iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Қазақстанның экономикалық дамуы
19 ғасырдың 60-жылдарының ортасында Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды Қазақстанға қоныс аударту басталды. 19 ғасырдың 70-жылдарында Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Сырдария, Торғай облыстарына орыс-украин шаруаларын жаппай қоныстандыру жүзеге асырылды. Ресей үкіметі, біріншіден, ішкі губерниялардағы әлеуметтік толқуларды әлсірету және жер мәселесін шешуді көздеді. Ал екіншіден, шаруалардың бір бөлігін ұлттық аудандарға көшіре отырып, патша үкіметі өзіне әлеуметтік тірек жасамақ болды.
Жетісу облысының губернаторы Г.А.Колпаковскийдің ұсынысымен 1868 жылы “Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы” Ереже қабылданды. 1883 жылға дейін күшін сақтаған бұл Ережеге сәйкес жан басына 30 десятина жер берілді.
1883 жылы Жетісу облысына Шығыс Түркістаннан қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендерді орналастыру туралы жаңа Ереже бекітілді. Жан басына 10 десятина жер берілді және орыс шаруалары салықтар мен міндеткерліктен үш жылға босатылды.
1889 жылы 13 шілдеде “Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және олардан бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру” туралы заң қабылданды. Бұл заңда Тобыл, Том губерниялары, Жетісу, Ақмола, Семей обдыстары қоныс аударатын басты аймақ ретінде белгіленді. Бұрын қоныстанған шаруаларға жан басына 15 десятина жер берілді.
Қоныс аударушылардың шұбырған басты аймағы – Жетісу өлкесі. Қоныстандыру саясаты Сырдария облысын да қамтыды. Шымкент, Ташкент, Әулиеата уездерінде 1884-1892 жылдары орыс, украин шаруалары 37 қоныс орындарын құрды. 1855-1893 жылдары Ақмола облысында 24 село ұйымдастырылды. Қазақстанның солтүстік аудандарында егіншілік басым болды. Жылқы санының азайып, сиыр санының көбеюі де ауыл өміріне ене бастаған капитализмнің белгісі болды. Cырдария, Жем, Ырғыз, Сарысу өзендері алқаптарында да егін шаруашылығы маңызды орын алды.
19 ғасырдың 70-80 жылдарынан бастап кедейленген қазақтар күнкөріс үшін тау-кен орындарына, кәсіпорындарға тартыла бастады. Қазақ жатақтары ауылдық пролетариаттың әлі қалыптасып үлгірмеген тобына жатты. Орыс жұмысшы шаруаларымен, қалалық нарықпен байланыстылығы олардың таптық көзқарастары мен мүддесі ортақтығын сезіндірді. 19 ғасырдың соңғы жылдары 300-400 жұмысшылары бар ірі өндіріс орындары пайда болды. Успен кеніші, Қарағанды көмір алыбы, Екібастұз, Риддер өндіріс орындары бүкіл ел көлемінде белгілі болды. Тау-кен орындарымен қатар тұз өндірісі ұлғайды. Қазақстан жұмысшы табының негізгі шоғырланған саласы тау-кен өнеркәсібі болды. 19 ғасырдың соңында 19 мыңдай жұмысшы, ал 1902 жылға қарай 30 мыңға жуық болған. Ұлттық құрамы жағынан қара жұмысшылардың басым көпшілігі қазақтар еді.
Ресей Мемлекеттік банк бөлімшелері шаруашылық және мәдениет ошақтарында – Оралда (1876), Петропавлда (1881), Семейде (1887), Омбыда (1895), Верныйда (1912) ашылды. Сібірлік 57 сауда бөлімшесінің жетеуі Қазақстанда қызмет етті. Ресейлік кәсіпкерлер өз қаражаттарын Қазақстанға өндірістік орындар салуға жұмсай бастады. Ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдейтін тері, май кәсіпорындары іске қосылып, балық аулау кәсіпшілігі пайда болды. Қазақ жерінің табиғи байлығы шетел капиталистерінің көңілін де аударды. Спасск мыс кеніші акционерлік қоғамының акциялары АҚШ, Германия, Бельгия, Швеция өнеркәсібі иелерінің қолына көшті.
1832 жылы Бөкей Ордасында ашылған тұңғыш жәрмеңке осы өңірдегі ірі сауда орталығына айналды. Жәрмеңкенің басты дамыған өңірі Ақмола облысы болған. Ірі жәрмеңкелер – Тайыншакөл (Петропавл уезі), Константиновка (Еленецкая), Ақмола, Петровка (Атбасар станицасы), Қарқара (Жетісу уезі). Шығыс Қазақстанда 19 ғасырдың 80 жылдары 70-тен астам жәрмеңкелер ашылған. Айырбас саудасында қазақтардың есебі “тоқты” немесе бір жасар “ісек” қой болды.
19 ғасыр мен 20 ғасырдың басында Қазақ жерінде 19 жаңа қала пайда болды. Ақмола облысындағы ұсақ қалалардың саны 20-ға дейін жетті.
1897 жылы Ресейде тұңғыш өткізілген халық санағына қарағанда ірі қоныстар бойынша, Оралда – 36446, Верныйда – 22744, Семейде – 20216, Қостанайда – 14175 адам тұрған. Ал кіші қоныстар бойынша, Атбасарда (1846) – 3038, Көкпектіде (1827) – 2830, Торғайда (1845) – 896 адам тұрған. Қала халқының саны түрлі жолдармен қоныс аударған шаруалар, ауылдан қол үзген қазақтар, ішкі демографиялық өсім есебінен қалыптасып отырды.
-
“Село тұрғындары мен мещандарының қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және олардан бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру” туралы Ереже қабылданды:
-
Қоныс аударушылардың көшкен басты аймағы:
-
Ресей крестяндары келіп, егіншілік басым болған өңір:
-
Кедейленген қазақтар тау-кен орындарына тартыла бастаған кез:
-
19 ғасырдың соңғы жылдарындағы ірі өндіріс орындарындағы жұмысшылар саны:
-
1876 жылы банк бөлімшесі ашылған қала:
-
19 ғасырдың соңында өз қаражаттарын Қазақстанда өндірістік орындарын салуға жұмсай бастады:
-
19 ғасырдың 80 жылдары Шығыс Қазақстанда ашылған жәрмеңкелер саны:
-
Көпес Варкав Ботовтың есімімен аталатын жәрмеңке:
-
Құны 6-7 сомдық самаурынға қазақтар қандай құн төледі?
-
19 ғасыр мен 20 ғасырдың басында ұсақ қалаларының саны 20-ға жеткен өңір:
-
Жұмысшы табының негізгі шоғырланған саласы:
-
1883 жылы Жетісу облысына қоныстандырылды:
-
1868 жылы қабылданған “Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы” Ережеге сәйкес жан басына берілетін жер мөлшері:
-
Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс аударту басталды:
-
1883-жылы Жетісу облысына Шығыс Түркістаннан қандай халық (-тар) қоныс аударды?
-
XIX ғасырдың екінші жартысында қай жәрмеңкелер елге танымал болды?