Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

39-мәтін (2019 жыл)

Конспект

I. Жеделхат – телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат. Қазіргі заманда ақпаратты жедел жеткізудің факс, интернет сияқты түрлері де болғанымен, жеделхаттар өз маңызын жойған жоқ. Себебі, хат ұзақ жүреді, интернет пен факс қызметі кымбат, оның үстіне чертеж (сызба, кесте) немесе фотосурет жібермейтін болсақ, факсты қолдану міндетті емес. Ал телефон арқылы жүргізілген әңгімені іске тігіп қоя алмайсың, сондықтан ең ыңғайлысы жеделхат болып табылады.

II. Жеделхатты кез келген қызметкер құрастырып жібере алады; қажет болған жағдайда жеделхат мәтіні мен онда берілген мәліметті растауға болады. Жеделхат ең ұзақ дегенде 10-12 сағаттан соң, қажет болса бір сағат ішінде де жеткізілетіндігіне 100% сенімді болуға болады. Жеделхат мәтіні қысқа, дәл, ең үзақ дегенде 300 сөзден аспауы керек. Қысқа жеделхаттың бағасы да төмен болады. Цифрлар жазбаша түрінде беріледі, ешбір түзетулер болмағаны жөн.

III. Жеделхаттар ішкі және халықаралық болып бөлінеді. Ішкі жеделхаттарға мемлекет ішінде жіберілетіндер мен қабылданатындар, ал халықаралық жеделхаттарға шет елдерге жіберілген немесе шет елдерден келгендері жатады. Ішкі жеделхаттар «үкіметтік», «жедел», «жай» болып үшке бөлінеді. Басқа құжаттар сияқты жеделхаттың да өз реквизиттері болады. Олар: жеделхаттың категориясы мен түрі, номері, датасы, жіберілген уақыты, алушының аты мен адресі, мәтін, қол.

IV. Жеделхат...

Мекенжайы («кімге»). Алдымен жеделхатты алушының толық почта индексі, елдің аты, елді мекеннің аты, типі (қала, ауыл, т.б.), көшесі, үй номері, корпус, офис номері жазылады. Мысалы:

480021, Қазақстан,

Алматы қаласы,

Мұканов көшесі, 227, офис 47

Алушының аты-жөні («кімге»). Адресаттың аты-жөні, әкесінің аты толық жазылады, кейде фамилия орнына қызметі көрсетіледі. Мысалы, «Директорға», «Бөлім меңгерушісіне» т.б.

V. Жеделхат мәтіні. Жеделхаттың негізгі мақсаты керекті ақпаратты тез жеткізу болғандықтан, оны қысқа және түсінікті етіп жазу керек. Бірақ сөздерді түсініксіз етіп қысқартып тастаудың қажеті жоқ, түсінікті, стандарт қысқартуларды ғана пайдаланған жөн. Егер жеделхат мақсаты алушыдан акпарат алу немесе мәселені шешу т.б. болса, онда етістіктерді бұйрық рай тұлғасында беріңіз. Мысалы: «жіберіңіз», «салып жіберіңіз», «шешім қабылдаңыз» т.б. Ал жеделхат жауап беру мақсатында жазылса, етістік ашык рай тұлғасында қолданылатын. Мысалы: «алдым», «жеткізілді», «келеді», «орындалады», «барады» т.б.

«Тез арада», «жеделдетіңіз», «жедел», «қалай да» сөздерін орынсыз көп қолданудың қажеті жоқ, себебі сіздің жеделхат жібергеніңіздің өзі алушыға көп нәрсені білдіріп тұр. Цифрларды жазбаша жазған дұрыс. Мысалы: 101347 – бір нөл бір үш төрт жеті, бұларды бір сөз ретінде біріктіріп беруге де болады. Мысалы: бірнөлбірүштөртжеті. Мәтін мазмұнына нұқсан келмейтін болса жалғаулық, көмекті сөздер, тыныс белгілері қолданылмайды. Жеделхат мәтінінде түзетулер болмауға тиіс және сөздер тасымалданбайды. Жіберуші колы. Жеделхат мәтініне кол қойылған кезде фамилия қажет болғанда жіберушінің қызметі қоса көрсетіледі.



Сұрақтар
  1. Жеделхаттың мәтініндегі ең көп сөз саны

  2. Жеделхатты жеткізудің ең қысқа мерзімі

  3. Жеделхаттың бөлінуі

  4. Қай жауапта III бөлімде берілген мәлімет дұрыс жеткізіліп тұр?

  5. Жеделхаттың негізгі функциясы

  6. Қандай сөзді IV бөлімдегі көп нүктенің орнына қоюға болады?

  7. Жеделхатта цифрлардың жазылуы

  8. Ақпарат алу немесе мәселені шешу мазмұнындағы жеделхатта қолданылатын етістік формасы

Қате туралы хабарландыру