Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

33-мәтін (2019 жыл)

Конспект

Әлемдегі ең акылды жануарлар Егеуқұйрық. Өздеріңіз білетіндей, егеуқұйрық адамға жақын жерде өмір сүреді. Кей түрін адамдар қолға үйретіп, үй жануарларының қатарында ұстайды. Егеуқұйрықты зерттеген кезде ғалымдар оның ешқандай қателіксіз алдындағы нысанасын жылдам тауып алатынын көрген. Қоңыр түсті егеуқұйрық көне Қытай елі ерекше қадірлейтін жануар болған.

Сегізаяқ – ең ақылды және толығымен зерттеле қоймаған моллюска түрі. Оның денесіндегі уға толы қалташасы жақсы қорғану мен аң аулауға мүмкіндІк береді. Бірақ егер сегізаяққа қандай да бір кауіп төнетін болса, ол улы сиясын шашып жібереді. Әйткенмен, ол оның жалғыз ғана қорғанышы емес, сонымен қатар жаудың иіс сезу мүшесін нашарлататын сұйық зат бөледі. Оның есте сақтау қабілеті өте қысқа және қиын жағдайға тап болғанда өңін өзгерте алады.

Тиін – қолға тез үйретілетін жануардың бірі. Ол есте сақтау, жылдамдық, ептілік, аңғарғыштық сияқты қабілеттерге ие. Тиін адамға жақын аймақта өмір сүреді, өйткені тамақты үйдің қуыстарынан іздейді. Үй тиіні өзінің иесін танып, лақап атымен шақырғанда келеді. Мұның барлығы тиіннің ақылдылығының арқасы. 

Пілдер. Ең алғашкы пілдер 23 миллион жыл бұрын Африка жерінде пайда болған. Табиғат аясында піл азығына қол жеткізу үшін сан алуан құрал қолданады. Піл миының әр шаршы сантиметрінде жүздеген жасушадан бар. Оның есте сақтау қабілеті күшті. Піл – табиғатынан тазалықты сүйетін жануар.

Орангутанг. Орангутангтар бірлесіп өмір сүреді. Ұрғашы орангутанг баласын жылдар бойы түрлі нәрселерге машықтандырып өсіреді. Жабайы табиғат даласында олар пілдер секілді нысанасына жету үшін көптеген амалдарды қарастырады. Адамның іс-әрекетін бақылап, тез үйреніп алады. 

Дельфин – адамның ең сүйікті сүт қоректі хайуаны. Ең акылды жануарлар тізімінде тек шимпанзеге ғана жол береді. Дельфиннің адамның ғана қолынан келетін іс-әрекеттерді жасай алатын икемділігі бар. Дельфин іс-әрекет арқылы тілдеседі. Өзін айнадан жақсы таниды. 

Шимпанзе. Бірінші орында адамға бет-пішінімен де, ақылдылығымен де ұқсайтын шимпанзе тұр. Шимпанзе азық іздегенде топпен жүріп аң аулау айла-тәсілдерін ұйымдастыра алады. Олар іс-әрекет пен символ арқылы адаммен қарым-қатынасқа түседі. Ал ең басты қабілеті – осы символдар мен заттар арқылы өздерінің ойы мен сезімін жеткізуі.



Сұрақтар
  1. Есте сақтау қабілеті ерекше жетілген жануарлар

  2. Адамдар амалын жасайтын жануарлар

  3. Сегізаяқтың қорғану мүшесі

  4. Адамдармен іс-әрекеті арқылы тілдесе алатын хайуан

  5. Өңін өзгерту арқылы қорғанатын жәндік

  6. Өте епті жануар

  7. Пілдер Отаны

  8. Тазалықты сүйетін жануардың бірі

Қате туралы хабарландыру