iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
20 ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті
20 ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті империализм жағдайында өзіне жаңа сапа, басқа бағыт алған өткен мұраның жалғасы болды. 20 ғасырдың басынан Қазан революциясына дейін Семейде, Оралда, Омбыда, Орынборда кітап басып шығару нақты қолға алынды. Орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір, Түркістан бөлімдері, Семейдегі, Орынбордағы бөлімшелері басылымдардың шығуына қамқорлық жасады. Қазақ кітаптарын басып шығару ісін жолға қоюда Петербург, Ташкент, Қазан қалаларындағы баспалар үлестерін қосты.
20 ғасырдың басында Ш.Құдайбердіұлының, М.Дулатұлының, С.Дөнентайұлының, А.Байтұрсынұлының, Д.Тынышпаевтың, Ә.Бөкейхановтың шығармалары жарық көрді. 1909 жылы Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағы ресми баспадан шықты. Демокартиялық бағытта дами бастаған С.Торайғыров, С.Дөнентайұлы, Т.Ізтілеуов, М.Көпеевтің мұралары шығыс əдебиетінен ерекше орын алды.
С.Торайғыровтың “Шəкірт ойы”, “Алты аяқ”, “Бір адамға”, “Адасқан өмір” шығармаларында қазақ ауылының өміріндегі өзгерістер сипатталады. Б.Майлиннің “Шұғаның белгісі”, С.Көбеевтің “Қалың малы”, С.Торайғыровтың “Қамар сұлуы” өмір шындығын, халық тағдырын сипаттаған.
А.Байтұрсынұлының “Қазақ салты”, “Қазақ қалпы”, “Жиған-терген” өлеңдері қазақ халқының саяси санасын оятуға арналды. 1900 жылы Петербургте “Қырық мысал” деген кітабы, 1911 жылы Орынборда “Маса” атты жинағы шықты.
Абайдың талантты шəкірті – Шəкəрім Құдайбердіұлы (1858-1931) араб, парсы, түрік, орыс тілдерін меңгерген. Орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесіне мүше болып сайланған белгілі қайраткер. 1911 жылы жарыққа шыққан “Түрік, қырғыз, қазақ һəм хандар шежіресі”, “Мұсылмандық шарты” кітаптарында, “Қазақ айнасы” өлеңдер жинағында, “Қалқаман-Мамыр”, “Еңлік-Кебек” поэмаларында Шəкəрімнің мазмұнды ойлары, сырлары орын алды.
Патша үкіметінің 1906 жылы қабылдаған оқу-ағарту ісіндегі ережелері ұлттық аймақтарда орыс-қазақ мектептерінің кеңеюіне жағдай жасады. Ал діни мектептерге, медреселерге кедергілер келтірді. Ағарту ісін дамытуда жəне насихаттауда негізгі орын алған басылымдар: “Айқап” журналы, “Қазақ” газеті, “Киргизская степная газета”, “Сибирская жизнь”, “Степной край”, “Сибирский телеграф” газеттері.
«Қазақ» газетінің №1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан. 1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Газет 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Ахмет Байтұрсынов 1917 жылға дейін газеттің редакторы болды. 1917 жылы «Қазақ» газеті «Алаш» партиясының ресми басылымына айналды.
Ауыз əдебиетінің алыбы Жамбыл Жабаев (1846-1945) байлар мен ақсүйектердің жемқорлығын мінеп, оларды халық алдында əшкереледі.
Қазақ халқының ұлы ақындарының бірі Нұрпейіс Байғанин халық дастандарын ел арасында уағыздап, жыршылық өнерді жаңа тарихи жағдайда дамытты. Халық арасында кең тараған батырлар жырының түп нұсқаларын насихаттауда шеберліктің тамаша деңгейіне көтерілді.
20 ғасыр басындағы халық мəдениетіндегі жан-жақты дамыған сала – музыкалық мəдениет. Қазақ музыкасын дамытуға үлес қосқандар: Кенен Əзірбаев, Балуан Шолақ Баймурзин, Дина Нұрпейісова, Үкілі Ыбырай Сандыбаев, Сүгір, қазақтың бұлбұлы Майра Шамсутдинованың музыкалық өнерді дамытудағы орны ерекше. Әншілер Қали Байжанов, Манарбек Ержанов, Əміре Қашаубаевтың орындаулық шеберліктері айрықша. Халық сазгерлері Естайдың “Майдақоңыры”, Үкілі Ыбырайдың “Гəккуі”, Динаның “Көңіл ашары” қазақтың музыкалық мәдениетінің дамуына үлкен әсер еткен туындылар. Патша үкіметінің отаршыл саясатына қарамастан, қазақ халқының өзіндік мәдениет үлгілері тамаша нәтижелерге жетті.
-
«Маса» өлеңдер жинағының авторы:
-
«Қазақ» газеті «Алаш» партиясының ресми басылымына айналды:
-
А.Байтұрсынұлының 1911 жылы Орынборда шыққан жинағы:
-
“Түрік, қырғыз, қазақ һəм хандар шежіресінің” баспадан щыққан мерзімі:
-
“Айқап”, “Қазақ” басылымдары насихаттады:
-
Жыршылық өнерді жаңа тарихи жағдайда дамытқан ұлы ақын:
-
“Гəкку” әнін шығарған сазгер:
-
“Адасқан өмір” шығармасын авторы:
-
Абайдың шығармалар жинағы баспадан шықты:
-
XX ғасырдың басында қазақ кітаптарын шығаруда үлес қосқан баспалар:
-
1913 жылдан бастап басылымға шыққан апталық газеті:
-
Әлихан Бөкейхан патша үкіметі тарапынан қуғынға ұшырағандықтан мақалаларын қандай лақап атпен (-тармен) жариялап отырғанын көрсетіңіз.
-
А. Байтұрсынұлының шығармаларын анықтаңыз.
-
Міржақып Дулатұлының шығармаларын анықтаңыз.
-
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдерін анықтаңыз.
-
Ш. Құдайбердіұлының мазмұнды ойлары, сырлары XX ғасырдың басында қай шығармаларында көрініс тапқан?
-
XX ғасырдың басындағы музыка мәдениетінің өкілдері деп кімді атаймыз?