Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Түргеш қағанаты (704 -756 жылдар)

Конспект

Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрген. Үлкен ордасы – Суяб қаласы, кіші ордасы – Іле өзені бойындағы Күнгіт қаласы болды. Қағанаттың негізгі жер аумағы Жетісу болды. Сонымен қатар қағанаттың жері Шаш (Ташкент) қаласынан Бесбалық, Тұрфан қалаларына (Шығыс Түркістан) дейінгі аралықты қамтыды. Алғашқы қағаны – Үшлік. Түргештер сары және қара түргештер болып бөлінген. Олар Шу, Талас, Іле өзендерінің бойында өмір сүрген.

Сұлу қаған кезінде үш жақты күрес жүрді. Біріншіден, батыста арабтардың шапқыншылығы күшейді, екіншіден, шығыста Қытай қауіп төндірді. Үшіншіден, Шығыс Түрік қағанаты Жетісудағы ішкі қайшылықтарды пайдалануға тырысты. Сұлу қаған шығыстағы жағдайды әскери келісімшарт жасаумен қатар, құдандалық жолмен шешуге тырысқан. Сұлу қағанның шайқастарға тікелей өзі қатысуына және үнемі жеңіске жетуіне байланысты арабтар оған “Сүзеген”, “Мүйізді қаған” деп ат қойған. 751 жылы түргештер Таразға жақын жердегі Атлах қаласында көмекке келген арабтар және қарлұқтармен бірлесіп, қытай әскеріне күйрете соққы берді. Қытайлардың аман қалған бөлігі Жетісудан біржолата кетуге мәжбүр болды. Алайда жікке бөлінушілік тоқтамай, қағандық біржола әлсіреді. Бұл жағдайды пайдаланған қарлұқ көсемдері 756 жылы Түргеш қағанатын құлатып, билікті өз қолдарына алды.

Түргештер көшпелі және жартылай көшпелі мал өсірумен, жартылай отырықшы егін салумен шұғылданды.



Сұрақтар
  1. Соғдылықтардың Жетісуға көптеп келе бастаған уақыты

  2. Түргеш қағанатының орталығы

  3. Орта Азияда өмір сүрген иран тілдес халық

  4. Түргеш теңгелері соғылған қала

  5. Түргештерде шаруашылықтағы негізгі мәселенің бірі

  6. Түргеш қағанаты құлады

  7. Атлах шайқасында бірігіп шайқасты

  8. 748 жылы Суябты жаулап алды

  9. Сұлудың орнына келген қаған

  10. Соғды жерінен арабтар қуып шығарылды

  11. Арабтардың Сұлу қағанға қойған аты

  12. Сұлу қағанның Тоқарстандағы арабтарды жеңген жылы

  13. Сұлу қағанның шығыстағы жағдайды жақсартуда қолданған тәсілдері

  14. Орданы Суябтан Талас қаласына көшірген қаған

  15. Түргештер туралы алғашқы деректер

  16. Түргеш қағанатының негізгі жер аумағы

  17. «Соғдылықтардың ішінде түрікше сөйлемейтіндері жоқ» – деп жазған ғалым

  18. Араб басқыншыларына қарсы шайқаста Сұлу қаған бірлескен ел

  19. Үшлік қаған билік жасады

  20. Түргеш мемлекетінің әлсіреуі нәтижесінде Қарлұқ қағанаты құрылды

  21. Түргеш қағанаты тарихындағы әйгілі билеуші (-лер), мемлекеттің негізін қалаушы (-лар)

  22. Түргештердің негізгі құрамы бөлінеді

  23. Түргеш қағандығын билеушілері

Қате туралы хабарландыру