Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

Сөз бен мағына. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы

Конспект

Лексика – бір тілдегі сөздердің жиынтығы. Қазақ тілінде лексика сөздік құрам деген ұғымды білдіреді. Тілдің лексикасын, сөздік құрамды тіл білімінің лексикология ғылымы зерттейді. Лексикология семасиология, этимология, фразеология, диалектология, т.б. тарауларға бөлінеді. Лексикологияның ең басты зерттеу нысаны – сөз. Сөз белгілі ұғым атауы болып, әр алуан мағынаны білдіреді.

СӨЗ

Заттық ұғым атауы

Сындық ұғым атауы

Сандық ұғым атауы

Қимыл, іс-әрекет атауы

Ана, жұлдыз, аспан, өзен, гүл, жапырақ, адам, балапан, бақыт, тілек, қуаныш, анар, арман, жидек, топырақ

Ақ, әдемі, жақсы, сыпайы, таза, ащы, кермек, жуас, жүйрік, таяз, лай, сары, шабан, қоңыр, алыс

Жеті, отыз, алпыс, мың, тоқсан, миллион, бесеу, отызыншы, жетпіс тоғыз, он төрт, қырық бесінші

Жүр, бар, оқы, бер, жаз, айт, дайындал, көр, тынық, жүгір, еңбектен, отыр, жақында, түзет, ақылдас, ойлан

 

Қазақ тілінде лексикалық мағынасы жоқ сөздер де кездеседі. Мысалы, қаралы, сияқты, бірге, дейін, кейін, секілді, соң, таман, тарта, үшін. Бұл сөздер жеке тұрғанда ешқандай мағынаға ие бола алмайды, мағынасы бар сөздермен тіркесіп қана қолданылады. Мысалы, жүз қаралы, батыл сияқты, анасымен бірге, мектепке дейін, дайындықтан кейін, әкесі секілді, үйге таман, мыңға тарта, туған жер үшін.

 

Қазақ тілінде сөздер тура және ауыспалы мағынада қолданылады.

 

Тура мағына – сөздің бастапқы, негізгі мағынасы. Тура мағына заттың немесе құбылыстың атын тура атап көрсетеді. Мысалы, адамның аяғы, адамның қолы, адамның көзі, ыдыстың түбі, қыздың төркіні, қоянның құлағы, суық жел, биік тау, жылы киім, т.б.

Ауыспалы мағына – сөздің тура мағынасының негізінде қалыптасқан, ойды көркемдеп жеткізу үшін қолданылатын келтірінді мағына. Мысалы, күннің көзі, жұмыстың аяғы, әңгіменің басы, сөздің төркіні, ел құлағы, суық хабар, биік мақсат, жылы сөз.



Сұрақтар
  1. Ауыспалы мағынадағы тіркесті көрсетіңіз.

  2. Тура мағыналы сөз тіркесін табыңыз.

  3. «Биік» сөзінің тура мағынада қолданылғанын белгілеңіз.

  4. Тура мағыналы сөзді табыңыз.

  5. Ауыспалы мағынадағы тіркесті көрсетіңіз.

  6. Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз.

    Бұлақтың көзін ашу – игі іс.

  7. Ауыспалы мағыналы сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  8. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.

  9. Тура мағыналы сөзді табыңыз.

  10. Тура мағыналы сөзді табыңыз.

  11. «Төркін» сөзінің бастапқы тура мағынасын анықтаңыз.

  12. Көп мағыналы сөздер қатарын көрсетіңіз.

  13. Көп мағыналы сөзді анықтаңыз.

  14. Лексикалық мағынасы жоқ сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.

  15. Лексикалық мағынасы бар сөзді белгілеңіз.

  16. Лексикалық мағынасы жоқ сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.

  17. Лексикалық мағынасы бар сөзді белгілеңіз.

  18. Лексикалық мағынасы бар сөзді табыңыз.

  19. Лексикалық мағынасы бар сөзді көрсетіңіз.

  20. Лексикалық мағынасы бар сөзді көрсетіңіз.

  21. Лексикалық мағынасы жоқ сөз қатыспаған сөйлемді көрсетіңіз.

  22. Лексикалық мағынасы жоқ сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  23. Мағынасы жоқ сөзді көрсетіңіз.

  24. Лексикалық мағынасы жоқ сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

  25. Көп нүктенің орнына керекті ауыспалы мағыналы сөзді белгілеңіз. Өнер алды – ... тіл.

  26. Сөйлемдегі ауыспалы мағыналы сөзді көрсетіңіз. Қазақ халқы сөзге жүйрік болған.

  27. Ауыспалы мағыналы сөз тіркесін табыңыз.

  28. Тура мағынада қолданылған сөзі бар қатарды табыңыз.

  29. Тура мағынасында тұрған сөзді көрсетіңіз.

  30. Ауыспалы мағыналы сөзі бар қатарды белгілеңіз.

  31. Ауыспалы мағыналы сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  32. Ауыспалы мағыналы сөзді белгілеңіз.

  33. Ауыспалы мағыналы сөзді көрсетіңіз.

  34. Ауыспалы мағыналы сөзді көрсетіңіз.

  35. Ауыспалы мағыналы сөз қатысқан қатарды көрсетіңіз.

  36. Ауыспалы мағыналы сөз тіркесі қатарын белгілеңіз.

  37. Ауыспалы мағыналы сөз қатысқан сөйлемді көрсетіңіз.

  38. Тура мағыналы сөз қатысқан сөйлемді белгілеңіз.

  39. Сөздің тура мағынасын табыңыз.

  40. Табу сөздерінің қалыптасу негізіне жататын қатар (-лар)

  41. Эвфемизм сөз (-дер)

Қате туралы хабарландыру