Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Егемендік жағдайындағы саяси даму

Конспект

1991 жылдың жазына қарай егеменді республикалар Одақтық шарт қабылдау мәселесіне келіп тірелді. 1991 жылы 20 шілдеде Қазақстан Компартиясы ОК кеңейтілген IV пленумы болып, жаңа одақтық шарттың жасалуын жақтаған баламасыз шешім қабылдады. Республикалар өкілдерінің шартқа қол қоюға жиналуына үш күн қалғанда мемлекеттік төңкеріс әрекеті жасалды. Тарихта “тамыз бүлігі” деп аталған бұл акцияны ұйымдастырушылар өздерін “Кеңес басшылығы” деп атап, КСРО-ны қайта қалпына келтіруді мақсат етіп қойғандарын мәлімдеді.

Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің (ТЖМК) мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылысы КСРО-да, сонымен бірге Қазақстанда да үлкен абыржушылық туғызды. 1991 жылы 19-20 тамыз күндері Н.Назарбаев теледидардан мәлімдеме жасады: “Төтенше жағдай жариялау елдің негізгі заңына сәйкес емес, сондықтан да үш адамнан тұратын басшылықтың жарлықтары мен құжаттарының заңды күші жоқ, сонымен қатар олар республикалардың мемлекеттік егемендік туралы декларацияларын аяққа басу болып табылады”.

1990 жылдың соңына қарай Қазақстан Компартиясы қатарында 800 мыңдай коммунист болатын. Мемлекеттік төңкерістің сəтсіз аяқталуы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының беделін түсірді. 1991 жылы 23 тамызда Н.Ə.Назарбаев КОКП ОК Саяси Бюросының қатарынан шығатынын мәлімдеді. Кейін Қазақстан Компартиясының өзі де тұтастай КОКП қатарынан шықты.

1991 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан Компартиясының төтенше съезі шақырылып, Қазақстан Компартиясы таратылды. Жаңадан Қазақстан Социалистік партиясы құрылды. Алайда Қазақстанда демократиялық еркіндікті сезіну, бүкілхалықтық істерде белсенділік таныту өте төмен болды. 1991 жылғы 17 наурызда жүргізілген референдум қорытындысы осының айғағы. Халықтың 94,1%-ы Одақты сақтау қажеттігін жақтап дауыс берген болатын. Бұрынғы Компартия мүшелерінің көпшілігі өздері Коммунистік партия атаған саяси ұйымдарын құрды.



Сұрақтар
  1. Қазақстанның және Орта Азия республикаларының жетекшiлерi бас қосты:

  2. 1990 жылдың соңына қарай Қазақстан Компартиясының қатарында коммунисттер саны:

  3. Н.Ә.Назарбаев КОКП Орталық Комитетi Саяси Бюросының құрамынан шығатыны жөнiнде мәлiмдедi:

  4. Минск қаласында бас қосқан 3 славян мемлекетiнiң басшылары қай шарттың күш жойғандығын жариялады?

  5. 1991 жылы Қазақ Кеңестiк Социалистiк республикасының атауы өзгертілді:

  6. 3 славян мемлекетiнiң басшылары бас қосып, 1922 жылғы КСРО-ны құру туралы шарттың күш жойғандығын жариялады:

  7. “Төтенше жағдай жариялау елдің негізгі заңына сәйкес емес…” деп мәлімдеме жасаған:

  8. “Тамыз бүлігін” ұйымдастырушылардың мақсаты:

  9. Қазақстан Компартиясы таратылған мерзім:

  10. Қазақстан Компартиясының орнына құрылған партия:

  11. Қазақстан БҰҰ-ның мүшесі болып қабылданды:

  12. Қазақстан БҰҰ-ға мүше болды:

  13. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылдың маусымы және желтоқсанында бекітілді

Қате туралы хабарландыру