iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
1-нұсқа (2-мәтін)
Жаңа Конституция қоғам мен мемлекеттің қайшылықсыз дамуын, елдің азаматтарының ұлтына қарамастан ертеңгі күнге деген сенімділігін орнықтыруы, қазақстандық патриотизмді нығайтып, заңды орындау және сайлау мәдениетін негіздеуі керек болды. Конституция жобасының 18-ге жуық нұсқасы қаралды. Конституция жобасын талдау және сараптау үшін 1995 жылы 22 мамырда Президенттің қаулысымен сараптамалық-консультативтік кеңес құрылды....
1995 жылдың 30 маусымы мен 30 шілдесі аралығында жаңа Конституция жобасы халықтық талқылаудан өтті. Талқылауға 58 республикалық ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және қозғалыстар қатысты. Олардан 678 ұсыныстар мен ескертулер түсті. Жаңа Конституция жобасының негізінде адам және азаматтардың еркіндіктері мен құқықтарының үстемдігі орнап, Қазақстандағы мықты президенттік мемлекеттің негізі қаланды.... 1995 жылғы 30 тамызында Қазақстан халқы республиканың жаңа Конституциясын қабылдады. Конституцияда жаңа мемлекеттіліктің негізі қаланып, қоғамдық дамуды бағыттауға және реттеуге қабілетті тұтас мемлекеттік билік қалыптастырылды.
-
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихында қабылданған Конституция саны:
-
Жаңа Конституцияда:
-
Жаңа Конституция қабылданған жыл:
-
Қазақстан Республикасында Конституция күні:
-
Жаңа Конституция жобасының: