
iTest қолданбасын жүктеп алу
Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз
30-мәтін (2019 жыл)
Самарқанның көк тасы
«Самарқанның көк тасы деген не?» Ол қандай болады? Қашан ериді? Жұрт оны қай жерден алады? Бұл сұрақтар кім-кімнің де көкейінде, алыс бір ой түкпірлерінде жүрген болу керек. Ғылымда «көк тасты» «лазурит» деп таниды. Бірақ ғалымдар Самарқанда ондай кен орны болды дегенді бүгіндей жоққа шығарады. ’«Лазурит» кені бүкіл әлем жүзінде тек Оңтүстік Америкада, Байкал жағалауларында, Сібірдің Слюдянка дейтін өзенінде және бүкіл Шығыста тек Ауғанстанның солтүстік- шығысындағы Бадахшан таулы өңірінде ғана бар. «Лазурит» түсіндірме сөздіктерде «көк түсті минерал, өнделетін бағалы тас» делінеді. «Лазуритті» алу үшін кен тасын отқа қақтап, әбден қыздырып барып үстіне суық су құяды екен. Сонда температуранының күрт өзгеруінен тас шытынап, оның құрамындағы шашыранды көк түсті минерал асыл тастар бөлініп-бөлініп, ала беруге болатын халге келетін көрінеді. Әмірлердің көзін қызықтыратын, міне, осы нәрсе. Сонда «Самарқанның көк тасы» әшекейлік «лазурит» пе, жоқ, оның табиғи түрдегі кеп тасы ма? Әлде тіпті баска нәрсе ме? Ал «Самарқанның көк тасы» деген терминге сүйенсек, ондағы «көк» бұл жерде тастың түсі ме, жоқ «көк тәңірінің» баламасы ма, дәл басып айту қиын. Шамасы, «тәңірі”» ұғымына жақын болса керек. Оның түсі көк болуы да, ақ болуы да немесе өзіндік бір өзгеше өңдерге ие болуы да мүмкін. Геологтар тілінде «пегматит» деп аталатын тас болады екен. Оны «жазу граниттері» деп те атайтын көрінеді. «Жегілген қатты дала шпаты мен шақпақтастың өзіне тән тоғысуынан пайда болады» дейді. Осы тастың бір ғажайып қасиеті – қалай болса да ішінен әр қилы көріністі суреттер, таңбалар, жазулардың шыға беруі… Бұл секілді кұпия, киелі тастар бір кездері Самарканда өңделіп, көк тәңірінің елшісіндей қасиеттелген болуы да ғажап емес. Әмір Темір Самарканды жер-жаһанның ең сұлу қаласы етпек болып, өзі қол астына алған елдерден небір шебер сәулетшілерді, зергерлерді, қолөнершілерді жинағаны мәлім. Сол секілді бұрын-соңды Самарқанның әлгіндей көк тәңірілік тастарды өңдеу орталығына да айналған болуы әбден мүмкін. Жазу мәтіні алдымен қағазға түсіріліп дайындалады. Содан соң шебер суретшілер оны тегістелген тас бетіне ақырын сызып, орнын белгілеп алады. Біз білмейтін басты құпия да осыдан кейін басталады. Қолданатын қышқылдың ерекшелігі – гранит, мәрмәр тасының құм сияқты жұмсарып кетуі. Сол кезде шебер адам қолындағы құралымен дайып жазуды жылдам тас бетіне түсіреді. Аздан соң қышқылдың әсері қайтады да, тас қайтадан қатты қалпына келеді. Miнe, тағы жұмбақ. Бәлкім, сол қышқылды қолданатын белгілі бір мерзім де болған шығар. Ол «Самарқанның көк тасы еритін» кезге сәйкес келуі де мүмкін ғой. Ендеше ’«Самарқанның көк тасы» – көктүріктер заманындағы бітіг (жазу) тастардай тәңірлік тастар. Самарқанның екі жарым мың жыл бұрынғы қытайша атауы - «жан-жақтан жиналған қастерлі тастар» осыны қостайтын сияқты.
-
Құпия, киелі тастар өңделетін орын
-
Самарқанның көк тасына қатысты нұсқа
-
Әмір Темірдің сәулетші, зергерлерді жинау себебі
-
Көк тәңірлік тастарды өңдеу орталығы
-
Лазурит кездесетін таулы өңір
-
Лазуритті алу үшін жасалатын іс-әрекет
-
Лазуриттің түсіне қатысты болжам
-
Құм сияқты жұмсартатын тас түрі