iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі
1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері Қарақұм жиынында жоңғарларға соққы берудің мүмкіндіктерін талқылады. Біріккен халық жасағы құрылып, жоңғар әскері шығысқа қарай ығыстырылды.
1715 жылдың күзінде Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін қазақ жерінің бірлігі ыдырай бастады. Тәуке ханның мирасқоры Қайып елдің басын құрай алмады. Қазақ хандығында жүздер арасындағы тұрақты саяси жəне экономикалық байланыстардың болмауы, қазақ феодалдарының өзара тартысы көрші мемлекеттердің шабуылдауына жол ашты. Солтүстік-батыстан – башқұрттар, солтүстіктен – Сібір казактары, оңтүстіктен – Қоқан, Хиуа хандықтары, шығыстан – Жоңғария, оңтүстік-шығыстан – Қытай шабуылдады. Қазақ жеріне əсіресе қауіп төндіргені жоңғар мемлекеті болды. 17 ғасырдың соңы мен 18 ғасырдың басында жоңғар əскері Жетісудың бір бөлігін жаулап, Сарысу өзені алқабына дейін жетті.
1718 жылы Аягөз өзені бойында жоңғарларға қарсы шайқас болды. Қаракерей Қабанбай мен Жауғашар (Шақантай) батырлардың басшылығымен жау талқандалды. Алайда бұл жеңіс қазақ елінің ауыр жағдайын жақсарта алмады. 1723 жылы жоңғар əскері Қазақ өлкесіне басып кірді. Жетісуды, Қаратауды басып өтіп, Талас алқабындағы қазақ ауылдарын ойрандады. Бұл “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, ақ мешін” апатының басы болатын. Қазақ ауылдары туған жерлерін тастап, іргелес аудандарға үдере көшті. Жетісу өңірі қатты ойрандалды.
XVIII ғасырдағы жоңғар шапқыншылығының ауыр кезеңіндегі халықтың қайғы-қасіреті баяндалған «Елім-ай» әні дүниеге келдді. Бұл негізнен тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама (1723-1725 жж.)» деген атаумен белгілі оқиға кезінде шығарылған. Жоңғарлардан қашқан халықтың басым көпшілігі Сырдан өтіп, Алқакөлге жеткен.
Жоңғарлар 1725 жылы Түркістан мен Ташкентті басып алды . Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Есет, Саурық, Малайсары, Баян, Жəнібек, Райымбек, Наурызбай, Қарасай, Жауғашар батырларымыз туған жерді азат етуге бірікті. Біртұтас əскер ұйымдастыруда Қанжығалы Бөгенбай батыр ерекше көзге түсті. Үш жүз жасақтарының біріккен қимылдары 1726 жылдан басталды.
1726 жылы “Бұланты” шайқасы болды. 60 мыңдық қазақ-қырғыз əскері қалмақтарды талқандады. Бұл жер кейін «Қалмақ қырылған» деп аталды. Шайқастан кейін Қазақстанның солтүстік – батысы азат етілді. 1726 жылы Түркістанның оңтүстік-шығысында Ордабасы жиынында үш жүз жасақтары жауға бірігіп, соққы беру жөнінде келісімге келді. Əбілқайыр бас қолбасшы болып сайланды. 1730 жылдың көктемінде (1729 ж.) Балқаш көлінің оңтүстігінде Аңырақай шайқасы болды. Əбілқайыр ханның басшылығымен үш жүздің əскері қалмақтарға күйрете соққы берді. “Аңырақай” шайқасынан кейін жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегініп, Кіші жүз бен Орта жүз жерлерінің көп бөлігі азат етілді. Алайда осындай халық тағдырының жауапты кезеңінде қазақ хандары Əбілқайыр мен Сəмеке аға хандыққа таласып, алауыздық пайда болды. Ұлы жүз əскері қайта оралған қалмақтардың жаңа күшіне қарсылық көрсете алмады.
Оңтүстік Қазақстан өңірі уақытша жоңғар өктемдігінде қалып қойды.
-
Тәуке ханнан кейін аға хандыққа таласқан хандар
-
«Аңырақай» шайқасының маңызы
-
«Аңырақай» шайқасы болған жер
-
1726 жылы Түркістанның оңтүстік-шығысында болған
-
«Қалмақ қырылған» шайқасынан кейін азат етілген өңір
-
Үш жүз жасақтарының біріккен қимылдары басталды
-
Жоңғарларға қарсы біртұтас əскер ұйымдастыруда ерекше көзге түскен батыр
-
1725 жылы жоңғарлар басып алған қалалар
-
Жоңғар шапқыншылығы кезінде қатты ойрандалған қазақ өлкесі
-
Жоңғар шапқыншылығынан қашқан Ұлы жүз рулары беттеді
-
«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» оқиғасы басталды
-
Аякөз шайқасы болды
-
1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері жоңғарларға соққы берудің мүмкіндіктерін талқандады
-
XVIII ғасырдың бас кезінде жоңғарлардың жеткен жері
-
XVIII ғасырда Қазақ хандығына солтүстіктен шабуылдады
-
Тәуке ханның мирасқоры кім
-
Жоңғарлардың қазақтарға қарсы жорығы «Ақтабан шұбырынды» оқиғасымен ұласты
-
«Аңырақай шайқасында» барлық қазақ жасақтарына қолбасшылық жасаған
-
«Елім-ай» әні дүниеге келген
-
Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ әскерінің қолбасшысы, қазақ батыры
-
Атақты қазақ-жоңғар шайқастары қайсы?
-
Қазақ жерін қорғауда жоңғарлармен болған ірі шайқастардағы аса көрнекті қолбасшылар кімдер?