iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Батыс Түрік қағанаты (603-704 жылдар)
Қазақстан аумағында 603 жылы Батыс Түрік қағанаты құрылды. Батыс Түрік қағанатының орталығы Шу өзені бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты. Ол Жамбыл облысында Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты.
Он тайпа бес нушеби және бес дулу тайпаларына бөлінді. Шегу мен Тон қағандар тұсында қағанаттың саяси билігі күшейді. Шегу қаған шығыстағы шекараны Алтайға дейін, батыстағы шекараны Тарым өзені мен Памир тауына дейін жеткізді. Тон қаған Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрған. Халқының құрамы алуан түрлі тайпалардан тұратын қағандықта 630 жылдан бастап билік үшін талас басталды. Нушеби тайпасының қолдауымен Ешбар Елтеріс 634 жылы билікті иеленді. Ешбар Елтеріс елді басқаруды қайта құрып, “он-оқ бұдун” жүйесін енгізді. Қағанның он түменнен тұратын әскери жасағы болды. Дулу мен нушеби арасындағы 640-657 жылдардағы тартыс қағандықты мүлде әлсіретті. Осыны пайдаланған Қытай әскері 659 жылы Жетісуға басып кірді.
Батыс Түрік қағанатының басқару жүйесінде қаған – жоғарғы билеуші және әскербасы болып саналды. Жоғарғы лауазымды қаған руынан шыққан ақсүйектер иеленді. Оларға ябғу, шад, елтебер атақтары берілді. Ал сот істерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Жергілікті жерлерде қағанның негізгі тірегі бектер болған. Қарапайым халықты “қара бұдундар” деп атаған. Түрік қоғамында “тат” сөзі құл деген мағынаны білдіреді.
Қағанаттағы негізгі шаруашылық – маусымды жайылымға негізделген жартылай мал шаруашылығы болды. Қалалардың дамуында соғдылықтардың рөлі басым болған. 7 ғасырдың бас кезінде түріктер жаппай отырықшылана бастады.
Ал Шығыс Түрік қағанаты 682-744 жылдары өмір сүрді. Құтлық (Елтеріс), Қапаған қағандар тұсында қағанат қуатты мемлекетке айналды. Аумағы – Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Оңтүстік Сібір. Даңқты қолбасшы Тоныкөк түркі халқының жауынгерлік даңқын асқақтатты. 741 жылы Білге қағаннан кейін қағанат әлсіреп, ыдырай бастады.
-
Қытаймен тиімді шарт жасасқан Шығыс Түрік қағаны
-
Шығыс Түрік қағанатының өмір сүрген жылдары
-
«Қаған жасыл жібектен желбегей шапан киген» – деп жазған
-
Түріктер жаппай отырықшылана бастады
-
Батыс Түрік қағанатындағы негізгі шаруашылық
-
Түрік қоғамында құлдықтың болғандығын аңғартатын дерек
-
Салықтың «қанмен өтейтін» түрі
-
Батыс Түрік қағанатында сот істерін атқарушылар
-
Қағанаттағы жоғарғы билеуші және әскербасы
-
704 жылы Қытай басқыншыларын жеңген қаған
-
659 жылы Жетісуға басып кірген мемлекет
-
Ешбар Елтеріс қаған енгізген жүйе
-
Батыс Түрік қағанатында билік үшін талас басталды
-
Тон қағанның одақтасы болған ел
-
Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрған билеуші
-
Шегу қағанның билік құрған кезі
-
Батыс Түрік қағанатының алғашқы билеушісі
-
Батыс Түрік қағанатының халқы
-
Батыс Түрік қағанатының орталығы
-
Қазақстан аумағында 603 жылы құрылған мемлекет
-
Батыс Түрік қағанатының билеушілері
-
Батыс Түрік қағанатында сот істерін атқарған