iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Етістік, түрлері, етістіктің түрленуі, сөйлемдегі қызметі
Етістік – заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді. Сұрақтары: қайтті? Не істеді? Не қылды? Ертең ат шабады (қайтеді?), балуан күреседі (не істейді?).
Етістік құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара етістік; 2) күрделі етістік.
Дара етістік бір ғана сөзден тұрады. Мысалы, Жапырақтардың сыбдыры естіледі. Сөйлемдегі естіледі етістігі бір ғана сөзден тұрған дара етістік.
Күрделі етістік екі не одан да көп сөзден құралып, бір мағынаға ие болады, бір сұраққа жауап береді, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады. Мысалы, Бала күліп жіберді. Бала күліп жібере жаздады. Бала күліп жіберуге шақ қалды. Сөздердің дыбыстық өзгеріске ұшырап кірігуінен жасалған күрделі етістіктер: апар – алып бар, әкел – алып кел, әкет – алып кет, әпер – алып бер, түрегел – тұрып кел. Сөздердің қосарлануынан жасалған күрделі етістіктер: бара-бара шаршады, айта-айта жалықты, күліп-күліп шығып кетті.
Күрделі етістік құрамындағы бірінші сөз негізгі етістік болады да, негізгі мағынаны білдіреді. Кейінгі сөздер көмекші етістік болады.
Етістік тұлғасына қарай екіге бөлінеді: 1) негізгі түбір етістік; 2) туынды түбір етістік.
Негізгі түбір етістік етістік сөздің өзінен болады: отыр, тұр, жүр, жатыр, оқы, кел, барды, жүгірді, жасаған, көрген.
Туынды етістік басқа сөз таптарына сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалады.
Туынды етістіктің жасалу жолдары:
ЕСІМ СӨЗДЕР |
ТУЫНДЫ ЕТІСТІК |
Балта Би Бас Үтік Дамыл Сән Рух Әдет Көмек Сыр Пікір Жиын Орын Жаман Көк Екеу |
Балтала Биле Баста Үтікте Дамылда Сәнде Рухтан Әдеттен Көмектес Сырлас Пікірлес Жина Орна Жаманда Көгер Екеуле |
БАСҚА СӨЗ ТАПТАРЫ |
ТУЫНДЫ ЕТІСТІК |
Бұрқ Күрк Жымың Күлім Тасыр Ілгері Жоғары Ақырын Аз Көп Ауһау Құрау Уһ |
Бұрқыра Күркіре Жымыңда Күлімде Тасырлат Ілгеріле Жоғарыла Ақырындат Азсын Көпсін Ауһаула Құраула Уһле |
Етістік іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай екіге бөлінеді:
1) болымды етістік; 2) болымсыз етістік.
Болымды етістік іс-әрекеттің орындалғанын, жүзеге асқанын білдіреді: оқы, жазды, айтқызды, орындады, сана, жүгір.
Болымсыз етістік іс-әрекеттің орындалмағанын, іске аспауын көрсетеді.
Болымсыз етістік екі түрлі жолмен жасалады:1) Синтетикалық тәсіл: негізгі және туынды түбір етістікке: -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы: жақындама, жүгірме, сұранба, күрсінбе, алыстатпа, тездетпе, т.б.
Түрі |
Ереже |
Жасалуы |
мысалдар |
Өздік етіс (орындаушы өзі) |
Қимылды орындаушының өзі істейді. |
-ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы |
Жуынды, киінді, боянды, таранды. |
Өзгелік етіс (орындаушы өзге біреу). |
Қимылды өзге біреуге орындатқызады. |
-дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір; -қыз, -кіз, -ғыз, -гіз; -т жұрнақтары арқылы |
Жаздыр, бердір, айттыр, келтір, асыр, кетір, жасат, сөйлет. |
Ырықсыз етіс (орындаушы белгісіз) |
Орындаушы айтылмайды, іс-әрекет өздігінен жасалғандай.
|
-ыл, -іл, -л; -ын, -ін, -н; жұрнақтары арқылы |
Айтылды, көтерілді, тасылды, салынды, әкелінді, тазаланды. |
Ортақ етіс (орындаушы көп) |
Қимылды орындаушы біреу емес, бірнешеу болады. |
-ыс, -іс. –с жұрнақтары арқылы |
Орысты, тазаласты, көтерісті. |
2) Аналитикалық тәсіл: -ған, -ген, -қан, -кен, формалы есімшеге жоқ, емес сөзінің тіркесуі арқылы: айтқан жоқ, келген жоқ, барған емес, көрген емес, т.б.
Етістік мағынасына қарай екіге бөлінеді: 1) сабақты етістік; 2) салт етістік. Сабақты етістік – мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп, кімді? нені? (не?) деген сұрақтарға жауап беретін табыс тұлғалы сөзбен байланысады. Мысалы, Отты (нені?) үрлеген жағады, шындықты (нені?) іздеген табады. Ата-анаңды (кімді?) құрметте, үлкенді (кімді?) сыйла. Шығарма(ны) - не(ні?) жаз. Ән(ді – -не(ні?) тыңда. Білім(ді) -не(ні?) үйрен.
Салт етістік тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етпейді. Салт етістік табыс септіктен басқа атау, ілік, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе береді. Мысалы, Ата-анаңа (кімге?) құрмет көрсет. Қиындықтан (неден?) қорықпа. Жолдастарыңмен (кімдермен?) тату бол. Тілек (кім?) биледі, т.б.
Етістер – іс-әрекеттің, қимылдың орындаушыға, яғни іс иесінің істелетін іске қатысын білдіретін етістіктің түрі. Етістің төрт түрі бар: 1) өздік етіс, 2) өзгелік етіс, 3) ырықсыз етіс, 4) ортақ етіс.
Етістер етістікке түрлі қосымшалар жалғану арқылы жасалады. Мысалы,
Өзгелік етістің -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір,
-р, -т және ортақ етістің -ыс, -іс, -с жұрнақтары салт етістікті сабақты етістікке айналдырады. Мысалы:
Ырықсыз етістің -ыл, -іл, -л; (-ын, -ін, -н) және өздік етістің -ын, -ін, -н жұрнақтары сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Мысалы:
-
Негізгі етістікті анықтаңыз.
-
Күрделі етістік қатысқан тіркесті табыңыз.
-
Күрделі етістікті табыңыз.
-
Дара етістікті сөйлемді көрсетіңіз.
-
Күрделі етістіктің құрамын анықтаңыз.
Жүргелі отырмын.
-
Болымсыз етістікті белгілеңіз.
-
Салт етістікті анықтаңыз.
-
Сабақты етістікті ажыратыңыз.
-
Есімдерден етістік жасайтын жұрнақты көрсетіңіз.
-
Негізгі түбір етістікті табыңыз.
-
Қимылды, әрекетті білдіретін сөзді анықтаңыз.
-
Күрделі етістік қатысқан сөз тіркесін көрсетіңіз.
-
Туынды етістікті табыңыз.
-
Қайтті? қайтеді? сұрақтарына жауап беретін сөз табын белгілеңіз.
-
Зат есімнен болған етістікті анықтаңыз.
-
Негізгі етістікті анықтаңыз.
-
Ырықсыз етісті табыңыз.
-
Ортақ етісті көрсетіңіз.
-
Ырықсыз етіс қатысқан сөйлемді анықтаңыз.
-
Ортақ етісті анықтаңыз.
-
Өзгелік етісті анықтаңыз.
-
Тұйық етістік қатысқан сөйлемді табыңыз.
-
Етістіктердің сөйлемдегі қызметін ажыратыңыз.
Жығылған – күреске тоймас.
-
Көмекші етістік қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
-
Тұйық етістікті көрсетіңіз.
-
Көмекші етістікті қатарды көрсетіңіз.
-
Тұйық етістікті сөзді табыңыз.
-
Көмекші етістікті тіркесті көрсетіңіз.
-
Көмекші етістік қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
-
Көмекші етістік қатарын көрсетіңіз.
-
Көмекші етістіктің қай сөз табымен тіркескендігін көрсетіңіз.
Жамбыл бала жасынан дарынды еді.
-
Тұйық етістікті табыңыз.
-
Тұйық етістікті сөйлемді көрсетіңіз.
-
Жақпен де, шақпен де байланысты болмайтын етістік түрін табыңыз.
-
Көмекші етістікті белгілеңіз.
-
Тұйық етістікті табыңыз.
-
Етістік болатын қатарды белгілеңіз.
-
Етістікке тән сұрақты табыңыз.
-
Етістік құрамына, тұлғасына қарай нешеге бөлінетінін белгілеңіз.
-
Негізгі етістікті анықтаңыз.
-
Туынды етістікті көрсетіңіз.
-
Есім сөздерден жасалған туынды етістіктерді табыңыз.
-
Күрделі етістік қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
-
Болымды етістік қай қатарда екенін белгілеңіз.
-
Болымсыз етістікті көрсетіңіз.
-
Қалып етістік қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
-
Салт етістікті белгілеңіз.
-
Болымсыз етістік болатын қатарды анықтаңыз.
-
Сабақты етістік қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
-
Баяндауышы тұрақты тіркестен болған сөйлемді анықтаңыз.
-
Табыс септігіндегі сөзді талап ететін етістікті табыңыз.
-
Етістің неше түрі барын көрсетіңіз.
-
Ырықсыз етіс қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
-
Табыс септікті сөзді қажет етпейтін етістікті белгілеңіз.
-
Өздік етіс қатысқан сөйлемді табыңыз.
-
Өзгелік етістің барлық жұрнақтары тізбектеле жалғанған сөзді табыңыз.
-
Етістіктің түбірінде «л» дыбысы болғанда, жалғанатын ырықсыз етістің жұрнағын көрсетіңіз.
-
Ортақ етістің жұрнағын көрсетіңіз.
-
Баяндауышы туынды етістіктен болған сөйлемді көрсетіңіз.
-
Түбірі еліктеу сөзден болған туынды етістікті табыңыз.
-
Етістіктің анықтамасын көрсетіңіз.
-
Есімше тұлғалы көмекші етістіктің сөйлемдегі қызметін көрсетіңіз.
Жерден ауыр дегенім – ақыл-білім.
-
Тәуелдеулі септелген тұйық етістікті табыңыз.
-
І жақтың көпше түріндегі жедел өткен шақ етістігін табыңыз.
-
Күрделі етістікті табыңыз.
-
Өздік етіске тән анықтаманы көрсетіңіз.
-
Есімдерден етістік жасайтын жұрнақты көрсетіңіз.
-
Сабақты етістікті табыңыз.
-
Өзгелік етістің жұрнақтарын белгілеңіз.
-
Тұйық етістік
-
Есімдерден жасалған туынды етістік (-тер)
-
Сабақты етістік қатысқан қатар (-лар)
-
Күрделi етiстiк (-тер)
-
Тұйық етістік (-тер)
-
Өзгелік етістің жұрнақтары