Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

41-мәтін (2019 жыл)

Конспект

Атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлеріміздің бірі – ер балаға айдар шаш және кекіл қою. Қазақ халқының салт-дәстүрінде адам шашын ерекше қастерлеген. Қазақта «Айдарлы бала – айбарлы бала» деген сөз бар. Айдар шаш ер баланы тіл мен көзден сақтайтын көрінеді. Сондықтан да ата-ана баласы бір жасқа толғанда, онын қарын шашын алып, төбесіне бір ерімдей ғана шаш қалдырып, оны өсіріп, көзді маржан, қаратас тағып, өріп қоятын болған. Бұл ғұрып ер балаға жасалады.

Салт-дәстүріміздің қайта жаңғырғаны шығар, қазір айдар қойған, кекіл таққан балаларды жиі көретін болдық. Төбесінде айдары бар балаларға үлкен кісілер ерекше назар аударып, көрген жерде қастарына шақырып, аты-жөнін сұрап, ықылас-баталарын беріп жатады. Жасының ұзақ, денінің сау болуын тілейді. Халық айдарлы балаға тіл-көз тимейді деп есептеген. Қойылған айдарды бала жеті жасқа немесе он үш жасқа келгенше тіл-көздің сұғынан сақтайды деп алғызбаған. Халық дәстүрінде балаға сұқтанған адамның көзі айдарға түсіп алдансын деген сеніммен қояды. Айдар қойған баланың шашын сүндетке отырғызғанда ғана алады деген үғым бар. Тарихи деректерге сүйенсек, Кенесары Ханның інісі Наурызбай батырдың айдары болған. Қазақта Айдар деген адам есімі де бар.

Қазақтар тәрізді Тайланд халқы да балаларына айдар қояды. Олардың наным-сенімдері бойынша аурушаң балаға айдар қойса, ол тез сауығып кетеді. Тайландтықтар бала сырқатынан сауығып кеткен соң айдарды алып тастайды екен.



Сұрақтар
  1. Мәтінге лайық атау

  2. Мәтін бойынша баланың айдары алынатын кез

  3. Мәтін мазмұны бойынша тірек сөздердің реттілігі

     1. Қайта жаңғырған дәстүр.

     2. Батырлар да айдар қойған.

     3. Ер балаға айдар мен кекіл қою.

     4. Өзге елдердегі айдар қою дәстүрі.

  4. Мәтін мазмұнына қатысы жоқ тұжырым(-дар)

     1. Айдар шашты ұл баламен қатар қыз балаға да кояды.

     2. Айдар қою бүгінгі күні қайта жаңғырған.

     3. Айдар қою дәстүрі басқа халықта да бар.

  5. Мәтінге байланысты дұрыс тұжырым(-дар)

     1. Айдар шаш қою – ежелгі салт-дәстүріміздің бірі.

     2. Айдарлы балалар үлкендердің ерекше назарында.

     3. Наурызбай батырдың айдары болған.

  6. Айдарға байланысты қазақтың наным-сенімі

  7. Мәтін бойынша салт-дәстүріміздің жаңарған белгісі

  8. Мәтін мазмұны бойынша тайландтықтар баланың айдарын қай кезде алады?

Қате туралы хабарландыру