iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
8 тарау. Қазақ мемлекетінің 16-17 ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы
Қоғамның дамуына байланысты басқару жүйесі күрделене түсті. Ұлттың қалыптасу барысында ұлттық басқару жүйесінің қажеттілігі туындады. Қазақ хандығының басқару жүйесі 7 тармақтан тұрды. Ауылдық басқару, ата-аймақ, рулық басқару, ұлыстық билік, жүздік билік, хандық билік, құрылтай немесе мәслихат. Ауылдық басқару туыстас жақын адамдардың бірнеше отбасынан құралды. Ауылды ауылнай немесе ауылбасы басқарған. Ата-аймақ бір атадан тараған, жеті атаға дейінгі бірнеше ауылдан құралды. Бұл ұйымды ақсақал басқарған. Ру он немесе он бес аймақтан құралған. Ру басшысын ру биі немесе рубасы деп атаған. Ұлыс бірнеше рудан құралды. Әр ұлыс өз жерінен жаугершілік жағдайда он мыңдық жасақ шығара алды. Ұлыстың бас билігі ұлыс сұлтанының немесе ханның қолында болды. Жүз бірнеше ұлыстардан құралды. Жүздің басшысы, қызметі би атағының ең биік деңгейі болып есептеледі. Жүздің биі ордаби деп аталған. Хандық үш жүзден құралды. Ұлы жүз аумағы – Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Орта жүз аумағы – Орталық жəне Солтүстік-Шығыс Қазақстан. Кіші жүз аумағы – Батыс Қазақстан. Қазақ хандығының билігі Ұлы ханның қолында болды.
Бүкіл қазақ ұлтының бас қосқан кеңесі – Құрылтай (Мəслихат). Ел басына ауыр күн туғанда күрделі мәселені талқылауға үш жүздің азаматтары құрылтайға түгел қатысады. Хан тағына малы көп шонжар-сұлтандар сайланды. Сонымен бірге хан болып сайлану үшін Шыңғыстың ұрпағы болу басты талап болды.
16-17 ғасырларда қазақ халқының құрамы негізгі екі топтан тұрды. Олар ақсүйектер мен қарасүйектер. Қазақ қоғамында бас бостандығы жоқ құлдар мен күңдер де болған. Оларда ешбір құқық болмаған.
-
Кіші жүз рулары
-
Төре тұқымының ішкі әулеттік дауларын кім шешті?
-
Бүкіл қазақ ұлтының бас қосқан кеңесі
-
Хан болып сайлану үшін қойылатын басты талап
-
Ханның жасағы
-
Қазақ қоғамындағы ақсүйектер тобы
-
Қазақ қоғамында ешбір құқығы болмағандар
-
Ұлы жүз құрамына кіретін рулар
-
Жүздік ұйым құралды
-
Әр ұлыстың жаугершілік жағдайда шығаратын жасағы
-
Өз қасиетімен немесе аталарынан мұрагерлікпен жеткен адам билік етті
-
Жеті ата арасындағы дау-жанжалды реттеп, кінәлы жағын жазалап отырды
-
Туыстас жақын адамдардың бірнеше отбасынан құралды
-
Қазақ хандығын басқару жүйесінің неше тармағы бар?
-
Арал өңірінің қазақтары Әбілғазыны хан сайлады
-
Орбұлақ шайқасы кезінде Жәнгір ханға көмекке кім келді?
-
Атақты Орбұлақ шайқасы қай жылы болды?
-
Орта жүздің құрамына кіреді
-
Кіші жүздің құрамына кірген тайпалар
-
12 ата Байұлының құрамына кірген тайпалар
-
Жетірудың құрамына кірген тайпалар
-
6 ата Әлімұлының құрамына кірген тайпалар