Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Ежелгі адамдардың қоршаған орта туралы түсінігі

Конспект

 

Адамдар өз білімдерін суретті хат – пиктография арқылы хабарлаған. Әрбір ұғымның өзіндік шартты таңбасы болған. Шұбар атты салу арқылы малдың індет ауруынан қырылғанын білдірген.

Қараүңгір мекенінен дөңгелек түптері қызыл бояумен боялған қыш ыдыстар табылды. Ыдыстарға шұңқыр мен штрихтар түріндегі өрнектер салынған. Қарағанды облысынан табылған қыш ыдыс толқын тәрізді және геометриялық өрнектермен әшекейленген.

Тотемизм – адамдардың шығу тегін жануарлар, өсімдіктер немесе табиғат құбылыстарымен байланыстырды. Ежелгі адамдар өздерін белгілі бір жануардан таралдық деп есептеген. Сол жануарларды ата тегіміз деп сиынған.

Адамдар табиғаттың дүлей құбылыстарынан сақтану үшін әр түрлі тылсым әрекеттер жасаған. Магиялық әрекеттер – құлшылық етіп сиыну, құрбандық шалу, қорғайды деген түсінікпен тұмар тағу.

Сонымен бірге, адамдардың наным-сенімі кәсіптің түріне тәуелді болған. Егіншілер егіннің, малшылар табынның өз құдайлары болады деп есептеген.

Діни түсініктердің пайда болуын неандертальдықтардың жерлеу ғұрпынан байқауға болады. Олар өлімді мәңгі ұйқыға кету деп түсінгендіктен, адамды бір қырынан жатқызып, бір қолын басының астына салып жерлеген. Адамның маңайына киіктің мүйізін айналдыра қойған.

Өте ерте заманда өлген адамның үстіне қызыл минерал бояу сепкен. Қызыл түс – қанның түсі. Ертедегі адамдар қан жанмен байланысты екенін білген.

Палеолиттік суретшілер сурет салуда ағаш көмірін пайдаланған. Суреттер үңгірдің қабырғасында бейнеленген. Шашын таңғаларлықтай сәндеген, белін буған әйелдерді жиі бейнелеген. Әр түрлі бояумен шауып келе жатқан аттарды, аңшылықтың түрлі көріністерін салған.

Ертедегі мүсіншілер сүйек пен мүйізден жүгіріп жүрген еліктердің және адамдардың бейнесін ойып жасаған. Cүйек пен мүйізден жасалған әйелдердің мүсіндері көп табылған. Еңбек құралдарын ойып әшекейлеу жиі кездеседі.

 

 



Сұрақтар
  1. Қанның жанмен байланысты екендігіне деген сенім

  2. Жүгіріп жүрген еліктің бейнесі неден жасалды?

  3. Алғашқы қауым суретшілері жиі бейнеледі

  4. Неандертальдықтардың адамды жерлеу ғұрпы

  5. Магиялық әрекеттерге не жатады?

  6. Адамдардың шығу тегін жануарлар, өсімдіктер, табиғат құбылыстарымен байланыстыратын ең көне сенім

  7. Қаратаудағы Қараүңгір мекенінен табылған зат

  8. Тасқа түсірілген суретті хат

  9. Ежелгі адамдардың түсінігіне тән сенім

  10. Ежелгі адамдардың түсінігі бойынша құрбандық шалудың мақсаты

  11. Ежелгі адамдардың түсінігі бойынша шұбар аттың белгісі нені білдірді?

  12. Неандертальдықтардың өлімді қалай түсінді?

  13. Алғашқы діни түсініктер

  14. Тасқа түсірілген хат суреттер

Қате туралы хабарландыру