Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

9-нұсқа



Сұрақтар
  1. Қайырылып қайыр қылуға

    Қылғаның жоқ ұнаған.

    Қайратым қанша қайтса да,

    Мұныңа, ханым, шыдаман!

    Айтарын батыл айтқан Жиембет бұл жолдарды қай ханға арнаған?

  2. Латын тілінен алынған аллитерация терминінің мағынасы

  3. Аңыз кейіпкеріне жатпайтын кейіпкер
  4. Абай Құнанбайұлының «Масғут» поэмасындағы басты идея
  5. Ахмет Иасауи «Диуани хикмет» еңбегін жазған кезеңі
  6. Шығыс Қазақстан облысы, Мақаншы ауданындағы «Бақты» аулында дүниеге келген әнші, сазгер, ақын

  7. Шоқанды өзінің «Хан жарлықтары» жинақтарымен таныстырып отырған орыс ғалымы, профессор

  8. Фигура түрі

    Сен құрметте оны!

    Түсіндің бе, қарағым?!

  9. «Тортай мінер ақ боз аттағы» Тортай қолданатын мақал

  10. Поэзияның қыр-сыры, шығармашылық туралы «Өлең өнерінің қағидалары» атты еңбек жазған ғалым

  11. Қыз Жібектің портретінде берілген көркемдік тәсіл

    Қыз Жібектің ақтығы —

    Наурыздың ақша қарындай.

    Ақ бетінің қызылы —

    Ақ тауықтың қанындай.

    Екі беттің ажары —

    Жазғы түскен сағымдай,

  12. «Біреуімізден ұл, біреуімізден қыз туса, екеуіміз құда болсақ, қыз бен баланы кемеліне келтіріп, екеуін қосып, бұл дүниеден өтсек, арманымыз қалмас еді-ау» деп армандайтын «Алпамыс батыр» жырының кейіпкерлер қатары

  13. Жиембет жырау толғауында сөз болатын географиялык нақты атаулар

  14. С. Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасының кіріспе тарауы

  15. «Жиренше мен Қарашаш сұлу» аңызындағы Жиреншенің жолдас жігітке айтқан(-дар)ы

  16. Жиембет ақынның өлеңінде кездесетін географиялық атау(-лар)

  17. Абайдың Көкбайдан бір ту бие беріп, қайтып алған өлең(-дер)і

  18. С. Сейфуллиннің өлеңдер жинағы

  19. С. Сейфуллиннің прозалық жанрындағы еңбектері

  20. «Қобыланды батыр» жырындағы Қазан батыр басып алған Ноғайлы қалалары

  21. І. Жансүгіровтің драмалық шығармалары

  22. М. Шахановтың шығармасы (шығармалары)

  23. «Гималай», «Жетісу суреттері» өлеңдерінің авторы

  24. Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасындағы кейіпкер(-лер)

  25. С. Сейфуллинге қатысты нұсқа(-лар)

  26. «Айдамет пен Доспамбет бір адам. Бұл оның руының не тайпасының аты болуы керек» деген пікір авторы

  27. Ғабит Мүсіреповтің Бейімбет Майлинмен бірге жазған шығармасы

  28. Қадыр Мырза Әлі алғашқы  еңбек жолын бастаған журнал

  29. Махамбеттің:

    Бұлттан шыққан шұбар күн,

    Буыршын мұзға тайған күн, – деген һлең жолдары қандай оқиғаға байланысты айтылған

  30. Он үш жасында қалмақ ханы Қоңтажыға:

    Қазақ -қалмақ баласы,

    Табысқалы келгенмін.

    Табысуға көнбесең

    Тұрысатын жерінді айт! – деген би

Қате туралы хабарландыру