Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Әдебиет және өнер

Конспект

Республика жазушыларының ішінен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, танымал сөз шебері Ғ.Мүсірепов ең жоғары Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. “Қан мен тер” трилогиясының авторы Ə.Нұрпейісов жəне ақын Т.Молдағалиев КСРО Мемлекеттік сыйлығын алды. І.Есенберлин хан Кенесары туралы тарихи шындықты ашық жазып, əдебиет тарихында батыл қадам жасады. Шығармаларын орыс тілінде және екі тілде жазатын қазақ жазушыларының шоғыры дүниеге келді: Ә.Әлімжанов, О.Сүлейменов, Б.Момышұлы. Ə.Əлімжанов Əл-Фараби туралы жазған “Ұстаздың оралуы” романы үшін Дж.Неру атындағы халықаралық сыйлыққа ие болды. 1961 жылы О.Сүлейменов тұңғыш ғарышкерге арнап “Адамға табын, Жер, енді” поэмасын жазды. Тілі орысша болса да, шығармаларынан ұлттық реңк айқын сезіліп тұратын еді.

Қазақ халқының басынан өткерген ауыр кезеңдерді бейнелеп, бірегей жеке тұлғаларды өз шығармаларында кейіптеген жазушылар – Т.Ахтанов, Қ.Жұмаділов, М.Мағауин, Ə.Кекілбаев, С.Сматаев.

Көркем əдебиетте елеулі орын алған оқиға қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі болды.

Ш.Аймановтың “Атаманның ақыры”, С.Қожықовтың “Қыз Жібек” фильмдері халық арасында ілтипатпен қабылданды.

Эпостық шығармаларды сахналаумен беделді болған ұлттық театр 1980 жылдары деңгейін төмендетіп алды. Ш.Айтматовтың "Құс жолы" повесі, Ə.Нұрпейісовтің "Қан мен тер" романының сахналық үлгілерін жасау театрға уақытша бедел сақтау мүмкіндігін әперді.

Н.Тілендиев этнографиялық оркестр құрып, əн жазуды ұлттық сарындағы аспапты музыканы уағыздаумен ұштастырды. Ə.Дінішевтің есімі əлемге əйгілі болды. Музыка мәдениетінде әлем эстрадасының деңгейіне жеткен туындылар мен көркемөнер ұжымдары дүниеге келді. “Дос-Мұқасан” ансамблі, əншілер Р.Рымбаева, Н.Есқалиева халықаралық сайыстар лауреаты атанып, шетелдерге танылды.

1980 жылдары республика тұрғындарының 75%-ы теледидар көре алатын болды. 4 республикалық, 19 облыстық бағдарламалар телехабарлар таратты. Республикада “Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясы”, “Қайнар”, “Жалын”, “Өнер” баспалары құрылды.

1978 жылы 12 томдық “Қазақ совет энциклопедиясын” шығару аяқталды. 1978 жылы республикада 19 мыңнан астам кітапхана болды.

Бірыңғай кітап қорында 160 млн-нан астам кітап жинақталды.

1970 жылдары Әл-Фарабидің туғанына 1100 жыл толуы, Азия және Африка жазушыларының V мәслихаты өткізілді.



Сұрақтар
  1. Олжас Сүлейменовтiң “Адамға табын, Жер, ендi!” поэмасы арналған:

  2. “Ұстаздың оралуы” романының авторы:

  3. Қай жылдары ұлттық театр өнерінің деңгейі төмендеп кетті:

  4. “Қан мен тер” трилогиясының авторы:

  5. 1978 жылы елімізде болған кітапханалардың саны:

  6. 1980 жылдары республикада теледидар көре алатын тұрғындардың үлесі:

  7. Республика жазушылары арасынан тұңғыш Социалистік Еңбек Ері атағын иеленді:

  8. Дж.Неру атындағы халықаралық сыйлыққа ие болған шығарма:

  9. Этнографиялық оркестр құрған сазгер:

  10. 12 томдық “Қазақ совет энциклопедиясын” шығару аяқталды:

  11. Әнші Әміре Қашаубаев Майндағы Франкфурт қаласында өнер көрсетті:

  12. Олжас Сүлейменовтың “AзиЯ” кітабы жарық көрді:

  13. Е.Бекмахановтың қатысуымен жазылған “Қазақ КСР тарихы” жарық көрген:

  14. 20 ғасырдың 50-ші жылдары Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған қазақтың дарынды жазушысын көрсетіңіз:

  15. Республика жазушыларының ішінен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, танымал сөз шебері, Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған кім?

  16. Әбу Насыр әл-Фараби туралы «Ұстаздың оралуы» романының авторы (-лары) кім?

  17. Өз шығармаларын орыс тілінде және екі тілде бірдей жазатын қазақ жазушылары:

  18. Кенесары Қасымұлы туралы тарихи шындықты ашып, әдебиет тарихында батыл қадам жасаған жазушы (-лар) кім?

  19. «Қан мен тер» трилогиясының авторы (-лары) кім?

Қате туралы хабарландыру