Сдать пробный ЕНТ
Русский

Скачай приложение iTest

Готовься к школьным экзаменам в более удобном формате

Сөз бен мағына. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы

Конспект

Лексика – бір тілдегі сөздердің жиынтығы. Қазақ тілінде лексика сөздік құрам деген ұғымды білдіреді. Тілдің лексикасын, сөздік құрамды тіл білімінің лексикология ғылымы зерттейді. Лексикология семасиология, этимология, фразеология, диалектология т.б. тарауларға бөлінеді. Лексикологияның ең басты зерттеу нысаны – сөз. Сөз белгілі ұғым атауы болып, әр алуан мағынаны білдіреді.

СӨЗ

Заттық ұғым атауы

Сындық ұғым атауы

Сандық ұғым атауы

Қимыл, іс-әрекет атауы

Ана, жұлдыз, аспан, өзен, гүл, жапырақ, адам, балапан, бақыт, тілек, қуаныш, анар, арман, жидек, топырақ

Ақ, әдемі, жақсы, сыпайы, таза, ащы, кермек, жуас, жүйрік, таяз, лай, сары, шабан, қоңыр, алыс

Жеті, отыз, алпыс, мың, тоқсан, миллион, бесеу, отызыншы, жетпіс тоғыз, он төрт, қырық бесінші

Жүр, бар, оқы, бер, жаз, айт, дайындал, көр, тынық, жүгір, еңбектен, отыр, жақында, түзет, ақылдас, ойлан

 

Қазақ тілінде лексикалық мағынасы жоқ сөздер де кездеседі. Мысалы, қаралы, сияқты, бірге, дейін, кейін, секілді, соң, таман, тарта, үшін. Бұл сөздер жеке тұрғанда ешқандай мағынаға ие бола алмайды, мағынасы бар сөздермен тіркесіп қолданылады. Мысалы, жүз қаралы, батыр сияқты, анасымен бірге, мектепке дейін, дайындықтан кейін, әкесі секілді, үйге таман, мыңға тарта, туған жер үшін.

 

Қазақ тілінде сөздер тура және ауыспалы мағынада қолданылады.

 

Тура мағына – сөздің бастапқы, негізгі мағынасы. Тура мағына заттың немесе құбылыстың атын тура атап көрсетеді. Мысалы, адамның аяғы, адамның қолы, адамның көзі, ыдыстың түбі, қыздың төркіні, қоянның құлағы, суық жел, биік тау, жылы киім, т.б.

 

Ауыспалы мағына – сөздің тура мағынасының негізінде қалыптасқан, ойды көркемдеп жеткізу үшін қолданылатын келтірінді мағына. Мысалы, күннің көзі, жұмыстың аяғы, әңгіменің басы, сөздің төркіні, қазанның құлағы, суық хабар, биік мақсат, жылы сөз.



Вопросы
  1. Тура мағыналы сөз тіркесін көрсетіңіз.

  2. Тура мағынада берілген сөз тіркесін көрсетіңіз.

  3. Ауыспалы мағыналы сөз тіркесін анықтаңыз.

  4. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.

  5. Ауыспалы мағынада тұрған сөз тіркесін табыңыз.

  6. Тура мағыналы сөзді табыңыз.

  7. Ауыспалы мағыналы сөз тіркесін анықтаңыз.

  8. Ауыспалы мағынадағы сөз тіркесін көрсетіңіз.

  9. Тура мағынадағы сөз тіркесін көрсетіңіз.

  10. Тура мағынада қолданылған сөз тіркесін табыңыз.

  11. «Күн» сөзімен тіркесетін ауыспалы мағынадағы сөзді көрсетіңіз.

  12. Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз.

  13. Ауыспалы мағыналы сөзді көрсетіңіз.

  14. Тура мағыналы сөзді анықтаңыз.

  15. Тура мағыналы сөз тіркесін көрсетіңіз.

  16. Толықтырыңыз: «Біз ... тұрамыз»

  17. Бағытты білдіретін сөзді көрсетіңіз.

  18. «Бөрік» сөзінің мағынасын анықтаңыз.

  19. «Қара» деген сөздің тура мағынасын көрсетіңіз.

  20. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.

  21. Ауыспалы мағынада тұрған сөздерді көрсетіңіз.

  22. Ауыспалы мағынадағы сөзді табыңыз.

  23. Тура мағынада қолданылған сөз тіркесін белгілеңіз.

  24. Ауыспалы мағыналы сөз тіркесін табыңыз.

  25. Ауыспалы мағынада тұрған сөздерді көрсетіңіз.

  26. Сөздің ауыспалы мағынасын көрсетіңіз.

  27. Ауыспалы мағыналы тіркесті көрсетіңіз.

Сообщить об ошибке