Толық ҰБТ тапсыру
Қазақша

iTest қолданбасын жүктеп алу

Мектеп емтихандарына ыңғайлырақ форматта дайындалыңыз

47-мәтін (2021 жыл)

Конспект

Қазақ жұлдызшылары айдың тууын, оның аспан әлеміндегі орнын үнемі бақылап, айдың тоғысуы туралы жүйені қалыптастырған. Ай жылдың әр мезгілінде, әртүрлі күнде Үркермен қиылысып, жанасып өткендей болады. Мұны қазақ халқы «тоғысу» деп атаған.

Қазақы жыл санауда жылдың басы наурыз айы болып саналады. Қыстан қысыла шыққан ел қардың жуықта кетер-кетпесін наурыздың бірі күні (осы күнгі 14 наурызға сәйкес) қар үстінде жатқан қойдың құмалағының қарға батары не батпасына да қарап болжаған. «Қардың басын қар алады» деген ел «Құс қанаты» атты жапалақтап жауар қарды асыға күткен. Бұл наурыздың 26-28 жұлдызына дәл келеді. Келесі ай – отамалы сәуір деп те аталады. Айдың басы осы күнгі 14 сәуірге сәйкес келеді. Бұл күні бөлек-бөлек жаз бұлтты шығады. Осы айдың 17-19 күндері шамасында күн суытып, жаңбырлатып өтеді. Ел ертеден бұл күнді «Қыдыр қамшысы» деп атаған екен. Ал айдың соңына қарай 25-27 шамасында тобылғы бүршіктенер «Тобылғы жарған» атты суық болады. Мамыр айының 8-9 күндері «Қызыл жұмыртқа салқыны» өтеді. Бұрында үлкендер аузынан естіп қалатын осы бір атау елуінші жылдардың аяғында сирек қолданылып, кейінгі жетпісінші, сексенінші жылдарда ел есінен мүлде шығып кеткен еді. «Қызыл жұмыртқа салқынында» ауа райы өзгеріп, күн суық болатыны белгілі. Осы күндері адал құстар ұя басады екен. Сондықтан бұл күнді қазақ «Қызыл жұмыртқа» деп атапты. Бұдан кейін 17-25 арасында атақты «Құралайдың суығы» өтеді.

Шілде Үркердің жерге кіруімен басталып, қырық күннен соң Үркер қайта көтеріліп, Сарша айында «Үркердің толғағы» атты жаңбырлы күн туады. Қыркүйек айында «Сүмбіленің суы» жүрмек. Сүмбіле жаңбыры өткен жердің көдесінің түбі көк, малға қыстай жақсы от болады. Сүмбіле туа су суыса, келесі айда Таразы туып, таң суыған.

Ақырап айын есепшілер болжам үшін қатты ұстанған. Ақырап айының тууы қазіргі қазан айының 14 жұлдызы – ақыраптың бірінші күніне сәйкес. Сол күні таңсәріден бастап жұлдызшы-есепшілер әр сағатты қатты бақылауға алған. Сағат сайын күні бұрын дайындалған күлді ұшырап көріп, желдің бағытын, жылдамдығын есепке алған. Сол сияқты сол тәуліктің қай сағатына күннің ерекше құбылысы, суытуы, не жылынуы, не жауын-шашын болуы қатты ескерілген екен. Бұл болжам алты күн бойы кезек-кезек күн-түнді күзеткен есепшілермен жүргізілген. Сол алты күнде алты айлық қыраулы қыстың қас-қабағын анықтаған. Үлкендерден бізге жеткен «Ақыраптың алты» күні осы екен.



Сұрақтар
  1. «Тобылғы жарған» суығының өтетін күндері

  2. Сәуірде күн суытып, жаңбырлатып өтетін кезең атауы

  3. «Қызыл жұмыртқа салқыны» атауының шығу себебі

  4. Жұлдызшылар болжам үшін ерекше көңіл бөлген ай

  5. Халықтың «Құс қанаты» күнін асыға күту себебі

  6. Жұлдызшылардың жел бағытын, жылдамдығын анықтау тәсілі

  7. Сәуірде болатын суықпен байланыстырылатын өсімдік

  8. Үркердің жерге кіруімен байланысты ай

Қате туралы хабарландыру