Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

X тарау. Тәуелсіздік жолында. Тәуелсіздік жолындағы қадам

Конспект

1988 жылдан бастап, Балтық бойындағы ұлттық-демократиялық қозғалыстар тарапынан жаңа одақтық шарт жасау туралы мәселе қойыла бастады. Бұл мәселе КСРО халық депутаттарының I съезінде көтерілген болатын.

1989 жылғы маусымда КСРО халық депутаттарының І съезінде Кеңес қоғамының дағдарысқа ұшырау себептерін талдауға талпыныс жасалды. Онда нарықтық қатынастарға көшу, жекеменшікті енгізу, тоталитарлық империяның орнына демократиялық, азаматтық, құқықтық қоғам орнату мәселелері айтылды.

КСРО-дағы реформалардың жүргізілу барысындағы түбегейлі бетбұрыстар осы кезеңнен басталды. 1990 жылдың күзінде КСРО құрамындағы республикалар өз егемендіктерін жариялай бастады. Ұлттық республикалардың тәуелсіздікке бағытталған қадамдарын орталық басшылары сепаратизм және жершілдік, ұлтшылдық деп бағалады. Ресей Федерациясының өз егемендігін жариялауы кеңестік жүйеге ауыр соққы болып тиді.

1990 жылы сәуірде республиканың Жоғарғы Кеңесінің ұйғаруымен Қазақ КСР-і Президентінің қызметі тағайындалды. Тұңғыш президент болып Н.Назарбаев сайланды. 1990 жылғы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес “Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация” қабылдады. Аумағына, табиғи ресурстарына, суына республика ерекше меншік құқығын жариялады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері көрсетілді. Халықаралық қатынаста республиканың дербестік танытатыны айқындалды. Декларацияның тарихи маңызы: республиканы толық тəуелсіздікке бастап апаратын шынайы қадам болды.

Жоғарғы Кеңес жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң қабылдады. Тұтас парламенттік аппарат құрылды. Халықаралық қатынастардағы жаңа бағыт ретінде Семейдегі атом полигонының жабылуының маңызы зор болды. Қазақстан Президенті Қазақ КСР-нің Қауіпсіздік кеңесін құру жөнінде, Қазақ КСР-нің алтын және алмас қорын құру жөнінде, Қазақ КСР-нің сыртқы экономикалық қызметінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету жөнінде Жарлықтар шығарды. Қазақстан 1990-1991 жылдары Беларусь, Əзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Украинамен экономикалық шарттар, ынтымақтастық келісімдер жасасты.



Сұрақтар
  1. 1990 жылы Қазақ КСР-i алғашқы Президентiнiң қызметiне кім сайланды:

  2. 1990-1991 жылдары Қазақстанның экономикалық шарттар, ынтымақтастық келісімдер жасасқан елдері:

  3. Балтық жағалауындағы республикалардың егемендігін жариялауына билік қандай қарсы шаралар қолданды:

  4. Егемендiгі туралы декларацияны қабылдаған Балтық жағалауындағы мемлекеттiң бірін көрсетіңіз:

  5. Кеңес қоғамының дағдарысқа ұшырау себептерін қай жерде талдады:

  6. КСРО құрамындағы республикалар егемендіктерін жариялай бастаған мерзім:

  7. Не себепті 1990 жылы Алматы қалалық партия комитетi үйiнiң алдында жастар жиналып, аштық жариялады:

  8. Қай жылдан бастап Балтық бойындағы ұлттық-демократиялық қозғалыстар тарапынан жаңа одақтық шарт жасау туралы мәселе қойыла бастады:

  9. Қай жылы Н.Назарбаев Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды:

  10. Қай жылы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев Қазақ КСР-i Президентiнiң қызметiне тағайындалды:

  11. “Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация” қабылданды:

Қате туралы хабарландыру