Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

4-нұсқа (2-мәтін)

Конспект

Шоқан Уәлиханов ғалым, зерттеуші

    1847 жылдың күзінде Сібірдегі жоғары білікті мұғалімдер жиналған таңдаулы оқу орынынан шыққан жас ғалым түрлi ғылыми экспедицияларға белсене қатысты. Бұл жөнiнде ол Омбыда оқып жүрген жылдарында армандайтын. Қазақ даласын және онымен шегаралас жатқан елдердiң аумағын, ондағы халықтардың тарихы мен жағдайын жақсы бiлетiн Шоқанға орыс зерттеушiлерi де қатты қызығып, оның көмегiне мұқтаж болатын. 1855 жылы Шоқан Батыс Сiбiр генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорттың Орталық Қазақстан, Тарбағатай мен Жетiсу жерiне жасаған сапарына қатысады. Бұл сапарда қарапайым халықтың өмiрiмен танысып, қазақ пен қырғыздардың тарихи аңыз әңгiмелерi мен жырларын жазып алды. Ш. Уәлиханов аса көрнектi ғалым, белгiлi географ П.П. Семенов-Тян-Шанскиймен танысты. Ол жас қазақ ғалымның қабiлетiне шын ниетiмен сүйсiне қайран қалды. 1857 жылы П.П. Семенов-Тян-Шанскийдiң ұсынуымен Ш. Уәлиханов Орыс географиялық қоғамының толық мүшелiгiне қабылданды. Шығыс Қазақстан мен Жетiсуға, қырғыз елiне жасаған сапары Шоқанның ғалым ретiндегi даңқын арттырды. 1857 жылы Шоқан Алатау қырғыздарына сапар шегiп, оның тарихын, этнографиясын және халықтық поэзиясын зерттедi.»



Сұрақтар
  1. Мәнмәтінді пайдаланып, 1857 жылы Шоқан Уәлиханов сапар шекткен өлкені анықтаңыз

  2. Мәнмәтінді пайдаланып, Шоқан Уәлихановтың Алатау қырғыздарына сапары кезінде зерттеу жүргізген саланы анықтаңыз

  3. Мәнмәтінді және тарихи білімдеріңді пайдаланып, Шоқан Уәлихановтың білім алған оқу орнын анықтаңыз

  4. Шоқан Уәлиханов мүше болып сайланған ғылыми мекеме:

  5. Мәнмәтін мен тарихи білімдеріңді пайдаланып, Шоқан Уәлиханов жайында дұрыс дәйекті анықтаңыз:

     

    І. Ш.Уәлиханов Орыс географиялық қоғамының мүшесі болды
    II. Петербург кадет корпусын бітірді
    III. Көкшетау жерінде болыстық қызмет атқарды
    IV. Тарих, этнография, халық ауыз әдебиетін зерттеді

Қате туралы хабарландыру