iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Тұрақты тіркестер. Мақал-мәтелдер
Екі немесе одан да көп сөздің тіркесуі арқылы жасалатын, құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға келмейтін, бәрі тұтасып бір мағынаға ие болатын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын тіркестер – тұрақты тіркестер – фразеологизм деп аталады. Мысалы, Екі иығына екі кісі мінгендей деген тұрақты сөз тіркесі денелі, тұлғалы, иықты деген бір ғана мағынаны білдірсе, Аяғы аяғына жұқпады тұрақты тіркесі шапшаң, тез жүрді деген ұғымда қолданылып тұр. Тұрақты сөз тіркестері мен еркін сөз тіркестерінің өзіне тән айырмашылығы болады:
ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ |
ЕРКІН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ |
1. Тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға келмейді. |
Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге болады. |
2. Тұрақты сөз тіркесінің мағынасы оның құрамындағы сөздердің мағыналарынан алшақ болады. |
Еркін сөз тіркесінің мағынасы сол тіркесті құрайтын сөздермен тікелей байланысты болады. |
3. Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір ғана синтаксистік қызмет атқарады. |
Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің әрқайсысының жеке-жеке синтаксистік қызметі болады. |
Бір-біріне антоним болатын тұрақты сөз тіркестер:
Бетінен оты шықты (ұялды) – Беті бүлк етпеді (ұялмады).
Ажары сынды (мұңайды) – Қуанышы қойнына сыймады (қуанды).
Қолы қолына жұқпады (тез қимылдады) – Саусағының ұшын қимылдатпады (қозғалмады, еш нәрсе істемеді).
Бір-біріне синоним болатын тұрақты сөз тіркестер:
Үріп ауызға салғандай; қыздың жиған жүгіндей – сұлу, әдемі, көрікті, келбетті, әсем, т.б.
Ит өлген жер; ит арқасы қиянда – алыс, қашық, шалғай;
Ит терісін басына қаптады; жерден алып, жерге салды – ұрысты, сөкті, балағаттады.
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
Мақал-мәтелдер де тұрақталған, қалыптасқан сөздер тобы болып саналады. Мақал-мәтелдердегі сөздердің де орнын басқа сөздермен алмастыруға келмейді. Бірге айтылғанымен, мақал мен мәтелдің бір-бірінен өзіндік ерекшелігі, айырмашылығы болады:
1. Мақалдың мазмұнында істің себебі мен салдары бірге айтылып, шарты мен нәтижесі қатар беріледі. Мысалы, (Егер) ісім өнсін десең, (онда) еңбек ет. Ал мәтелде істің салдары айтылып, себебі айтылмайды. Мысалы, Сабыр түбі – сары алтын.
2. Мақал құрылысы жағынан көбіне құрмалас сөйлем болып келеді. Мысалы, Еңбек етпесең, елге өкпелеме; егін екпесең, жерге өкпелеме. Ал мәтел құрылысы жағынан көбінесе жай сөйлемге құрылады. Мысалы, Көп түкірсе – көл. Басқа пәле тілден. т.б.
МАҚАЛ |
МӘТЕЛ |
Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. |
Саяз су сарқырап ағады.
|
Бірлік болмай, тірлік болмас. |
Жеңілтектік жарға жығар. |
Ұсталы ел озар, Ұстасыз ел тозар. |
Қайтып кірер есікті қатты жаппа.
|
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. |
Тәуекел кемесі суға батпайды. |
Ұлдың ұяты – әкеге, Қыздың ұяты – шешеге. |
Сиырдың сүті тілінде. |
-
Мақалды табыңыз.
-
«Көз ілмеді» тұрақты сөз тіркесінің синонимін табыңыз.
-
Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз.
-
Лексика саласына қатысты терминді көрсетіңіз.
-
«Төбесі көкке жетті» тұрақты сөз тіркесінің баламасын көрсетіңіз.
-
«Көзді ашып-жұмғанша» тұрақты сөз тіркесінің синонимін табыңыз.
-
Тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз.
-
Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
-
Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
-
«Аяды» сөзінің баламасын көрсетіңіз.
-
Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
-
Тұрақты тіркесті көрсетіңіз.
-
«Әсем» сөзінің тұрақты тіркес түріндегі мағынасын көрсетіңіз.
-
Тұрақты сөз тіркесін белгілеңіз.
-
Тұрақты тіркес қатысқан сөйлемді анықтаңыз.
-
Мақал-мәтелдің сыңарын табыңыз. Ойнап сөйлесең де, ...
-
Антоним қатысқан мақал-мәтелді көрсетіңіз.
-
Көп нүктенің орнына мақал-мәтелге тиісті сөзді қойыңыз. Сөз сүйектен өтеді,... еттен өтеді.
-
Көп нүктенің орнына мақал-мәтелдің жұп құрайтын сыңарын қойыңыз. Үлкенге құрмет,... ізет.
-
Тәлім-тәрбие тақырыбындағы мақал-мәтелді көрсетіңіз.
-
Ой тұспалданып, ишара түрінде айтылатын қатарды көрсетіңіз.
-
Береке, бірлік тақырыбындағы мақал-мәтелді көрсетіңіз.
-
Батырлық, ерлік тақырыбындағы мақал-мәтелді табыңыз.
-
Тоқсан ауыздың сөздің тобықтай түйіні.
-
Аса шебер, өнерлі адамға қатысты айтылатын тұрақты тіркесті көрсетіңіз.
-
Тұрақты тіркес қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
-
«Ұялу» сөзінің тұрақты тіркес түріндегі баламасын табыңыз.
-
«Қас пен көздің арасында» тұрақты тіркесінің мағыналық синонимін көрсетіңіз.
-
«Еңбегі жану» тұрақты тіркесінің антонимін табыңыз.
-
Сөйлемнен тұрақты тіркесті белгілеңіз. Ақтай орнында отыра алмай жан-жағына қарап байыз таппады.
-
«Көп жүрді» деген тіркестің мәнін білдіретін тұрақты тіркесті көрсетіңіз.
-
Берілген тұрақты тіркестің мағынасын анықтаңыз. Тонның ішкі бауындай.
-
Тұрақты тіркесті тиісінше жалғастырыңыз: Алыс-жақынға...
-
«Күшті», «әлді» сөзінің мағынасын білдіретін тұрақты тіркесті көрсетіңіз.
-
Тұрақты тіркес қатарын белгілеңіз.
-
Тұрақты тіркес қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.
-
Тұрақты тіркестің антонимін табыңыз. Жүрегі тас төбесіне шықты.
-
Тұрақты тіркесті көрсетіңіз.
-
Тұрақты тіркестің анықтамасын көрсетіңіз.
-
Тұрақты тіркесті тіл білімі ғылымында қалай атайтынын көрсетіңіз.
-
Мақалды табыңыз.
-
«Жалқау» ұғымындағы тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
-
Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
-
«Ұятты болды» деген мағынаны беретін тұрақты сөз тіркесі
-
Мақал (-дар)
-
Құрамында тұрақты сөз тіркестері бар сөйлем (-дер)