Скачай приложение iTest
Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате
Етістік, түрлері, етістіктің түрленуі, сөйлемдегі қызметі
Етістік – заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді. Сұрақтары: Қайтті? Не істеді? Не қылды? Ертең ат шабады (қайтеді?), балуан күреседі (не істейді?).
Етістік құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара етістік; 2) күрделі етістік.
Дара етістік бір ғана сөзден тұрады. Мысалы: Жапырақтардың сыбдыры естіледі. Сөйлемдегі естіледі етістігі бір ғана сөзден тұрған дара етістік.
Күрделі етістік екі не одан да көп сөзден құралады, бір мағынаға ие болады, бір сұраққа жауап береді, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады. Мысалы: Бала күліп жіберді. Бала күліп жібере жаздады. Бала күліп жіберуге шақ қалды. Сөздердің дыбыстық өзгеріске ұшырап кірігуінен жасалған күрделі етістіктер: апар – алып бар, әкел – алып кел, әкет – алып кет, әпер – алып бер, түрегел – тұрып кел. Сөздердің қосарлануынан жасалған күрделі етістіктер: бара-бара шаршады, айта-айта жалықты, күліп-күліп шығып кетті.
Күрделі етістік құрамындағы бірінші сөз негізгі етістік болады да, негізгі мағынаны білдіреді. Кейінгі сөздер көмекші етістік болады.
Етістік тұлғасына қарай екіге бөлінеді: 1) негізгі түбір етістік; 2) туынды түбір етістік.
Негізгі түбір етістік етістіктің өзінен жасалады: отыр, тұр, жүр, жатыр, оқы, кел, барды, жүгірді, жасаған, көрген.
Туынды етістік басқа сөз таптарына сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалады.
Туынды етістіктің жасалу жолдары
ЕСІМ СӨЗДЕР |
ТУЫНДЫ ЕТІСТІК |
Балта Би Бас Үтік Дамыл Сән Рух Әдет Көмек Сыр Пікір Жиын Орын Жаман Көк Екеу |
Балтала Биле Баста Үтікте Дамылда Сәнде Рухтан Әдеттен Көмектес Сырлас Пікірлес Жина Орна Жаманда Көгер Екеуле |
БАСҚА СӨЗ ТАПТАРЫ |
ТУЫНДЫ ЕТІСТІК |
Бұрқ Күрк Жымың Күлім Тасыр Ілгері Жоғары Ақырын Аз Көп Ауһау Құрау Уһ |
Бұрқыра Күркіре Жымыңда Күлімде Тасырлат Ілгеріле Жоғарыла Ақырындат Азсын Көпсін Ауһаула Құраула Уһле |
Етістік іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай екіге бөлінеді:
1) болымды етістік; 2) болымсыз етістік.
Болымды етістік іс-әрекеттің орындалғанын, жүзеге асқанын білдіреді: оқы, жазды, айтқызды, орындады, сана, жүгір.
Болымсыз етістік іс-әрекеттің орындалмағанын, іске аспауын көрсетеді.
Болымсыз етістік екі түрлі жолмен жасалады: 1) Синтетикалық тәсіл: негізгі және туынды түбір етістікке: -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы: жақындама, жүгірме, сұранба, күрсінбе, алыстатпа, тездетпе, т.б. 2) Аналитикалық тәсіл: -ған, -ген, -қан, -кен, формалы есімшеге жоқ, емес сөзінің тіркесуі арқылы: айтқан жоқ, келген жоқ, барған емес, көрген емес, т.б.
Етістер – іс-әрекеттің, қимылдың орындаушыға, яғни іс иесінің істелетін іске қатысын білдіретін етістіктің түрі. Етістің төрт түрі бар: 1) өздік етіс, 2) өзгелік етіс, 3) ырықсыз етіс, 4) ортақ етіс.
Етістер етістікке түрлі қосымшалар жалғану арқылы жасалады. Мысалы:
Түрі |
Ереже |
Жасалуы |
Мысалдар |
Өздік етіс (орындаушы өзі) |
Қимылды орындаушының өзі істейді. |
-ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы |
Жуынды, киінді, боянды, таранды. |
Өзгелік етіс (орындаушы өзге біреу). |
Қимылды өзге біреуге орындатқызады. |
-дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір; -қыз, -кіз, -ғыз, -гіз; -т жұрнақтары арқылы |
Жаздыр, бердір, айттыр, келтір, асыр, кетір, жасат, сөйлет. |
Ырықсыз етіс (орындаушы белгісіз) |
Орындаушы айтылмайды, іс-әрекет өздігінен жасалғандай.
|
-ыл, -іл, -л; -ын, -ін, -н; жұрнақтары арқылы |
Айтылды, көтерілді, тасылды, салынды, әкелінді, тазаланды. |
Ортақ етіс (орындаушы көп) |
Қимылды орындаушы біреу емес, бірнешеу болады. |
-ыс, -іс. -с жұрнақтары арқылы |
Орысты, тазаласты, көтерісті |
Етістік мағынасына қарай екіге бөлінеді: 1) сабақты етістік; 2) салт етістік. Сабақты етістік – мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп, кімді? нені? (не?) деген сұрақтарға жауап беретін табыс тұлғалы сөзбен байланысады. Мысалы: Отты (нені?) үрлеген жағады, шындықты (нені?) іздеген табады. Ата-анаңды (кімді?) құрметте, үлкенді (кімді?) сыйла. Шығарма(ны) - не(ні?) жаз. Ән(ді – -не(ні?) тыңда. Білім(ді) -не(ні?) үйрен.
Салт етістік тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етпейді. Салт етістік табыс септіктен басқа атау, ілік, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесе береді. Мысалы: Ата-анаңа (кімге?) құрмет көрсет. Қиындықтан (неден?) қорықпа. Жолдастарыңмен (кімдермен?) тату бол. Тілек (кім?) биледі, т.б.
-
Келер шақтағы етістікті табыңыз.
-
Берілген сөйлемдегі етістіктің райын анықтаңыз.
Астанаға оқуға түссе, анасының жанында болады.
-
Сөйлемдегі етістіктің шағын анықтаңыз.
Көне түркі жазба ескерткіштері үш топқа бөлінеді.
-
Негізгі етістікті анықтаңыз.
-
Болымсыз етістігі бар сөйлемді табыңыз.
-
Етістіктің шағын анықтаңыз.
Көмектесемін, қостым, сұрап отырмын.
-
Осы шақтағы етістікті табыңыз.
-
Жедел өткен шақты белгілеңіз.
-
Болымды етістікті табыңыз.
-
Болымсыз етістікті анықтаңыз.
-
Болымсыз етістікті табыңыз.
-
Болымды етістікті анықтаңыз.
-
Болымсыз етістікті анықтаңыз.
-
Болымсыз етістікті анықтаңыз.
-
Етістіктің болымсыз түрін табыңыз.
-
Болымсыздық етістігі бар мақал-мәтелді табыңыз.
-
Негізгі түбір етістікті табыңыз.
-
Туынды етістікті белгілеңіз.
-
Дара етістікті белгілеңіз.
-
Күрделі етістікті табыңыз.
-
Тұйық етістікті көрсетіңіз.
-
Тұйық етістігі бар мақал-мәтелді табыңыз.
-
Күрделі етістігі бар мақал-мәтелді табыңыз.
-
Етістіктің нақ осы шақ түрін көрсетіңіз.
-
Етістіктің жедел өткен шағын табыңыз.
-
Ауыспалы келер шақты табыңыз.
-
Өткен шақ етістігін анықтаңыз.
-
Ауыспалы келер шақ етістігін анықтаңыз.
-
Болжалды келер шақтың жұрнағын анықтаңыз.
-
Келер шақтың көпше түріндегі етістікті табыңыз.
-
Бармақшымын етістігінің қай шақта тұрғанын анықтаңыз.
-
Бұрынғы өткен шақ етістігін анықтаңыз.
-
Бара жатырмын етістігінің қай шақта тұрғанын анықтаңыз.
-
Ауыспалы келер шақ етістігін анықтаңыз.
-
Жедел өткен шақтағы етістікті табыңыз.
-
Күрделі осы шақ етістігін анықтаңыз.
-
Болжалды келер шақ етістігін көрсетіңіз.
-
Өткен шақта тұрған етістікті анықтаңыз.
-
Қалау райлы етістікті табыңыз.
-
Шартты райлы етістікті табыңыз.
-
Бұйрық райдың III жағын табыңыз.
-
Бұйрық рай етістігін анықтаңыз.
-
Шартты рай етістігін анықтаңыз.
-
Қалау рай етістігін анықтаңыз.
-
Қалау райдың жұрнағын табыңыз.
-
III жақта шартты райда тұрған сөйлемді табыңыз.
-
Сөйлемді аяқтаңыз.
Менің түстен кейін киноға ... .
-
Тиісті қосымшаны белгілеңіз.
Сен ертең дүкенге барса... , алма сатып ал.
-
Бұйрық райдың III жағының қосымшасын табыңыз.
-
Ашық райда тұрған етістікті табыңыз.
-
Бұйрық райлы етістіктерді табыңыз.
-
Шартты райлы етістіктің жұрнағын көрсетіңіз.
-
Қалау райлы етістіктің жұрнағын көрсетіңіз.
-
Болымсыз етістікті табыңыз.
-
Болымсыз етістігі бар сөйлемді табыңыз.
-
Етістіктің болымсыз түрін анықтаңыз.
-
I жақтағы етістікті табыңыз.
-
Салт етістікті белгілеңіз.
-
Ортақ етіс жұрнағын табыңыз.
-
Болымсыз етістік формасындағы сөзді белгілеңіз.
-
Ырықсыз етіс жұрнағын көрсетіңіз.
-
Салт етістікті табыңыз.
-
Өзгелік етіс формасындағы сөзді анықтаңыз.
-
Салт етістікті белгілеңіз.
-
Есім сөзден сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған етістікті көрсетіңіз.
-
Етіс жұрнақты сөзді табыңыз.
-
Көп нүктенің орнына тиісті қалау рай етістігін қойыңыз.
Театрда сахнаға жақындау ... .
-
Бұрынғы өткен шақта тұрған етістікті көрсетіңіз.
-
Сөйлемдегі етістіктің шағын анықтаңыз.
Мен көктемді ұнаттым.
-
Күрделі етістігі бар мақал-мәтелді табыңыз.
-
Ауыспалы осы шақтағы етістікті белгілеңіз.
-
Болымсыз етістікті табыңыз.
-
Етістіктен жасалған зат есімді белгілеңіз.
-
Болымсыз етістігі бар сөйлемді көрсетіңіз.
-
Ауыспалы осы шақта тұрған етістікті көрсетіңіз.
-
Шартты райлы етістікті табыңыз.
-
Болымсыз етістігі бар сөйлемді табыңыз.
-
Болымсыз етістікті көрсетіңіз.
-
Ауыспалы келер шақты жасайтын жұрнақтарды белгілеңіз.
-
Ашық райлы етістікті табыңыз.
-
Бұрынғы өткен шақтағы етістікті белгілеңіз.
-
Шартты райдың қандай мағынаны білдіретінін белгілеңіз.
-
Шартты райлы етістікті көрсетіңіз.
-
Өткен шақтағы етістікті табыңыз.
-
Шартты рай жасайтын жұрнақтарды көрсетіңіз.
-
Зат есімнен жасалған етістікті табыңыз.