
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
Мақал-мәтелдер, тақырыптары, ерекшеліктері
Мақал-мәтелдер – ауыз әдебиетінің көне де ең мол түрі. Қазақ халқы терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» мақал-мәтелдер арқылы жинақтап берген.
Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан болып келеді. Мақал-мәтелдерде халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірі жан-жақты қамтылып берілген. Халық ауыз әдебиетінде мақал-мәтелдер төмендегідей топталады:
-
Төрт түлік малға, егіншілікке, аңшылыққа, қолөнерге байланысты мақал-мәтелдер;
-
Отанды, туған жерді, өскен елді, атамекенді сүю тақырыбындағы мақал-мәтелдер;
-
Ерлік, батырлыққа байланысты айтылған мақал-мәтелдер;
-
Оқу, өнер, білім тақырыбындағы мақал-мәтелдер;
-
Еңбек тақырыбындағы мақал-мәтелдер;
-
Ынтымақ, бірлік, татулық туралы мақал-мәтелдер;
-
Достық, жолдастық туралы мақал-мәтелдер;
-
Адамгершілік, жақсы-жаман мінез туралы мақал-мәтелдер;
-
Денсаулық, отбасы, үнемшілдік туралы мақал-мәтелдер.
-
-
Мақал-мәтелдерде поэзияға тән жинақылық, саздылық, ұйқас, ырғақтылық кездеседі. «Ел үмітін ер ақтар» деген мақал-мәтел, біріншіден, бірыңғай жіңішке дауысты дыбыстардың қатысуымен, екіншіден, «е» дауысты дыбысының қайталануымен, үшіншіден, сөздердің үнемделіп қолданылуымен ерекшеленеді.
-
-
Мақал мен мәтелдер құрылысы жағынан сырттай ұқсас болып келгенімен, өздеріне тән ерекшелігі, яғни бір-бірінен өзіндік айырмашылығы болады. Мысалы, мақалда ой анық, тұжырымды түрде қорытылып беріледі. Ойдың салдары мен себебі қатар айтылады. Мысалы: Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.
-
-
Мәтелде ой тұспалды, бейнелі түрде ишарамен беріледі. Істің салдары айтылып, себебі берілмейді. Мысалы: Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда.
-
Cөз өнеріне қатысты мақал-мәтелді көрсетіңіз.
-
Берілген мақал-мәтелдің тақырыбын табыңыз. Кеңесіп пішкен тон келте болмас.
-
Адамгершілік тақырыбындағы мақал-мәтелді көрсетіңіз.
- Мақалды көрсетіңіз.
- Оқу-білім тақырыбындағы мақал-мәтелді табыңыз.
-
Бос орынға тиісті сөзді көрсетіңіз.
Сөздің көркі – _______ .
-
Бос орынға тиісті сөзді белгілеңіз.
________ – сөздің мәйегі.
- Мақалға тән ерекшелікті көрсетіңіз.
- «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» қалай аталатынын көрсетіңіз.
-
Мақал-мәтелге жатпайтын қатарды көрсетіңіз.
- Мәтелді табыңыз.
-
Бос орынға қажетті сөздерді көрсетіңіз.
Еңбектің ______ , жалқаудың ______ тәтті.
-
Мәтелді белгілеңіз.
-
Денсаулық ұғымындағы мақал-мәтелді көрсетіңіз.
-
Бос орынға қажет сөзді белгілеңіз.
Сөз атасы – _____ .
-
Үнемшілдік ұғымындағы мақал-мәтелді көрсетіңіз.
-
Тура мағыналы сөз де, ауыспалы мағыналы сөз де қатысқан мақал-мәтелді көрсетіңіз.
-
Мәтелді көрсетіңіз.
-
Мақал бола алмайтын қатарды көрсетіңіз.
- Ауыз әдебиетінің бір түрі ертегі негізінде пайда болған мәтелді көрсетіңіз.
- Егіншілік кәсібіне байланысты мақал-мәтелді көрсетіңіз.
-
Өнер жайлы мақал-мәтелді көрсетіңіз.
- Кәсіби сөз қатысқан мақал-мәтелді көрсетіңіз.
-
Бос орынға қажет сөздерді көрсетіңіз.
_______ жерін, _______ көлін мақтайды.
-
Мәтелге тән қатарды табыңыз.
-
Мақал-мәтелдердің ерекшеліктері
-
Ойдың салдары мен себебі айтылып тұрған қатарлар