Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

1-нұсқа (1-мәтін)

Конспект

 

1845 жылы Семей уезінің Шыңғыс тауындағы болысында дүниеге келген. Халық арасында кеңінен танылған қазақ ақыны Абай Құнанбайұлы қайтыс болды. Оның кітапқа қарап қойылған аты Ибраһим еді. Бірақ қазақ даласы оны шешесінің еркелетіп қойған атымен Абай атап кетті. Оны біз де осылай атап отырмыз. Абай әкесі жағынан тобықты руының билеушілері ұрпағынан тарайды. Ақынның арғы атасы Ырғызбай тобықтының әрі батыры болған. Ол XVII ғасырдың 50-жылдарында Торғай облысындағы Ырғыз өзенінің бойында туғандықтан Ырғызбай атаныпты. Ол тобықтылардың руын Түркістаннан тамаша мал жайылымы бар шұрайлы өлке Шыңғыс тауына көшіріп әкелген. Абайдың бабасы Өскенбай өзінің туып-өскен даласында әділ би деген атаққа ие болған. Оған алыс аймақтағы рулардың қазақтары да әділдік іздеп келеді екен. Абайдың өз әкесі тобықтыдан өзге рулардың қазақтарына да ықпалы күшті болған. Мұны Құнанбайдың Қарқаралы округіне аға сұлтан болып сайлануы да айқын көрсетіп берді. Ал бұл лауазымды қызмет сұлтандар әулетінен шыққандардың ғана құқығы болып табылатын. Құнанбай ғұмырының соңғы кезінде Меккеге қажылыққа барды. Одан келген соң бұл дүниенің ісімен біржола қол ұзді. Мұнің өзі есімін бұрынғыдан да көпке кеңінен танымал ете түсті.



Сұрақтар
  1. Қарасүйектен шыққан, XIX ғасырда мемлекеттік билікке келген тұлға:

  2. Ол тобықтылардың руын Түркістаннан тамаша мал жайылымы бар шұрайлы өлке Шыңғыс тауына көшіріп әкелген:

  3. Өскенбайдың жетістігі:

  4. Абайдың руы:

  5. Ибраһим Құнанбайұлына еркелетіп «Абай» атап қойды:

Қате туралы хабарландыру