Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Қазақтың ұлттық мемлекеттігінің қайта қалпына келтірілуі

Конспект

1919 жылғы 10 шілдеде Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет құрылды. Құрамы: Астрахань губерниясының қазақтар тұратын бөлігі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары.

Ол өлкедегі ең жоғарғы əскери-азаматтық басқарма болып саналды. Қазревком басшысы – С.Пестковский. Мүшелері – В.Лукашев, Ə. Жангелдин, А.Байтұрсынұлы, М.Тұнғаншин, С.Меңдешев, С.Сейфуллин, В.Радус-Зенькович, А.Авдеев, Б.Қаратаев, Ə.Əйтиев, Ə.Əлібеков, С.Арғыншиев, Х.Ғаббасов, Т.Седельников.

Қазревком міндеттері:

1. Контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу.

2. Өлкеде мемлекеттік, шаруашылық, мəдени құрылыс үшін жағдай жасау.

3. Кеңестердің Құрылтай съезін əзірлеу.

Қазревком қазақ жерлерін біріктіру жөнінде жұмыстар атқарды. Қазревкомның органы – “Ұшқын” газеті шығарылды.

1920 жылғы 9 наурызда өзін “Қазақ елінің үкіметі” деп атаған Алашорданы тарату туралы Қазревком шешімі қабылданды.

1920 жылғы 20 тамызда Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы” декрет шықты. Астанасы – Орынбор қаласы (1920-1924жж).

1920 жылы 4 қазанда Орынборда Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі өткізілді. РКФСР құрамындағы Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды. Қазақ халқының ұлттық мемлекетінің шаңырағы қайта көтерілді.

Жоғарғы өкімет органдары сайланды:

1. Орталық Атқару Комитеті, төрағасы – С.Меңдешев.

2. Халық Комиссарлары Кеңесі, төрағасы – В.Радус-Зенькович.

“Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы” қабылданды.

Қырғыз (қазақ) әcкери-революциялық комитеті жанынан арнаулы комиссия құрылып, республика шекарасын белгілеумен айналысты. Отаршылдық пиғылдағылар Қазақстанға Ақмола, Семей, Орал облыстарының қосылуына қарсы шықты. Басқа біреулер республика құрамына Омбы облысын, Орта Азияның көп бөлігін, Барнаул уезін, Алтай өлкесін қосуды көздеді.

Орынборды Қазақстан құрамына енгізудің маңызы зор болды. Қостанай аймағын республика құрамына қосу қажеттігін А.Байтұрсынұлы мен М.Сералин жан-жақты дəлелдеді. Батыс Сібірге еніп келген Ақмола мен Семей облыстары Қазақстан құрамына енгізілді. Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, Ə.Ермеков, М.Сералин ол жерлердің ежелден қазақтікі екенін дәлелдеді.

ҚАКСР құрамына енгізілген аймақтар:

1. Семей облысы – Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері.

2. Ақмола облысы – Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері жəне Омбы уезінің бір бөлігі.

3. Торғай облысы – Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері.

4. Орал облысы – Орал, Ілбішін Темір, Атырау уездері.

5. Маңғыстау уезі, Закаспий облысы Красноводск уезінің 4,5-адай

болыстары.

6. Астрахань губерниясының бір бөлігі (Каспий теңізінің солтүстік шығысы).

7. Бөкей Ордасы жəне Каспий теңізі жағасындағы округтерге жақын жатқан болыстар.

1921 жылы Ақмола жəне Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан ҚазАКСР-іне берілді. 1921 жылы Жайық, Ертіс өзендері бойындағы бұрын казактар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір қазақ халқына қайтарылды. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік жағынан межелеу барысында қазақ жерінің біртұтас Қазақ республикасы болып қалыптасуы аяқталды.

Сырдария облысының Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент уездері, Əулиеата уезінің көп бөлігі, Ташкент, Мырзашөл уездерінің бір бөлігі, Самарқан облысы, Жизақ уезінің бірнеше болысы, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал уездері, Пішпек уезінің бір бөлігі Қазақстанға қарады.

Республика аумағы – 2,7 млн. шаршы шақырым (1/3-дей кеңейді).

Халқы – 5 млн. 230 мың (1 млн. 468 мыңға көбейді). Қазақтар – 61,3% (1926 ж. санақ). 1925 жылғы сəуірде Кеңестердің бүкілқазақстандық V съезінде “қырғыз-қазақ” атауы берілді.

1924 жылы астана – Қызылордаға, 1929 жылы Алматыға көшірілді.



Сұрақтар
  1. Қай жылы Алашорданы тарату жөнінде шешім қабылданды:

  2. ҚазАКСР-ның тұңғыш астанасы:

  3. 1919 жылы құрылған ең жоғарғы əскери-азаматтық басқарма:

  4. Қазревкомның шығарған газеті:

  5. Қырғыз (Қазақ) АКСР-і құрылған мерзім:

  6. “Қазақ АКСР-інің құрылғандығы жарияланды:

  7. Қостанай аймағын республика құрамына қосуда еңбек етті:

  8. Көкшетау, Петропавл жəне Омбы уезінің бір бөлігі мына облыс құрамында болды:

  9. 10 шақырымдық жер қайтарылған өңір:

  10. Қазақ халқына “қырғыз-қазақ” атауы берілді:

  11. Қазақстанның аймақтарын біріктіруде қазақтардың мүддесін жақтаған ірі тұлғаны көрсетіңіз:

  12. ҚазАКСР-інің астанасы болған қала(лар):

  13. ХХ ғасырдағы қазақ әліпбиі(-лері)

  14. Қостанай аймағын Қазақстан құрамына қосу қажет екені жайында Кеңес үкіметі атына жолданған жан-жақты дәлелденген жазбасының авторы (-лары) кім?

  15. 1920-1924 жж. Батыс Сібірге еніп, бұрыннан қазақ жері болып келген Қазақстан құрамына қосылған облыстарды көрсет.

  16. 1921-жылы қай облыстар Сібір ревкомы қарамағынан Қазақ АКСР-іне берілді?

Қате туралы хабарландыру