Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Қазақ халқының 16-17 ғасырлардағы шаруашылығы

Конспект

Қазақ халқының көшіп-қонуында белгілі бір бағыт, әрбір ру-тайпаның өз көші-қоны болған. Маусымды көші-қон дегеніміз – жыл мезгілінің ерекшелігіне қарай мал басын аман сақтау үшін көшіп-қону. Маусымды көші-қон 4 мезгілге бөлінеді: қысқы көш, көктемгі көш, жазғы көш, күзгі көш. Қыстауда 6 ай қозғалмай бір жерде отырған. Көктеу, жайлау, күздеуде 2 айдан тұрақтаған. Қыста мал бағатын қазақ ауылдары үшін ең қауіптісі жұт болды. Жұт дегеніміз – жем-шөптің таусылып, қыстың ұзарып, қатты суық болудан, қар қалың түсіп жер бетінің мұз басып қатуынан және түрлі жұқпалы аурулардан малдың қырылуы. Малдың жұқпалы аурулары: кебенек – ешкіде, қарасан – сиырда, топалаң – қойда, маңқа, жамандат – жылқыда, ақшелек – түйеде болған. Көктеуге көшудегі басты мақсат – мал төлдету, жүн қырқу. Жайлауға көшудің басты міндеті – малды семірту. Себебі малдың қыстан аман шығуы жайлаудағы қоңдануына байланысты болған. Күздеуде қойдың күзем жүнін қырқады. Әйелдер күзем жүннен киіз басып, киіз үйлерінің қажетті бұйымдарын дайындаған. Күздік көш жүгін қысқа дайындаған азық-түліктері, киіз-төсеніштері, киімдері ауырлатқан.

Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан өте ертеден егіншілік мəдениеттің өркендеген жері болып есептеледі. Қазақтар аңшылықпен, үй кәсіпшілігімен, қолөнермен де айналысқан. Көшпелілер үй кәсібінде мал шаруашылығы шикізаттарын өңдеумен айналысты. 17 ғасырдағы деректерге қарағанда алтындап, қымбат тастармен әшекейлеп жасаған сәукелелердің құны бір үйір жылқымен бағаланған.

Оңтүстік Қазақстандағы қалалар 15 ғасырдың аяғынан Қазақ хандығының қол астына қарай бастады. Ал 16-17 ғасырларда ол қалалар толық қазақтардың қолына өтіп, төңірегінде елді мекендер қалыптасты. Қалалар шығыстан батысқа қарай Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан.

Сығанақ қаласы қазақтар үшін сауда орталығы, 13 ғасырдан қыпшақтардың орталығы, 15-16 ғасырлардан Қазақ хандығының астанасы болған. Түркістан қаласы 16 ғасырдың соңында Қазақ хандығының астанасына айналды. Қазақ халқының ұлттық негізі Түркістанда бекіген. 18 ғасырдан бастап ортағасырлық қалалар экономикалық жағынан әлсірей бастаған. Бұған жоңғар-қалмақ шапқыншылығы, қазақ-өзбек хандықтары арасындағы жүз жылға жуық болған соғыстар, Ұлы Жібек жолының сауда жасау қуатының әлсіреуі басты себеп болды.



Сұрақтар
  1. Маусымды көші-қон мезгілі

  2. Қыста қазақ ауылдары үшін ең қауіпті жағдай

  3. Көктеуде жас төлге арнап жасалған жылы күрке

  4. Қазақтардың жайлауға көшудегі басты мақсаты

  5. Күздеуге көшу басталатын мезгіл

  6. Ерте заманнан егіншілік кәсібі дамыған аймақ

  7. Астық сақтайтын орын

  8. Малынан айырылып, егіншілікпен айналысқан кедейлер

  9. Құны бір үйір жылқымен бағаланған қымбат таспен әшекейленген бұйым

  10. Оңтүстік Қазақстандағы қалалардың Қазақ хандығына толық өткен кезі

  11. XV–XVI ғасырлардағы Қазақ хандығының астанасы

  12. Қазақ халқының ұлттық негізі бекіген қала

  13. Ортағасырлық қалалар экономикалық жағынан әлсірей бастады

Қате туралы хабарландыру