iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Қасым Аманжолов, Әбділда Тәжібаев, Қалижан Бекхожин шығармалары
Қазақ поэзиясына өзіндік өршіл үнімен, сыршыл жырларымен келген Қасым Рахымжанұлы Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыл ауылында дүниеге келген. Жастай ата-анасынан жетім қалған көкірегінде оты бар баланы ағасы Ахметжан 1923 жылы Семейдегі бастауыш мектепке оқуға берген. Өлең-жырға әуес Қасым жасынан өлең жаза бастаған. Тұңғыш өлеңдер жинағы 1938 жылы «Өмір сыры» деген атпен жарық көрген. Қасым шығармасындағы көптеген өлеңдерінің өзіндік тарихы бар. «Құпия қыз» өлеңінде Қытайдағы қазақ қызы Ләззат ел билеушілердің озбырлығына шыдамай қашып өткені туралы айтылған. Қ. Аманжоловтың соғыстың алдында жазған «Өз елім», «Дауыл», «Нартәуекел», «Талғар» деген лирикалық өлеңдерінде өз елін, туған даласының табиғатын шексіз сүйген азамат бейнесі суреттелген. Қасым поэзиясындағы патриоттық, отаншылдық сезім Ұлы Отан соғысы жылдарында ерекше молайған. Қасымның «Байкал», «Сарыарқа», «Ертіс», «Орал», «Көкшетау», «Хантәңірі» атты лирикалық өлеңдерінде ақын ел табиғатының бай көрінісі мен адамының отаншылдық сезімін байланыстыра жырлаған.
Әскери өмірі Қиыр Шығыста басталған Қасымның соғыс кезіндегі поэзиясының озық үлгісі – 1943 жылы жазылған «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы. Поэмаға қазақ ақыны Абдолла Жұмағалиевтің Ұлы Отан соғысындағы ерлігі негіз болған. Ақын Қ. Аманжолов өмір мен өлімнің айқасын:
– Ала алмайсың! –деді ер ұлан.
– Алмай қойман! – деді жауы.
Қысты келіп жан жағынан
Темір торлы жау құрсауы, –
еген жолдар арқылы берген.
Соңғы оғы қалғанша жауға қарсы тұрып, соңында өзі де бомба болып жарылған Абдолла бейнесін ақын:
Шұғыла шалған кешкі бұлттай,
Толқын шашта оттар ойна,
Тұрды ұқсап, тұрды кейде
От ұстаған Прометейге, –
деп, сүйікті әні «Қарғам-ауды» шырқатып, от ұстаған Прометейге ұқсата отырып, оны романтикалық аңызға айналдырған. Поэма туралы алғаш пікір айтқан Ғабит Мүсірепов: «Қасым ақын жанының бар толғауын, кек күшін, сезім тереңін түгел бере алған. Жалынды сөзбен жауға аттандырар, жан сезімімен жас тамшылатар ақын сөзі өзегін, жүрегін тербей шыққан. Қасым поэмасы майданнан соққан жаңа леп сияқты», – деп жазса, Ә. Тәжібаев: «Бұл батырдың қанымен жазылған, әр сөзі оқ болып атылып, от болып шашалып тұрған оптимистік трагедия», – деп бағалаған.
Қасым лирикасының ерекше үлгісі – майданнан жеңіспен оралған солдаттың монологі түрінде жазған «Дариға» өлеңі. Қасым Аманжолов соғыстан кейінгі жылдары көркем аудармамен шұғылданып, Тарас Шевченко өлеңдерін, Низамидің «Ләйлі мен Мәжүнін», Пушкиннің «Полтава», Лермотовтың «Маскарад», А. Твардовсийдің «Василий Теркин» шығармаларын аударған. Ақын Қазақ Республикасының 25 жылдығына арнаған «Жиырма бес», «Қазақстан» өлеңдерінде туған елінің өсу жолын, жаңаруын ерекше шабытпен жырласа, «Туған жер» өлеңінде туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін көрсеткен. Бар өмірін әдебиетке арнаған «өртке тиген дауылдай дауылпаз ақынның» сыры мен шыны, ой елегінен өткізген өз өмірі, өз табиғатын тануға және танытуға деген талпынысы, алдағы болашаққа деген үміті мен арман-сенімі «Өзім туралы» толғау-өлеңінде барынша көрініс тапқан.
Қасым поэзиясының өміршеңдігі туралы жазушы С. Досанов: «Хакім Абай қазақ жырының қасиетті Алатауы болса, ақиық ақын Қасым – қазыналы Қаратауы», – десе, Ә. Тәжібаев: «Уақыт өткен сайын Қасым жырларының мағынасы тереңдей береді, жаңа қырлары ашыла береді», – деген баға берген.
Ақын Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы», «Туған жер», «Ақ сәуле», «Жас дәурен», «Жыр жазамын жүрегімнен», «Дариға, сол қыз» өлеңдері әнге айналған.
Жүрегімен жыр жазып кеткен дауылпаз ақын Қасым Аманжолов 1955 жылы небәрі қырық төрт жасында ұзаққа созылған науқастан қайтыс болған.
Шығармашылық жолын ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарында бастаған Әбділда Тәжібаев 1909 жылы Сыр бойында өмірге келген. Әкеден ерте айырылған Әбділданың көркем әдебиетке, өнерге деген құштарлығын оятқан араб, парсы тілдерінен хабардар, көзі ашық, шығыстың ежелгі мәдениеті дәстүрінде тәрбиеленген анасы Айманкүл болған. Поэзия, драматургия саласында көп еңбектенген Ә. Тәжібаевтың «Сырдария», «Айнабұлақ», «Алтын ай», «Адам», «Адамға», «Тынықсын, тимеңдер адамға» деген өлеңдерінде табиғатты жырлау, адамға деген ықылас, мейірім, адамды құрметтеу, оның еңбегін қадірлеу, бейбіт өмірді жырлау тақырыбы көтерілген. Ақынның «Ленинград», «Дос туралы» өлеңдері Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған. «Оркестр», «Абыл», «Күй атасы» деген поэмалары өнер тақырыбын көтерсе, «Портреттер» поэмасы өмір, уақыт туралы толғанысқа құрылған.
Ә. Тәжібаевтың ақындығының айрықша жемісті болып, өрісі кеңейген дәуірі соғыстан кейінгі жылдар болды.
Ақын шығармашылығының көлемді саласы – «Майра», «Жартас», «Той боларда», «Жалғыз ағаш орман емес», «Қыз бен солдат», «Сағынамын күн сайын», «Жартас», «Дубай Шубаевич» деген драмалық шығармалары. «Майра» пьесасы Сарыарқа жеріне танымал әнші қыз Майра Уәлиқызының өміріне арналған.
Ә. Тәжібаевтың «Сырдария» деген өз көңіл күйі мен табиғат құбылысын қатар алып, параллелизм әдісімен ерекше шабытпен жазған өлеңінде:
Жасарыпсың, қадірлі ана,
Ақ түспепті шашыңа.
Емшегіңнен сүт кетпепті,
Жетсең-дағы жасыңа... –
деп, Сыр өзенін туған анасындай тебіреніспен жырлаған.
Ә. Тәжібаевтың сын, зерттеу саласында: «Өмір және поэзия», «Қазақ драматургиясының даму тарихы» деген ғылыми еңбектері де бар. Ә. Тәжібаевтың көркем туындылары туралы М. Әуезов: «Әбділда талантты, өзіндік стилі, өзгешелігі бар күшті ақынның бірі саналады», – деген пікір айтқан. Көрнекті ақын, драматург, сыншы, зерттеуші Әбділда Тәжібаев 1998 жылы қайтыс болған.
Қазақ әдебиетінің көрнекті ақыны, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қалижан Бекхожин 1913 жылы Павлодар атырабында шаруа отбасында дүниеге келген. Қ. Бекхожин – әрі лирик, әрі эпик ақын, «Бейбітшілік жыры», «Кел, біздің ауылға» деген ән-өлеңдердің авторы. «Жусан» поэмасы жас ұрпақты отаншылдыққа, патриотизмге баулыса, «Мариям Жагор қызы», «Әппақнама» шығармалары кіршіксіз махаббатқа, адал да таза сезімге баулиды. Қаламгер «Ақсақ құлан», «Сұңқар туралы аңыз», «Сері күйші», «Тұрлаулы тағдыр» поэмаларымен , баллада, сонет түріндегі шығармаларымен, «Ұлан асу», «Нөсерден кейін», «Гималай сарын» атты пьесаларымен қазақ әдебиетін биікке көтерген.
Қ. Бекхожиннің шығармашылығынан ерекше орын алатын туындысы – «Ақсақ Темір мен ақын» атты баллада. Баллада өктем қара күш пен нәзік сезім арасындағы тартысқа құрылған. Кейіпкерлері: Ақсақ Темір – әйгілі қолбасшы, Хафиз – Шығыстың ұлы ақыны. Шығармада қылышынан қан тамған Ақсақ Темірге қасқая қарап тұрып ақындықтың құдіретін мойындатқан Хафиз ақынның батылдығы мен өжеттігі:
«Көзінен жалын атқан мұртты жігіт,
Алдында арыстанның тұрды күліп», –
деген жолдармен берілген. Шығарма идеясы – сөз құдіретінің бәрінен жоғары екенін таныту.
Қазақ әдебиетіндегі көрнекті тұлға Қалижан Бекхожин 1990 жылы қайтыс болған.
-
Қасым Аманжоловтың тұңғыш өлеңдер жинағы қалай аталатынын көрсетіңіз.
- Қасым Аманжоловтың қытайдағы қазақ қызының тағдыры арқау болған шығармасын көрсетіңіз.
-
Үзінді Қ. Аманжоловтың қай шығармасынан алынғанын көрсетіңіз.
– Ала алмайсың! –деді ер ұлан.
– Алмай қойман! – деді жауы.
Қысты келіп жан жағынан
Темір торлы жау құрсауы.
-
Қасым Аманжоловтың көркем аудармасын көрсетіңіз.
-
Қасым Аманжоловтың монолог түрінде жазған шығармасын көрсетіңіз.
-
Қ. Аманжоловтың әнге айналған шығармасын табыңыз.
-
«Уақыт өткен сайын Қасым жырларының мағынасы тереңдей береді, жаңа қырлары ашыла береді», – деген сөздің авторын көрсетіңіз.
-
Үзінді Қ. Аманжоловтың қай кейіпкерінің бейнесі екенін көрсетіңіз.
Шұғыла шалған кешкі бұлттай,
Толқын шашта оттар ойна,
Тұрды ұқсап, тұрды кейде
От ұстаған Прометейге.
-
Әбділда Тәжібаевты әдебиетке, өнерге баулыған адамды көрсетіңіз.
-
Ә. Тәжібаевтың Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы өлеңін көрсетіңіз.
-
Ә. Тәжібаев ақындығының өрісі кеңейген дәуірді көрсетіңіз.
-
Ә. Тәжібаевтың поэмасын көрсетіңіз.
-
Ә. Тәжібаевтың драмалық шығармасын көрсетіңіз.
-
Жасарыпсың, қадірлі ана,
Ақ түспепті шашыңа.
Емшегіңнен сүт кетпепті,
Жетсең-дағы жасыңа... – деген үзінді
Ә.Тәжібаевтың қай өлеңінен алынғанын көрсетіңіз.
-
Ә. Тәжібаев қазақтың қай әнші қызы туралы шығарма жазғанын көрсетіңіз.
-
«Әбділда талантты, өзіндік стилі, өзгешелігі бар күшті ақынның бірі саналады», – деген сөзді кім айтқанын көрсетіңіз.
-
Ә. Тәжібаев ерекше сүйіспеншілікпен жырлаған өзенді көрсетіңіз.
-
Ә. Тәжібаевтың анасының атын көрсетіңіз.
-
Қалижан Бекхожиннің өмір сүрген жылдарын көрсетіңіз.
-
Қ. Бекқожиннің балладасын көрсетіңіз.
-
Қ. Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» шығармасындағы Темірдің кім екенін көрсетіңіз.
-
Қ. Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен Ақын» балладасында ақын сүйген қызының бір күлкісі үшін қай қалаларды саудалағанын көрсетіңіз.
-
Қ. Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасындағы:
«Көзінен жалын атқан мұртты жігіт,
Алдында арыстанның тұрды күліп», – деген үзінді қай ақын туралы айтылғанын көрсетіңіз.
-
Бос орынға Қ. Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасы бойынша қажет қатарды белгілеңіз.
Алтынға – темір, сірә, тең бола ма?
Бағаңыз __________ теңге ғана.
-
Қ. Бекхожин дүниеге келген өңірді көрсетіңіз.
-
«Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,
Ақын болмай, тасың болсам мен егер» – деген жолдардың авторын табыңыз.
-
Қасым Аманжоловтың туған елдің өсу жолын, жаңаруын шабытпен жырлаған өлеңін белгілеңіз.
-
Үстімде сұр шинелім,
Ақсаңдай басып келемін.
Қағып-соғып шығар ма,
Оңайлықпен мені өлім?
Бұл шумақ кімнің шығармасынан алынғандығын анықтаңыз.
-
Қ. Аманжолов Абдолла Жұмағалиевке қандай поэма арнағанын белгілеңіз.
-
Қалижан Бекхожиннің өрен ұрпақты отансүйгіштікке баулитын поэмасын табыңыз.
-
Қ. Аманжоловтың өз өмірін ой елегінен өткізіп, өткенін таразылап, болашаққа үміт артқан шығармасын белгілеңіз.
-
Қ. Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы ердің атын табыңыз.
-
Қ. Аманжоловтың шығармасын анықтаңыз.
-
Қ. Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасында Ақсақ Темірдің бәрінен артық санайтын қаласының атын табыңыз.
-
Қ. Аманжолов қай жылы дүние салғанын анықтаңыз.
-
Әбділда Тәжібаевтың халықтық поэзия дәстүріндегі поэмасы (-лары)
-
Қасым Аманжоловтың өлеңдеріне жазылған ән (-дер)
-
Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасының негізгі идеясы
-
Қ. Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасынан алынған үзінділер