Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

VII бөлім. 20 ғасырдың басындағы Қазақстан. 20 ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуы

Конспект

19 ғасырдың басында Қазақстанның шаруашылық дамуында түбірлі өзгерістер қалыптасты. Теміржол құрылысы Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарының жаңа экономикалық қатынастарға тартылуын тездетті. 1893-1895 жылдары салынған ұзындығы 3138 км Сібір темір жолының 178 км Қазақстан шекарасын басып өтті. 1893-1897 жылдары салынған Рязань-Орал темір жолының 194 км Қазақстанның батысын басып өтті. Ұзындығы 1656 км Орынбор-Ташкент темір жолын салу патша үкіметінің шығыс аудандардағы ірі экономикалық шарасы болатын.

Оның Орынбор-Кубек, Ташкент-Кубек бөлімдері 1906 жылдың қаңтарында пайдалануға берілді. Магистраль өтетін өңірлерде орналасқан қазақ шаруалары ығыстырылды. Қазақстанда 1902 жылы 8887 өндіріс орындарында 25392 жұмысшы еңбек етті. Соның ішінде 197 кен өндірісінде 18695 жұмысшы, ал 690 өңдеу өнеркәсібінде 7297 жұмысшы болған. Успен кеніші, Қарағанды көмір шахтасы, Риддер түсті металлургия өнеркәсібі, Спасск мыс қорыту зауыты сияқты ірі өнеркәсіп орнында 300-400 жұмысшы шоғырланды. 1902-1904 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолында 30 мың адам жұмысқа тартылған.

1905-1907 жылдардағы революцияның алғышарты – патша үкіметінің аграрлық саясаты болды. 20 ғасырдың басында Қазақстанға орыс шаруаларын қоныстандыру бұрынғыдан күшейді. 1853-1905 жылдары көшпенді қазақтардан 4 млн. десятина жер, ал 1906-1907 жылдары 17 млн. десятина жер тартып алынды. Келімсек шаруалардың арасында мүліктік айырмашылық болды. Батырақ – 1 десятина жері бар, өте кедей шаруа – 4 десятинаға дейін жері бар, кедей – 5-8 десятинаға дейін жері бар, шамалы орта шаруа – 10 десятинаға дейін жері бар, ауқатты орта шаруа – 15 десятинаға дейін жері бар, кулак – 15 десятинадан астам жері бар шаруа. Қазақстанның жеке аудандарында келімсек шаруалар арасындағы жікшілдік әр дәрежеде қалыптасты. Шымкент уезінде батырақтар мен кедейлер орыс шаруаларының 40%-ын құраған. Жетісу өңірінде батырақтар мен кедейлер – 28,3%, ал кулактар үлесі – 25% болған.

19 ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік жағдайы патша өкіметінің ұлттық езуі мен қанау саясатына қарсылықтың басталуы үшін алғышарттарды қалыптастырды.



Сұрақтар
  1. 1902-1904 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолына жұмысқа тартылған жұмысшылар саны:

  2. 15 десятинадан аса жері бар шаруа:

  3. 1906 жылы Орынбор-Ташкент темір жолының пайдалануға берілді:

  4. 1906-1907 жылдары көшпенді қазақтардан тартып алынған жер көлемі:

  5. Жетісу өңіріндегі кулактар үлесі:

  6. 15 десятинаға дейін жері бар шаруа:

  7. 1853-1905 жылдары қазақтардан тартып алынған жер көлемі:

  8. 1902 жылғы Қазақстандағы өндіріс орындарының саны:

  9. Орынбор-Ташкент темір жолы пайдалануға берілді:

  10. Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігінің жаңа экономикалық қатынастарға тартылуын тездеткен жағдай:

  11. Успен кенішінде 20 ғасырдың басында құрылған ұйымды белгілеңіз:

Қате туралы хабарландыру