Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

43-мәтін (2019 жыл)

Конспект

Пифагор

1. Пифагордың шәкірттері оны Аполлон құдайының баласы деп санаған. Ал біз оның ауқатты финикиялық саудагер Мнесархтың ұлы болғанын білеміз. Пифагор бар ғұмырын ілім іздеуге бағыштаған. Өмірінің алғашқы жылдарында Лесбос аралы мен Милетте көне грек ғалымы Фалес пен оның шәкірті Анаксимандрдан тәлім алады. Кейіннен білімін жетілдіру үшін Мысыр еліне барып, 22 жылға қазіргі Александрия қаласында қалып қояды. Сосын Мысырды жаулаған парсыларға тұткынға түсіп, тағы он екі жыл ғұмырын көне Бабыл (Вавилон) өркениетінің ғылымын (магия, мистика, астрология, медицина, арифметика) оқумен өткізеді. Тұтқындағы ғалымға көзі түскен парсы патшасы Дарий I Пифагорды тұтқыннан босатады. Азат болғаннан кейін еліне оралуды ниет еткен Пифагордың жасы 70-ке келіп қалған болатын. Ол өз мектебін ашу үшін Италияның Кратон каласын таңдайды. Пифагор шәкірттеріне өмір бойы жинаған білімінің синтезін беруге тырысады.

2. Пифагор рухтың тазалығын дәріптеді. Жаман ойдан, қалыпты болып кеткен өтіріктен арылуға үндеді. Ал ауқатты қала тұрғындарына рухты тазарту үшін ғылым, музыка, гимнастика және медицинамен айналысуға кеңес береді. Одан бөлек, Пифагор халықты математиктердің билегенін жөн көрді. Себебі олар санның құдіретін таниды және есепке шорқақ болмайды деп білді.

3. Жасөспірімдер Пифагор шәкірті атану үшін кем дегенде бес жыл үнсіз оның дәрістерін тыңдауы тиіс болған. Оларға сұрақ қою мүмкіндігі де берілмеген. Пифагорлықтар «Бүкіл ғалам сандық негізден тұрады» деп білген. Әрбір затқа немесе жағдайға белгілі бір сан немесе геометриялық пішін тура келетініне сенген. Мысалы, адам тәні – 210, от – 11, ауа – 13 және су – 9 санымен белгіленген. Пифагор – барлық геометриялық пішіндер ішінен шарды көп зерттеп, Жердің шар тәрізді екенін алғаш айтқан ғалым. Оның бұл гипотезасы 15 ғасыр өтіп (Джордано Бруно тезисі) расталады.

4. Пифагор мектебінен белгілі саясаткерлер, астрономдар, тарихшылар мен математиктер шыққан. Аңыздар желісі грек ғалымын көтермелеп суреттейді. Айта кетсек, Пифагор жер сілкінісінің орын алуын алдын ала айта алған. Сонымен қатар, эпидемиялық ауруларды емдеп, құйындарды тоқтата алған-мыс.

5. Пифагордың «Өзіңді улы деп атаудан бұрын Күннен түскен көлеңкеңе назар сал» деген сөзі оның ұлылығын танытады.



Сұрақтар
  1. Пифагор елді қандай адамның басқарғанын қалайды?

  2. Вавилон өркениетінің ғылымына жатпайтын сала

  3. Пифагорды тұтқындықтан құтқарушы

  4. Пифагордың өмірлік ұстанымы

  5. Пифагордың шәкірттеріне қойған шарттарына жатпайтын қатар

  6. Пифагор жаңалығы

  7. Мәтіннің екінші бөлімінде айтылған ой

  8. Пифагордың ұстазы

Қате туралы хабарландыру