
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
4-нұсқа
Қыпшақ Сейітқұл
...Қабырғаның бойына келген соң, Сейітқұл қолына кетпен алып, отыз үйлі кедейіне де кетпен беріп, жер тегістеп, егін егуге кірісті. Түркістан жағында көрген үлгісімен судан арық қазып шығарып, егінге су жіберді. Егіні піскен соң орып, жиып алып, артығын төңірегіндегі көшпелі елге сатып мал етті. Жаңа мекен еткен жеріне орныққан соң, Сейітқұл егінді жылдан-жылға күшейтіп, арық басына шығыр салып, суды шығырмен айдап, астықтың артығын төңіректегі елге малға айырбас етумен бұлардың малдары көбейіп, бай болды. Мұны көріп, әрбір көшпелі елдегі жарлы-жақыбайлар да Сейітқұлға қосылып келіп, бес-алты жылда Сейітқұл елі деген төрт жүз үйге таянды. Сейітқұлдың өзі де, жиылған халқы да малдары көбейіп, бай болды.
Ы.Алтынсарин
-
Мәтіндегі байлыққа жеткізген кәсіп
-
Егіншінің құралы
-
Мәтінде егіншіліктен басқа аталатын кәсіп түрі
-
Мәтіндегі кәсіби сөз
-
Мәтін тақырыбына сәйкес нақыл сөз