iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Архитектура және өнер.
Жерімізде сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері көптеп кездеседі. 7-8 ғасырларда басталып, бітпей қалған Ақыртас ғимараты төртбұрышты кесек тастардан қаланған. Білеулі ғимараты Қазақстан мен Қарақалпақстан шекарасында орналасқан. Құдық үстіне салынған құрылысты парсыша “сардоба” деп атайды. 6-9 ғасырларда Мырзашөл керуен жолының бойына салынған екі сардоба белгілі. Екі сардобаның құрылысы және күмбездері киіз үйдің жобасына ұқсайды.
Дың ескерткіштері қаза болған адамды жерлеген жерге тұрғызылған. Олар Орталық Қазақстан, Жетісу, Тарбағатай, Маңғыстау жерлерінен көптеп табылды. Ақбешім, Суяб қалаларынан будда ғибадатханаларының орындары табылған (7-8 ғ.ғ.). 9 ғасырдың екінші жартысынан бастап ислам дінінің архитектуралық құрылыс жүйесі салына бастаған. Баба-Ата қаласы орнынан мешіттің қалдығы табылған. Балбал (мүсін тас) қаза болған қолбасшы, атақты адамдардың басына қойылған. Балбал тастар Орталық Қазақстанда, Жетісуда өте көп кездеседі. Қолданбалы өнер түрлеріне балшықтан жасалған терракота, көркем керамика және ұсақ пластика жатады. Терракоталарда адамның бет-әлпеті, шашы, киімі бейнеленеді.
-
Терракоталарда бейнеленеді
-
«Әкем Қағанға балбық тіктім» деп жазған
-
Ислам дінінің архитектуралық құрылысы салына бастады
-
Будда ғибадатханаларының орындары табылған қала
-
Дың ескерткіштері көп салынған кезең
-
Құдық үстіне салынған құрылыс
-
Ақыртастан кіші сәулет өнері
-
Құрылысы аяқталмай қалған ғимарат
-
Будда ғимараттарының орны табылған қалалар
-
6–11 ғасырларда салынған екі сардоба
-
X–XІІІ ғасырларға жататын Тараз маңындағы кесене (-лер)
-
Сардобалардың атаулары
-
Дың ескерткіштерінің көп сақталған жерлері