аттан» деді. Шыңғыс хан өзінің барлық немерелері ішінен Батуды Жошының мұрагері ретінде таныды.»
-
Мәнмәтінді және тарихи білімдеріңді пайдаланып, тарихи процестің орын алған уақытын анықтаңыз
-
Мәнмәтінді қолданып, Жошы ұлысына қараған аумақты анықтаңыз
-
Мәнмәтін мен тарихи білімдерді пайдаланып, Жошы ұлысының орнынан құрылған мемлекет
-
Мәнмәтінді пайдаланып, Жетісу өлкесі қараған ұлысты анықтаңыз
-
Мәнмәтінді және тарихи білімдерді пайдаланып, Қазақстан жеріндегі үш моңғол ұлысының тоғысқан жерін анықтаңыз