Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Әдебиет пен өнер

Конспект

Мəдени мұра ішінде қазақ əдебиеті ерекше орын алады. Көркем әдебиет қарыштап дамыды. Қазақ кеңес өнері қалыптасты. Өнер мен ғылым майданға көмектесті. 1913 жылы М.Жұмабаевтың Шолпан” атты алғашқы жыр жинағы жарыққа шықты. С.Сейфуллин Абай дəстүрін жалғастырып, поэзияға екпінді рух берді. Қазақ кеңестік әдебиеті толыға түсті. 1920 жылдардың соңы мен 1930 жылдары қазақ əдебиетіне дарынды өнерпаз жастар келіп қосылды. Ғ.Орманов, Ə.Тəжібаев, Ж.Саин, Ж.Сыздықов, Ə.Сəрсенбаев, Қ.Аманжолов, Т.Жароков, А.Жұмағалиев, Д.Əбілев, Қ.Бекхожин. Аударма ісі дамыды.

Халықтық музыка зерттеле бастады. Этнограф, сазгер А.В.Затаевич 2300-ден астам халық əндері мен күйлерін жазып алды. Қырғыз (қазақ) халқының 1000 əні” және Қазақ халқының 500 əні мен күйі” атты жинақтар шығарды. 1930 жылдардан Қазақстан кино өнерінің негізі салынды. 1936 жылғы мамырда Мəскеуде қазақ өнерінің алғашқы онкүндігі өткізілді. “Қыз Жібек”, “Жалбыр” опералары көрсетілді. Күлəш Байсейітоваға КСРО Халық əртісі атағы берілді.

1939 жылы А.С.Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапхана ашылды. Қазір Ұлттық кітапхана деп аталады. Соғыс жылдары Алматыда 20-дан астам ғылыми-зерттеу институттары орналасты. Əдебиет пен өнер соғысып жатқан халықтың қуатты идеялық қаруы болды. Қазақстаннан 100-ге жуық жазушы мен ақындар майданда шайқасты. Қазақ əдебиеті жаңа есімдермен толықты: Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, С.Мəуленов, Ж.Молдағалиев. Қазақстанға Мəскеу, Ленинград, Киев, Харьков қалаларынан 23 көркемөнер ұжымы көшіріліп əкелінді. 1941 жылғы қарашада көркем фильмдердің біріккен орталық киностудиясы ұйымдастырылды.

Қазақстанның екі концерт бригадасы əскери бөлімдерде өнер көрсетті. Осының бәрі майдан мен тыл бірлігінің нығаюына жәрдемдесті. Кеңес адамдарының қиындыққа қарамастан жеңіске деген сенімін күшейтті.



Сұрақтар
  1. “Сұлушаш”, “Жұмбақ жалау” шығармаларын авторы:

  2. Қазақ халқының Ақпан және Қазан революцияларына қатысқаны туралы жазылған шығарма:

  3. 1920 жылдардың соңы мен 1930 жылдардағы қазақ əдебиетіне келген дарынды жастар:

  4. И.П.Шуховтың танымал шығармасы:

  5. 2300-ден астам халық əндері мен күйлерін жазып алған этнограф, сазгер:

  6. 1925 жылы қазақ əншісі Əміре Қашаубаев қай жерде өнер көрсетті:

  7. Ұлттық театрға Қазақ академиялық драма театры атағы қашан берілді:

  8. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін құрған сазгер:

  9. Алматыдағы қазіргі Ұлттық кітапхананың ашылған жылы:

  10. Соғыс жылдары Алматыда орналасқан ғылыми-зерттеу институттарының саны:

  11. Соғыс жылдары Алматыда ашылған жоғары оқу орны:

  12. Майданда шайқасқан қазақстандық жазушылар мен ақындар саны:

  13. Қазақстанға көркемөнер ұжымы көшіріліп əкелінді:

  14. Қазақстанда көркем фильмдердің біріккен орталық киностудиясы ұйымдастырылған мерзім:

  15. 1950-жылдары Қазақстаннан тыс жерге кетіп қалуға мәжбүр болған қазақтың атақты жазушы:

  16. Ұлттық қазақ театрында алғашқы болып қойылған пьеса:

  17. Дүние жүзі тілдерінің дамуы заңдылықтарын талдаған «Жазу тілі» еңбегінің авторын атаңыз:

  18. Абайдың рухани ізбасары, шәкірті Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектері:

  19. С. Мұқановтың шығармаларын табыңыз.

  20. М. Дулатұлының шығармаларын табыңыз.

  21. Ж. Аймауытовтың шығармаларын табыңыз.

  22. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларын табыңыз.

  23. Мағжан Жұмабаевтің шығармаларын табыңыз.

  24. Сәкен Сейфуллиннің шығармаларын табыңыз.

Қате туралы хабарландыру